Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢАША БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ



бет105/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   679
ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢАША БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Жарменова Ұ. (Қызылорда)

Еліміз мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы-жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, салауатты, халқымыздың барлық дәстүріне де,әлем мәдениетіне де қанық ел тізгінін ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар қауымына сеніп тапсырылып отыр. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап-оның сапасын арттыру. Ал, берілген білім сапалы болуы үшін:


1.Мұғалім теоретик болып қана қоймай,ол баланың психологиялқ ерекшеліктерін жете білуі және бейімділік қабілетін анықтай білуі керек. Білім беру процесі тәрбиемен үнемі ұштастырыла жүргізілуі тиіс.
2.Білім беру процесінде баланың іскерлік қабілетін қалыптастыру үшін ата-анамен байланыс ұдайы жүргізіліп отыруы керек. Ата-анамен кездесу барысында баланың үйде қанша уақытын және қалай сабақ оқуға арнайтынын біліп отыру және ол жөнінде ата-анаман ашық пікірлесіп отыруы қажет.
3.Мұғалім өз пәнін қызықты етуі үшін түрлі әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруі және оларды тиімді қолдана білуі қажет.
Білім берудің мақсаты-жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда баланы оқыта отырып, оның еркіндігі мен белсенділігін қалыптастыра отырып, оның шығармашылық қабілетін аша білу-әрбір ұстаздың міндеті болып қала бермек. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін бүгінгі күн талабы-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру қажет.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын зерттеп,оқып-үйреніп,оларды меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
- оқыту мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми негізделуі,оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
- оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;
- оны үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру мүмкіндігінің болуы.
Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым: дүниетанымы кең, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма мынадай міндеттер қойдым:
- жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
- шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
- өз әрекеттеріне сыни тұрғыдан қарауға баулу.
Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады,яғни өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі,оқушылардың қабілеттерін,жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрациялық, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, шапшаңдыққа, икемділікке, тапқырлыққа баулу ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыруы тиіс.
Оқушы шығармашылығы үнемі сынып ұжымы,ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Мұғалімнің ең үлкен міндеті-шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы. Шығармашылықпен айналысуы үшін жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойласуы үшін мүмкіндік туғызу,өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату қажет. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндік әрекеттері арқылы арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болуы тиіс.
Оқушылардың пәнге қызығушылығы:
1. Жақсы ұйымдастырылғын сабаққа байланысты.Әр сабақ алдыңғы сабақты қайталамайтындай етіп ұйымдастырылуы керек,яғни әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отыру қажет.
2. Сабақта мәселелік жағдай туғызып отыруға да байланысты. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті нығайып,кез-келген мәселені шешуге үйренеді.
3. Сыныпта тек жақсы оқитын оқушылармен жұмыс істеп қана қоймай,барлық баланың дамуына қолайлы жағдай туғызып,қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуінің ойластырылуына да байланысты.
Оқушыны оқыта отырып,қабілетсіз оқушы болмайтынын,оқушылардың дара қасиеттерін аша білуге болатынын жаңашыл ұстаз түсінеді және өзінің жас ұрпақ бағбаны болатындығын сезінеді.
Жаңа әлем болашағын даярлайтын жаңашыл ұстаз атану үшін,әрбір мұғалім:
- өз білімін ұдайы, табандылықпен жетілдіріп отыруы;
- тапсырылған іске жоғары жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қарауы;
- өз мәдениетін жетілдіріп отыруы;
- педагогтік, психологиялық білімін жетілдірумен қатар,сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білуі керек.
Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан,ақпараттар ағыны көбейеді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін,ол баланың өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Жаңа әлемдегі әрбір мұғалімнің алдында білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан жақты даму үшін балаға мұғалім ғана көмектесе алады.
Физика-оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа ақпараттық технологияларды сабақ беру процесіне пайдалану қажет.
Сондай-ақ түрлі инновациялық технологияларды тиімді пайдалану да физика пәнін оқытуда өз жемісін бермек. Менің өзім оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын қалыптастыруда СТО элементтерін жиі пайдаланып жүрмін. Соның нәтижесінде жыл өткен сайын оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтары артып, пәнді таңдайтын оқушылар саны артып келеді. Бұрын қиын пән ретінде қарастырылып келген физика пәні оқушылар үшін қызықты бола түсуде, олардың белсенділігі артып,өз ойларын ашық айтатын, білуге құштар және техникалық мамандықтар жөнінде көбірек білгісі келетін жастар көбеюде. Бұл нәрсе мені қуантады, әрі маған үлкен міндеттер жүктейді.
Бұл технология оқушыны ең алдымен ұжымдық іс-әрекетке баулиды және өз беттерінше ізденуге кең жол ашады. Мысалы, «сиқырлы қалам» оқушыны тез жауап беруге үйретеді, яғни ой шапшаңдығын арттыруға көмектеседі. Сыныптағы барлық оқушының қамтылуына кеңінен жол ашады. «Сен-маған, мен-саған» әдісі оқушылардың алға ұмтылуына,топты ұятқа қалдырмауға күреске ұмтылдырады.
Жалпы СТО элементтері бұрыннан қалыптасқан оқыту процесін оқып үйренумен алмастырады. Сөйтіп оқушы ізденушіге, мұғалім бағыт берушіге айналып, оқушылардың жеке тұлға ретіндегі өзіндік іс-әрекеттері, өзіндік көзқарастары сабақ процесінде қалыптасып отырады. Оқушылардың сұрақ бере білуі және оған дер кезінде жауап бере білуі олардың ой белсенділіктерін қалыптастырады.
Оқулықпен жұмыс істей білу, бұл да оқушылардың есте сақтау, ой белсенділіктерін арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. «Түртіп алу» әдісінде оқушы белгіліден белгісізге қарай көше отырып, сол белгісізді өз бетінше табуға ұмтылады. Өз бетінше өз ойларымен жасалған еңбек оқушыны шыңдайды, есте сақтау қабілетін арттырады.
«Венн диаграммасын» қолдана отырып, оқушы бір нәрсені екінші нәрсемен салыстыруға, олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындай білуге дағдыланады. Мысалы, электромагниттік толқындарды механикалық толқындармен салыстырғанда, олардың ортақ қасиеті ретінде олардың энергия тасымалдауы алынса,ал ерекшеліктеріне, электромагниттік толқынның вакуумде де тарала алатыны және әлемдегі ең үлкен жылдамдықпен тарала алатыны айтылады.
«Бес жолдық өлеңді» қолдану бір нәрсе жайлы, қысқа да нақты ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Мысалы, электромагниттік толқын-
- көлденең;
- энергия тасымалдайды;
- зарядталған бөлшектердің үдемелі қозғалысы кезінде пайда болады;
- айнымалы электр және магнит өрістерінің кеңістікке таралуы.
Физикада формулаларды есте сақтауда сәйкестік кестесін қолданудың маңызы зор. Кестені толтыруда оқушылар, формулалардағы шамаларды олардың аттарымен сәйкестендіре отырып табуда формулаларды ұзақ есте сақтауға мүмкіндік алады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ең алдымен, интерактивті тақтаны қолдану тиімділігін атап өтер болсақ:
- мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың қызығушылығын тудырады;
- уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік береді: бір бетті жазып біткен соң келесі бетке көшуге және оны сақтап қойып, келесі сабақта қолдануға мүмкіндік бар.
- түрлі сызба жұмыстарын ондағы құралдарды тез алып,орындай қоюға болады.
Слайд-фильмдерді, буклеттерді, сабаққа арналған электрондық қосымшаны жасау-мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыратын шығармашылық процесс. Әрине, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдану арқылы сабаққа дайындық ізденіске, ақпаратты безендіруге және жүйелеуге көп уақытты талап етеді. Дегенмен, осы атқарылған еңбектер толық сабақтар циклдары түрінде жинақталады және мұғалімнің интеллектуалды байлығы ретінде оқушыларға беріледі.
Физика сабақтарында ақпараттық технологияны тәжірибеде қолданудың үш бағытын айқындауға болады.
1. Жаңа тақырыпты өту барысында.
Әсіресе, ешқандай жағдайда өткізуге мүмкін емес демонстрацияларды, оқушыларға кейбір процестерді, құбылыстарды, олардың өзара қатынастарын түсіндіретін модельдерді жобалауды айта кетуге болады. Мысалы, электр өрісі мен магнит өрісінің графикалық бейнеленуін көрсету.
2. Орындалған тапсырманың дұрыстығын тексеру.
Мысалы, игерілген білім мен дағдылар негізінде физикалық шамалардың бір-біріне тәуелділігін анықтау, сосын орындалған тапсырманы компьютер арқылы тексеру.
3. Оушылардың тарау бойынша алған білімдерін тест арқылы жүйелеу,нақтылау.
XXI ғасырда әлем “ашық ақпараттық» қоғамға айналып отыр. Болашақ білім ошағы-бұл «ақпараттық ғасыр» ордасы.Оның негізі-өз бетінше жетіле алуға қабілетті, жалпы және кәсіби мәдениетті меңгерген бәсекеге қабілетті маман. Жаңа ақпараттық технологиялар, мультимедиалық өнімдер-бұл оқытудың сапасын көтеруге жауапты, білімді жаңа шешімдер таба алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеудің бірден-бір жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет