1.3 Физиканыоқыту әдістемесінің физика, философия, педагогика, психология ғылымдарымен байланысы. Педагогикалық жоғары оқу орындарында «Физиканы оқыту әдістемесі» курсын жан-жақты терең меңгеру студенттерден оны физика, философия, педагогика, психология ғылымдарымен тығыз байланысты түрде оқуды қажет етеді. Себебі, сол ғылымдарды меңгермейінше, мектепте физика сабақтарын мұғалімнің өткізе алуы мүмкін емес.
Оқушылардың дүниеге материалистік көзқарасы, олардың танымдық қарекеті, дара тұлғаның қалыптасуы философия курсымен байланысты түрде жүзеге асырылады. Оқу, тәрбие жұмыстарының тәсілдері мен формаларын жетілдіру педагогикалық принциптер мен заңдылықтарға, оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты жүргізіледі.
Физиканы оқыту әдістемесі — күн сайын, ай сайын ұдайы жедел дамып отырған ғылым. Өйткені, оның дамуына тез ықпал ететін қайнар бұлағы мол. Олар: физика мен философия, педагогика мен психология, т.б. ғылымдарының жетістіктері; мектепке арналған бағдарламалар мен тұжырымдамалар, оқулықтар мен оқу құралдары; үкіметтің мектеп туралы қаулы - қарарлары; әдістемелік журналдар, физика мұғалімдерінің қоғамдары мен қауымдастықтарының (ассоциацияларының), педагогтардың конференциялар мен симпозиумдар материалдары, озат физика мұғалімдерінің, жаңашыл педагогтардың, авторлық мектептердің іс-тәжірибесі, т.т. Физика пәні мұғалімі мұндай жадыхаттарды күн сайын үзбей қарап, үздіксіз оқып, танысып отыруы қажет. Сонда ғана ол өз мамандығын күнделікті жетілдіріп отырады, мектепте физиканы оқытуды заман талабы дәрежесінде жүргізуге мүмкіндік алады.
Физиканы оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен, әсіресе физикамен, психологиямен, педагогикамен тығыз байланысты екендігі туралы жоғарыда айтып өттік. Бұл ғылымдармен байланыстар физика курсының мазмұнында, білім берудің тәсілдерінде, әдістерінде және формаларында байқалады. Осылай, физиканың дамуының нәтижесінде физика курсына арнайы теориялар, бөлімлер еңгізілген.
Жаратылыстану ғылымдарының жүйесінде физиканың басты орын алатындығы оның терең философиялық және ғылыми техникалық мазмұнымен байланыстылығында.
1-кесте
Басқа ғылмдармен салыстыра талдап, «Физиканың оқыту әдістемесінің» де ғылым санатына жататындығына айғақты мысалдар