Тақырып 9. Физиканы проблемалық оқыту және жаңа педагогикалық оқыту технологиялары
9.1. Программалық оқыту.
9.2. Компъютер қолданылатын – физикалық білім беруге арналған - оқыту, анықтамалық, модельдеу бағдарламалары.
9.3. Жаңа педагогикалық оқыту технологиялары.
9.1. Программалық оқыту.
Программалық (бағдарламалы) оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады. Бағдарламалы оқыту барысында оқытылатын адамның материалы мен қызметі өлшемдерге(дозаларға) және қадамдарға (оқыту кезеңдері) мүшеленеді; әр қадамды орындауы бақыланады, материалдың келесі өлшемін меңгеруге ауысуы өткенді игеру сапасына байланысты болады. Бағдарламалы оқыту Б.Ф. Скиннер, Н. Краудер, атамекен психологтары мен педагогтары - А.И. Берг, В.П. Беспалько, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин ЮА. Самарин, Т.А. Ильина құрастырған Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады.
Даму психологиясы — жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы. Даму:
1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды;
2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі
Проблемалық оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.
Проблемалық оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнынын тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.
Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалық жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалық оқыту технологиясы - бұл проблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалық жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық - проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.
Проблемалық жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |