Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар



бет655/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   651   652   653   654   655   656   657   658   ...   679
Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жүту, дене шынықтыру, ұйықтау , мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады.
Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата-ана өз баласының күн кестесін жақсы біліп, оның мезгілімен және дұрыс орындалуына жағдай тудырып және қадағалап отыруы керек. Күн кестесі дұрыс болмаса, баланың шаршауы, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, сабақ үлгерімі нашарлайды.
Үйдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрған нан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Осыған орай күн кестесінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы гигиеналық гимнастикаға 10-15 минөт уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан сон оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза ауада 1,5-2 сағат дем алады, ал 1-2 сынып оқушыларының 1 сағаттай ұйықтап алып, қалған уақытта ауада дем алғаны жөн.
Баланың еңбек қабілеті күніне 2 рет (8-12 сағ., 16-18 сағ.) жоғары болады. Сондықтан бұл мезгілдерді мектепте сабаҚ оқуына және үйде үй тапсырмаларын орындауға пайдалану керек. Таңертең оқитын оқушылар 16-18 сағат, түстен кейін оқитын оқушылар 8-12 сағат аралығында сабаққа дайындалғаны жөн. Гигиеналық талапқа сай үй тапсырмаларының мөлшері барлық пәннен де баланың жасына лайық жоспарланады. Сондықтан 1-ші сынып оқуіпылары сабақ дайындауға 1 сағат, ал 8-11 сынып оқушылары 3-4 сағат уақыт жұмсайды.
Сабақ дайындау барысында бастауыш сынып оқушылары әрбір 25-30 минөт сайын, жоғары сыныптағылар 45 минөт сайын үзіліс жасап, демалуы керек. Жоғарғы сыньш оқушылары 2 сағаттан кейін 20 минөт белсенді түрде дем алғаны дұрыс болады. Сол кезде баланың таңдауына, отбасының жағдайына сай үй шаруасына араласуына немесе қозғалысы мол ойын ойнауына болады. [5]
Оқушынын сабаққа дайындалатын жұмыс орын ы таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек. Бөлменің шаң тозаңын су шүберекпен сүртіп, терезенің шынысын мезгіл-мезгіл

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   651   652   653   654   655   656   657   658   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет