Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІК ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ



бет466/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   679
БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІК ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ
Сотқарова Б.А. (Ақтөбе)

Жас ұрпаққа саналы білім мен ұлағатты тәрбие беру,өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау ісінің маңызы өте зор.Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушылармен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін көрсетуі мүмкін.


А.К. Марковтың пікірі бойынша «мұғалімнің зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі».
Білім беру жүйесінде педагогтың кәсіби құзырлылығының орны ерекше.Педагогтың құзырлылығы –жеке тұлғаның білімі мен тәжірбиесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін ұғым деуге болады.
Құзыреттілік ұғымының мағынасы өте кең.Себебі, оған таза біліктілікті сипаттайтын кәсіби біліммен және іскерлікпен қоса,әлеуметтік ортада жұмыс істеуге ынталылық, ынтымақтастық,коммуникативтік қабілет,оқу,бағалау және басқа іскерліктер жатады.
Осы іскерліктерді атай отырып, биология пәнінің мұғалімі ретінде осы пәнді оқытуда коммуникативтік құзыреттілік элементтерін қолдана отырып,оқушылардың биологиялық сауаттылықтарын қалыптастырып дамытуға болады.
Коммуникативтік әдіс –оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым –қатынасы арқылы жүзеге асатын іскерлік.Коммуникативтік оқыту әдісінің негізі ережелері:
1.Мұғалімді зейін қойып тыңдау.
2.Зейін қойып тыңдауын қадағалау.
3.«Бәрі түсінікті» сигналы арқылы толық түсінгенін қамтамасыз ету.
4. «БББ келеді» сигналы арқылы анықтау жұмыстарын жүргізу.
5.Қатемен жұмыс ,өзін - өзі түзету.
6.Бағалау парағы бойынша жетістіктерін бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет