Оқыту тілі:қазақ тілі Қатысқан бала саны: 22 Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері Тақырыбы: «5 ке дейін санау»



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі20,65 Kb.
#92029
1   2   3   4
Байланысты:
ӘбдіқадірГүлзатӘбдіманапқызы тех карта
ӘбдіқадірГүлзатӘбдіманапқызы тех карта
Қолданылатын технологиялар: Триз технологиясы, Эбру технологиясы, Монтессори, Құм терапиясы,Луллия шеңбері, асық терапиясы, Мнемотехнология.
Көрнекі-құралдар: Слайд,ойын материалдары: мозайка, электронды тақта,үлестірмелер, Луллия шеңбері ,Суреттер
Билингвалды компонент: Бес-Пять

Оқу қызметінің кезеңдері



Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Сәлемдесу.
Кіріспе кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Амансың ба,алтын күн!
Амансың ба,көк аспан!
Амансыңдар ма, достарым!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Балалармен шаттық шеңберін өткізген соң ,
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің қай айы?
Бүгін аптаның қай күні?
-Балалар,бүгін бізде қарапайым математикадан ашық оқу қызметі. Сендер «Сандар әлеміне» саяхатқа шыққыларың келе ме? Ғажайып сәт: Кенет ғажайып әуен ойнап «Математика Ханшайымы» кіріп келеді.
Сәлеметсіңдер ме балалар?
Мен «математика» деп аталатын ғажайып елден келдім.
Мен сендерге босқа келген жоқпын, өзімнің ғажайып сандықшамды ала келдім. Бұл Сандықшаны «қазақ ертегілер әлеміне» сыйлайын деп едім, онда бару үшін жол таппай жүрмін. Сендер маған жол табуға көмектесесіңдер ме?
Онда біріншіден мына сандықшаны ашып алуымыз керек. Ол үшін асықтарда жазылған сандардың көмегімен сандарды ретімен бір сызықтың бойына орналастыру керек. Кім тізіп береді? (Сандар қатарымен тізу керек.)
Ал, енді осы сандарды тура және кері санап беру керек. Сонда мына сандықша ашылады.
Санау арқылы өткенді пысықтау. Беске дейін екі тілде санату.
Сандықша ашылып, ішінен түрлі түсті асықтар шығады.
- Ханшайым , сіз бізге мына асықтардың не үшін қажет екенін айта аласың ба?
Ханшайым: - Иә, Бұл асықтар әр түрлі түстермен боялып, әрбір түсте бір тапсырма жасырылған. Әр тапсырманы орындап болғанда «Қазақ ертегілер елінің» бір есігі ашылады.
Бірінші, Қызыл түсті асықтың тапсырмасы –Сандардың көршісін тап!
Сиқырлы бір есік ашылады.
Ал , екінші сары асықтың тапсырмасы- 1 - ден 5 - ке дейін санамақ айтып бер.
Балауса:
Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім,
Төзе білім өзім
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Жарайсыңдар балалар! Өздерің зерек екенсіңдер.
Енді, Үшінші көк асықтың тапсырмасы-геометриялық пішіндерді атап , сол пішінге сәйкес келетін затпен теңестір.
Осылайша Үш есік ашылып «Қазақ ертегілер» әлеміне жол ашылады.

Шаттық шеңберіне


тұрып бірге айтады.

Жауап береді.


Қуана келіседі.

Иә!

Сәлемдеседі.

Бірі шығып сандарды


реттік қатармен қояды.
Тура және кері санауды үйренеді.

Сандықшаға таңдана қарап, тапсырмаларды орындауға келіседі.


Балалар слайд арқылы сандардың көршісін атап, ретімен орналастырады.



  1. Ден 5-ке дейін санамақ айтып береді.

Геометриялық пішіндерді сәйкес келген заттың суретпен теңестіреді.

Ұйымдастырушылық-Ізденуші

Тәрбиеші :Балалар, бізге Ханшайым асықтарды берген еді, оны санап көрейік.
Қызыл асық +Сары асық+көк асық барлығы қанша асық болды? 1+1+1=3
Енді , осы 3 асыққа тағы 2 асықты қосса неше асық болады?
Санап көрелік. 3+2=5
5 асық болды.
Ендеше , бүгін біз 5 санымен таныса отырып 5 санына байланысты тақпақтар айтайық.
Мнемокестенің көмегімен тақпақ айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет