Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015



бет46/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

Физикалық олимпиадалар. Олимпиаданың өзгеше бір белгісі – жарыс рухы жұмыстың осы түрінде ең күштілерді айқындау болып саналады. Мектептің ең тандаулы физигі атану жолындағы күрес және аудандық, олбыстық, республикалық, тіпті халықаралық олимпиадалар дәрежесіне көтеріліп, соларға қатысуға мүмкіндік алу көптеген оқушылар үшін мектепте физикамен жүйелі түрде шұғылдануға жетекші болады. Республикалық олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларды физика бағыттарындағы жоғары оқу орындарына ұсыну тәжірибесі де белгілі роль атқарады. Дегенмен, олимпиаданың басты мақсаты – аса қабілетті және даярлығы күшті екі–үш оқушыны табу емес, мектеп оқушыларының басым көпшілігінің физикаға деген ықыласын арттыру. Сондықтан олимпиаданы әзірлеп, өткізу барысында «ең күштісі жеңіп шықсын» деген принципті ұстанумен бірге, көпке белгілі олимпиадалық принцип: «ең бастысы жеңіс емес, қатысу» деген принципті де басшылыққа алу қажет. Мектепте физикалық олимпиадаға дайындық екінші тоқсаннан-ақ басталады. Оқушылар үйде бірнеше есептер шығарады. Құрамына оқушылардың өкілдері де кіретін қазылар алқасы бұл жұмысты тексергеннен кейін, екінші айналымға кімдерді жіберу керектігі туралы мәселені шешеді. Екінші айналым наурыздың соңына таман өтеді. Мектептің физика зертханасында мұғалімдер мен жұртшылық өкілдерінің бақылауында оқушылар теориялық және эксперименттік есептер шығарады. Олимпиадада жеңіп шыққандарға мектеп сыйлықтары – кітаптар, мақтау грамоталары, т.б. беріледі. Аудандық және облыстық олимпиадада жеңіп шыққандар соңынан республикалық олимпиадаларға қатысады. Олимпиадаға дайындық та, оны өткізу де мектеп өміріндегі елеулі оқиға. Соған сәйкес оқу пәні ретінде физиканың маңызы да көтеріледі, оқушылардың қызығуы артады. Бұл өз кезегінде оқушылардың физикадан үлгерімі мен білімінің сапасын арттыруға ықпал жасайды.
Физикалық кештер. Физика кештері — физикадан көпшілік сыныптан тыс жұмыстың тартымды да пайдалы түрінің бірі. Жақсы ұйымдастырылып өткен кеш көбінесе оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырады да, олардың кейбіреулерінің физика мен техникаға шынайы еліктеуінің бастамасы болады.
Кештердің түрлері. VIIІ - X сыныптар үшін сыныптан тыс жұмыстардың тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер — «XXI ғасыр көш басшысы», Қызықты физика әлемінде», «Физика жылы», Такырыптық және юбилейлік даталарға арналған кештер болды. Қызықты физика кеші әсіресе VIІ—VIIІ сынып оқушылары үшін ерекше орын алады. Бұл түсінікті де: 13—14 жастағы мектеп оқушыларын олардың қиялын баурап әкететін ғажайып құбылыстар әуестендіреді. Алайда мұғалім кешті тек бір сарынды тақырыптармен ғана ұйымдастырмауы керек. Өйткені кештің негізгі принципі оның мазмұндылығында болуы керек, әйтпесе кеш тек сыңар жақ көріністермен ғана шектеліп, өзінің маңызын жоғалтуы мүмкін. Оқушылармен істелген жұмыс формасының әр түрлілігі — мықты физика кешінің табысты болуының қажетті шарты. Әр түрлі қызықты тәжірибелер, аттракциондар, викториналар т.б. өзге де жұмыс формалары оқушылардың қызығушылығын тудырады, мысалы, қысқа ғана қызықты физикалық әңгіме-жұмбақтар; физикалық қатесі бар әңгімелер (оны оқушылар табуы керек); кішігірім қызықты пьесалар; сұрақтармен берілген жұмбақтар. Егер залда отырған оқушылар тек көрермен болып қана қоймай, олар да кешке белсенді араласып отырса, онда жұмыстың мұндай формасы әдістемелік жағынан аса құнды болмақ. Бұл «жетілдіру енгізіңдер!» деген такырыппен өткізілетін сабақтан тыс формасының пайдасы аса зор. Мұнда оқушыларға қандай болмасын бір құрылғының, машинаның, құралдың немесе құрылыстың моделі, суреті не сүлбесі көрсетіледі. Оған сипаттама беріліп, бұл конструкцияның қандай да болмасын бір келіспеушілігі бары айтылады. Оның жайы түсіндіріледі де, оқушыларға осы құрылғыны жетілдіру тапсырылады. Кейде құрылғының моделі немесе сүлбесі демонстрациялау үстелінде жиналуы мүмкін. Бұл жағдайда оқушыларға енгізілген жетілдіруді демонстрациялап беру жүктеледі.
Қызықты физика кешінде орындалатын қызықты тәжірибелердің орны бөлек. Ол тәжірибелер мүмкіндігінше техникада және тұрмыста кең қолданылатын, сондай-ақ табиғатта жиі байқалатын құбылыстарды көрсететін болуы керек. Тәжірибемен көрсетілген құбылыстың тәжірибелік қолданылуы туралы қысқаша әңгімеленіп тұрса, кештің мазмұны арта түседі. VIІ сынып оқушылары үшін қызықты физика кешіне мысалдар келтірейік. Кештің мақсаты—«Атмосфералық қысым» мен «Архимед күші» деген тақырыптардың мазмұнын оқушылардың терең түсінуіне көмек ретінде, физикалық құбылыстар мен заңдар кейде күтпеген жағдайдың өзінде-ақ анықталып, демонстрациялана айтылып, күнделікті өмірдегі кездесетін физикалық құбылыстарды бақылау және әсерлі деген физикалық тәжірибелерді өз бетінше істеуге мүмкіндік беріп отыру арқылы олардың ынта-ықыласын арттыру.

Кештің жоспары.


1. Кешті жүргізушінің кіріспе сөзі (қатынасушыларды кештің программасымен таныстырады). 2. Атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызы және атмосфераның құрылысы туралы қысқаша әңгіме. 3. Атмосфералық қысыммен түсіндірілетін тәжірибелерді демонстрациялау: «графинге сиған жұмыртқа», «ауыр газет», «жазаланған әуесқойлық» 4. Ежелгі гректің көрнекті ғалымы Архимед туралы әңгіме. 5. «Денелердің жүзу шарты» деген тақырыпқа тәжірибелерді демонстрациялау. Мысалы, су бетіне қалқып шықпайтын парафин (алдымен шыны ыдыстың түбін жұқа парафин қабатымен жауып, оған парафинді жазық жағымен салады да, ыдысқа еппен су құйғанда кесек парафин қалқып шықпайды); ыстық ауамен толтырылған қолдан жасалған ауа шарының көтерілуі; суға батып бара жатқан адам не істеуі керек (суда жүзіп жүрген ағаш қуыршақтың қолдарын көтерсек, оның бату тереңдігі артады). 6. Сурет-жұмбақтар көрсету. Мысалы, суретте теңіз қабатының қимасы көрсетілген. Су ішінде теңіз түбіне жетпей «ілулі» тұрған корабль тұр. Сурет бойынша сұрақ: «Бұлай болуы мүмкін бе?» 7. Кешке белсене қатысқан оқушыларға жүлде тапсыру. Физика-техникалық кештерді қазіргі техниканың актуальды да қызықты мәселелеріне, техника тарихына, физика мен техниканың жеке салаларының даму келешегіне арнайды. Кеште 3— 4 оқушы қысқа баяндамалар жасайды. Баяндамалар жаксы көрнекіленуі керек. Көрнекі құралдардан баска техникалық құрылғылардың жұмыс істейтін моделі, қолдан жасалған құралдар, кинофильмдерден фрагменттер көрсетіледі. Мұндай кештерді физика немесе физика-техникалық үйірменің мүшелері дайындайды. Бұл кешті үйірме мүшелерінің өз жұмыстары туралы өзінше шығармашылық есебі деуге болады. Кештің түгел бір бөлігін үйірме жұмысының корытындысына арнауға болады. Мысал ретінде «Адам космосты игереді» тақырыбына арналған кештің жоспарын келтірейік.
1 - б ө л і м. Баяндамалар
1. Космос және оны игеру туралы адамзат арманы (космос деген не; адамдардың ерте кезден-ақ космосқа ұшуды армандауын көрсететін аңыздар мен ертегілер). 2. Космосты не үшін зерттеу керек (космос кеңістігін зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңызы). К. Э. Циолковский (өмірі мен қызметі).
3. Космос кеңістігін зерттеудің қазіргі физикалық әдістері; космос ракеталары, Жердің жасанды серіктері, космос корабльдері, планетааралық автоматтық станциялар (олардың қолданылуы мен мүмкіндіктері, құрылысын қарастырмай). 4. Біздің космос туралы ЖЖС ұшырылғанға дейінгі және қазіргі түсініктеріміз (температура, қысым, атмосфера құрамы, сәуле шығару).
5. Космонавтардың ұшуға дайындығы «Аспандағы ағайындылар» фильмінен фрагменттер көрсету және ракета модельдерін ұшыру.
2 - б ө л і м. Викторина
1. Алғаш ауада ұшушыларды атаңдар. 2. Қай ғалым ең бірінші рет, қандай мақсатпен және қашан ауа шарымен ұшты? 3. Стратостат деген не? 4. Жердің бірінші жасанды серігі қашан ұшырылды? 5. Бортында адамы бар космос кораблінің бірінші ұшуы қашан жүзеге асырылды?
Физикалық кештерді дайындау. Физикаға арналған кештің қандайы болмасын мұқият және ұзақ дайындауды керек етеді. Оған дайындауды кештен 2-3 ай бұрын бастау керек. Кешті дайындаушылар мен атқарушылардың бірінші ұйымдастыру жиналысында мұғалім кештің үлгі-жоспарын ұсынады. Жоспар талқыланып болғаннан кейін оған қатысатындарға тапсырмалар бөлініп беріледі. Кешке қатысушыларды бірнеше топқа бөледі: баяндамашылар; тәжірибе дайындауға жауапты оқушылар; хабарландыру жазып, газет, шығаруға жауаптылар; сахна мен залды жабдықтаушылар және т.б. Әр топтың дайындық жұмыстарының, сондай-ақ жеке тапсырмалардың орындалу мерзімі тағайындалады. Барлық дайындық жұмыстары бітіп, кешке бірнеше күн қалғанда, кештің әр бөлімін талдай отырып жалпы репетиция өткізіледі. Оны кеш өтетін орында өткізген дұрыс. Мұнда кешті өткізуші оқушылардың өздерінің қашан шығатын кезегін жақсы біліп, еркін және мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше әрекет етуіне, сахнадағы қимылдарының дәл және үйлесімді орындалуына, сондай-ақ жұмыстың бір түрінен екіншісіне өткенде үлкен үзіліс болмауына ерекше көңіл бөлу керек.
Кешке бірнеше күн қалғанда әдемілеп безендірілген хабарландыру мен кештің программасы ілінеді. Жақсы безендірілген хабарландыру оқушылардың зейінін аударады да, оларда қалай да кешке қатысам деген тілек пайда болады.
Негізгі әдебиеттер: [1,2,6,8,9]
Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,21,23,25,27]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет