ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет21/56
Дата25.12.2016
өлшемі27,72 Mb.
#5082
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56

Гомологический ряд

  • Гомологи имеют сходное строение


например СН2 = СН – СН3

СН2 = СН – СН3 – СН3



  • гомологи имеют сходные свойства.

  • Гомологи отличаются по количественному составу на одну или несколько метиленовых групп (СН2)


Пример Какие вещества являются гомологами:

1. СН3 – СН(СН3) – СООН 2. СН3 – СН2 – СН2 – СООН

3. СН3 – СН(СН3) – СН2 – СООН 4. СН3 – СН2 – СН2ОН

5. СН2 = СН – СООН

а) 1, 3, 4 б) 1, 2 г) 3, 4, 5 д) 1, 3 е) 2, 3

Правильный ответ - д, т.е. вещества 1 и 3, они имеют сходное строение, разветвленную структуру радикала, но отличаются по количественному составу.


Изомерия органических соединений


  • Изомеры имеют одну и ту же молекулярную формулу, т.е. одинаковый качественный и количественный состав

  • Изомеры имеют различное химическое строение (структурное или пространственное)

  • Изомеры имеют различные физико-химические свойства.

Пример Определите количество структурных изомеров углеводорода С5Н10.

а) Изомеры положения двойной связи

1. СН3 – СН2 – СН2 - СН = СН3 2. СН3 – СН2 – СН = СН – СН3

б) Строение изомеров углеродного скелета

3. СН3 – СН – СН = СН2 4. СН3 – СН2 – С = СН2

│ │


СН3 СН3

в) Структурные межклассовые изомеры

4. циклопентан 5. Метил-циклобутан

6. этил-циклопропан 7. 1, 1-диметил-циклопропан

8. 1, 2-диметилциклопропан

Число структурных изомеров восемь.

Межклассовая изомерия рассматривается, если в задании класс углеводородов не указан. Алкены изомерны циклоалканам.

Номенклатура органических соединений


В органической химии широко используются тривиальные названия, правила рациональной номенклатуры и международная, (систематическая) номенклатура ИЮПАК.

Одно соединение может иметь три названия, например соединение:

СН3 – СН(СН3) – СООН

т.н. – изомасляная кислота

р.н. – диметилуксусная кислота

ИЮПАК – 2 – метил пропановая кислота



Приложение №3

  • Алкильная группа – фрагмент, который остается после удаления атома водорода из молекулы алкана. В качестве общего символа для обозначения алкильной группы принята латинская буква R.

  • Алкены – ненасыщенные углеводороды, содержащие двойную связь и образующие гомологический ряд общей формулы Сn Н2n .

  • Гибридизация – математический прием, заключающийся в «смешении» атомных орбиталей и дающий возможность объяснить геометрию молекулы, обусловленную отталкиванием электронных пар валентной оболочки.

  • Индуктивный эффект – перераспределение электронной плотности внутри σ - связей, которое возникает вследствие разностивеличины электроотрицательности атомов участвующийх в этих связях.

Литература

  1. Новиков А.Н., Букалова Г.В, Модульная технология как средство повышения качества обучения в ВУЗе. - Журнал Проблемы высшей школы,. №2 2001.

  2. Юцявичене П.А. Теория и практика модульного обучения. - Каунас:1989.

  3. Иванов В. Г., Горленко В. А. «Органическая химия», М.: Academia, 2003.

  4. Ким А. М. «Органическая химия», Новосибирск, 2002.

  5. Перекалин В. В., Зонис С. А. «Органическая химия», М.: Просвещение, 1977.



МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Гапуова А. У. (Ақтөбе)
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен

еліктеудің маздап жанған оты.В.М. Сухомлинский
Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Бүгінгі күн балалардың ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстардан, фантастикалық шындық деңгейіндегі компьютерлік ойынға дейін ауысып отыр.

Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский: «Ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.



Дидактикалық ойын түрлері:

1)Заттық дидактикалық ойындар;

Бұл ойын әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.

3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:

Мысалы: “Егер, онда”, викториналық сұрақтар, математикалық жұмбақтар т.б.

Ойындардың ықтималдық стратегияларды зерттеудің математикалық әдісі ойындар теориясы деп аталады. Ойындар олар жөніндегі ақпараттың толықтығына байланысты толық ақпаратты және толық емес болып бөлінеді.Толық ақпаратты ойында әрбір қатысушы ойынның кез-келген сәтінде ойынға қатысушылырдың жағдайы жөнінде біледі.(мыс: шахмат ойыны) Толық емес ақпаратты ойында ойынға қатысушы басқа ойыншылардың қандай ресурстары бары жөнінде және олардың қандай стратегияны пайдаланатыны жөнінде ақпаратта болмайды.

Оқытудың ойын теориясын қолдануда 2 жақты дидактика байқалады:

1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.

2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.

Ал тақырып бойынша ойынға ғажайып алаң, брэйн-ринг, математикалық сайыс, көшбасшы, лото, математикалық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар жатады.

Сонымен қатар ұлттық ойындарын да математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады..

«Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жстар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған.Мен «ақсүйекті» 5-сыныпта теңдеу тақырыбын өткенде белгісіз айнымалының мәнін табу үшін, 8-сыныпта арифметикалық квадрат түбірдің мәнін табу үшін ойнаттым. Бұл үшін түбір таңбасы қойылған кез-келген карточканы таңдап алып, оның теріс санның квадрат түбірін табу керек.

«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білім сынасады.Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын.2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтфың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқанқай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды 5-сыныпта «бөлшектерді көбейту» тақырыбын өткенде пайдаландым.

«Бәйге» ойынының шартында ең жүйрік, сәйгүліктер жарысады. Ал мен «Бәйгені» «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты бағдарламаның негізінде9-сыныпта пайдаландым. «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері»тақырыбын өткенде тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдаландым. «Жорға» Мұны математикалық кеште «Ұлы математиктер» атты викториналық сұрақтар түрінде өткіздім.

Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.

Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Ал педагогтың бала ойынындағы рөліне келсек,педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы бола алады.

Қорыта айтқандадидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.

Көрнекті Нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді.

Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі»-дейді. Ал ұлттық құндылығымызда «Ойнамаған бала-ойламаған бала» деген бар. Міне, сондықтан білім мен білікке құрылған ойынның өзіндік орны бар.

Әдебиеттер

1. Хейзинга Иохан «Человек играющий» 2003 г.

2. Қазақтың ұлттық ойындары.

3. «Математика және физика» журналы 2011 ж.

4. Рудик Г. А. «Игры и их педагогическое значения» Москва.2010 г.

ҚАЗАҚСТАН ДЕМОГРАФИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Даужігітова А. (Қызылорда)
1937 жылғы Бүкілодақтық санақ Кеңес өкіметі басшыларының халық санының күрт өсуі туралы болжамын ақтамаған соң, Кеңес Одағы бойынша тұрғындардың демографиялық мәліметтеріне ресми тиым салынған жағдай басталды. Кеңестік идеология барлық ұлттардың теңдігі мен өзін өзі билеу (өз алдына мемлекет құрып, бөлініп шығуға дейін) құқығы ашық жарияланғанымен, көп республикалардағы жергілікті халықтың азайып кетуі, Сібір мен Қиыр Шығыстағы ондағы ұлттың жоғалып кетуі, 1918, 1921-1922, әсіресе 1931-1933 жж. ашаршылық себептерірін, екінші дүниежүзілік соғыстағы адам шығыны көлемін және т.с. Б.Сүлейменов, П.Г.Галузо және басқа белгілі тарихшылар революцияға дейінгі (1917 ж.) Қазақстан халқының саны мен құрамы және территориялық орналасуы жөнінде өз зерттеулерінде мәліметтер келтіріп жүрді [3].

Отан тарихының бұл саласы тек Тәуелсіздік жылдары ғана кең дамып, қалыптасты десек қателеспейміз.

1980 жж. Қазақстан тарихи демографиясы үшін бетбұрыс болды: Н.Е.Бекмаханованың екі көлемді монографиясы мен Н.В.Алексеенконың кітабы жарық көрді [4]. Бұл еңбектер Қазақстан халқының 1917 ж. революцияға дейінгі этнодемографиялық дамуы мен көші-қон үдерістеріне арналған еді.

Бірінші дәуіротарлық дәуір, ХVІІІ ғ. 30-жылдарынан бері 1917 ж. дейін; бұл Қазақстанның Ресейдің отары, қазақтардың этнодемографиялық дамуы отарлық-миграциялық (соның ішінде қоныстандыру) саясатының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның стихиялық, әскери, ұйымдасқан, өз бетінше және басқа түрлері іске асқан, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты кезінде өрістеген дәуір, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп дәуір. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзгерістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін, бұрын өз елінде үлесі едәуір (90%) болғанымен, ХХ ғ. екінші онжылдығы соңында, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған дәуір. Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Солтүстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этностар өкілдерінің көпшілікке айнала бастаған дәуір. Дегенмен Қазақстандағы этнодемографиялық даму көрсеткіштерін қазақ ұлтының өзі (этногендік негізде) анықтаған дәуір.

Екінші дәуір – 1917-1991 жж., яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың екі орыс революциясын, азамат соғысын, талай ашаршылықты (1918, 1921 және 1931-1933 жж.), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және т.б. келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған дәуір. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жж. – қазақтардың өз елінде 58,7%-дан, 28,9%-ға түскен кезеңі; 2-кезең – 1959-1991 жж. қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден аз болған кезең. Соның нәтижесінде қазақтар өз еліндегі этнодемографиялық көрсеткіштерін анықтап, белгілеуден айырылып қалған еді.

Үшінші дәуір – Тәуелсіздік дәуірі – 1991-2011 жж. қазақтардың өз елінде біртіндеп, көпшілікке айналған дәуір, бұл дәуірді екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – 1991-1999 жж. – қазақтардың үлесі Республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең – 1999-2011 жж. – қазақтардың өз Республикасында басым көпшілікке айнала бастаған кезеңі 53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен кезең). Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді.

Тәуелсіздік жағдайында Қазақтардың өз еліндегі этнодемографиялық даму бағыттарын және оның сан-қилы жақтары мен көрсеткіштерін өздері (этногендік негізде) анықтауға қайта қолы жетті.

3. Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің дәуірлері мен кезеңдері белгіленді, бұл процестердің елдегі этнодемографиялық дамуға әсері, әсіресе ұлттық құрам мен аймақтық орналасу ерекшеліктері зерттелді.

Бұл көші-қон процестерін жоғарыда көрсетілген үш дәуірге бөліп қарастырғанымыз жөн. Қазақстандағы зерттеушілер көші-қон тарихын осы үш дәуірге тікелей бөлгенімен, сол дәуірлердің ішіндегі кезеңдерді өздерінше әртүрлі көрсетіп келеді. Осы ғалымдардың бұл мәселе жөніндегі пікірлерін саралай келіп, солардың ішінде А.И. Құдайбергенова мен Ж.Ә. Құдайбергеновалардың тұжырымдарын негізінен қолдай келіп, Қазақстандағы көші-қон процестерін төмендегіше дәуірлер мен кезеңдерге бөлген жөн деп санаймыз [8].



І отарлық дәуір – ХVІІІ ғ. 30-жылдарынан 1917 ж. Бұл дәуір негізінде үш кезеңге бөлінеді: 1-кезең – ХVІІІ ғ. 30-жылдарынан 1888 ж. дейін – Ресейдің ішкі және басқа аймақтарынан келген көші-қон негізінде өз бетінше, ұйымдаспаған, стихиялы түрде болды; 2-кезең – 1889 ж. – 1905 жж.; көші-қон ресми, заң түрінде, ұйымдасқан жағдайда, негізінде шаруаларды қоныстандыру саясаты арқылы жүргізілді; 3-кезең – 1905-1917 жж. көші-қон Столыпин аграрлық реформасының ауқымында, шаруаларды қоныстандыру саясатының өрістеуі арқылы жүрді.

ІІ-дәуір – Кеңес заманы – 1917-1991 жж. Кеңес дәуірін 6-кезеңге бөлуге болады: 1-кезең – 1917-1926 жж. – сырттан келетін көші-қонның бәсеңдеген жылдары, 1916 ж. көтерілістен, 1918 және 1921-1922 жж. ашаршылықтан қазақтардың ауа көшіп, Ресейдің, басқа шетелдердің (Қытай, Ауғанстан және т.б.) әртүрлі аймақтарына барып, бас сауғалаған кез; 2-кезең – 1926-1939 жж. – көші-қонның сырттан келген толқындары қайта өрістеген, соның ішінде басқа аймақтардағы «сенімсіз халықтар» өкілдерін күштеп депортациялаудың бастала бастаған, ал қазақтардың бай-кулактарды тәркілеуден, 1931-1933жж жатпай ашаршылықтан, 1930-жж саяси қуғын-сүргіннен қырылып, ауа көшкен кез; 3-кезең – 1939-1945 жж. – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары – Қазақстанға көптеген халықтардың тұтас депортацияланған, соғыс жақын аймақтар азаматтары эвакуацияланған, Қазақстаннан 2 млн-дай адам Отан қорғауға және тылдағы ауыр жұмысқа шақырылған кез; 4-кезең – 1946-1959 жж. – көші-қонның әртүрлі бағытта, ішкі және сыртқы түрлері кеңінен жүріп, шарықтаған жылдары. Бұл халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту үшін, әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру, одақтық маңызы бар күрделі өндірістік-территориялық комплекстерді қалыптастыру үшін сырттан жұмысшы күшін көптеп әкелу, сонымен бірге депортацияланған халықтар мен эвакуациямен келгендердің өз тарихи отандарына қайтқан кез; 5-кезең – 1959-1970жж. – сырттан келетін көші-қон бәсеңдеген, соңында біртіндеп, теріс айырымға (келгендерден кеткендердің көп болуына) әкелген жылдар; 6-кезең – 1970-1996 жж. – сыртқы көші-қонның теріс айырма берген, Қазақстан халқының саны мен құрамына әсері әлсіреген кез.

ІІІ дәуір – Тәуелсіздік дәуірі - 1991 – осы күнге дейін, бұл дәуірді қазірдің өзінде екі кезеңге бөлген жөн: 1-кезең – 1991-2003 жж. – шығыс славян, неміс және басқа этностар өкілдерінің өздерінің тарих отандарына қайтқан, шетелдердегі қандастарымыздың оралуы басталған, дегенмен көші-қонның теріс нәтиже-айырма (сальдо) берген жылдары; 2-кезең-2004 жылдан басталып, осы күндерге де жалғасып жата беретін кезең, теріс айырма (сальдо) оңға айналған жылдар.

4. Қазақстандағы жоғарыда көрсетілген дәуірлері мен кезеңдеріндегі көші-қоны үдерістерінің нәтижелері мен салдары, елдегі этнодемографиялық дамуға әсерлері мен кері ықпалы зерттеліп, нақтылана түсті [9].

5. Тарихи демография саласындағы зерттеулердің келесі бір іргелі нәтижесі – ХІХ ғ. аяғыннан бастап ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығына дейінгі Қазақстан халқының, оның басты-басты этностарының, ең бастысы қазақтардың, онан кейін орыс, украин, белорус, неміс, татар, ұйғыр, дүнген және т.б. жалпы саны мен құрамы,территориялық орналасуы (қала-село-аймақтар-облыстар) жан-жақты зерттелді десек қателесе қоймаспыз. Бұл мәселенің Қазақстан халқының этнодемографиялық даму барысы мен ерекшеліктерін анықтау үшін маңызы зор екенін айтпасақ та белгілі 1926, 1937, 1939, 1959 жылдардағы және онан кейінгі (1970, 1979, 1989), қала берді тәуелсіздік дәуіріндегі екі ұлттық халық санақтары бойынша, бұл мәселелер жөнінде нақты және ресми мәліметтер жеткілікті-ақ.

Тарихи демография мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесі туралы қысқаша шолудан едәуір жұмыс істелгенін байқауға болады. Дегенмен алдымызда Қазақстан халқы туралы әлі де, өзекті де мәселелер зерттеуді қажет екені де белгілі. Олардың негізгілері:

- Тәуелсіздік жағдайында Республика халқының этнодемографиялық даму ерекшеліктері;

- Тәуелсіздік кезіндегі көші-қон үдерістері, оның нәтижелері мен этнодемографиялық дамуға әсері оралмандар проблемасы;

- Еңбек ресурстары, жұмыссыздар мен өзбетінше жұмыс істейтін қызметкерлер саны мен құрамы, әлеуметтік жағдайы және т.б.,

- Қазақстан республикасы халқының жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасуы, оның негізгі топтары мен топтарының сипаттамасы мен жағдайы және т.б.

- ұрбандану процесінің қазіргі кездегі ерекшеліктері; қалалар тарихы әлі зерттеле қоймаған, Оңтүстік Қазақстан қалалары жөнінде бір докторлық диссертация, кішігірім қалалар, Алматы агломерациясы, Түркістан қаласы жөнінде бірнеше кандидаттық диссертациялар ғана бар [16]; қалалар халқы жөнінде жан-жақты зерттеулер жүргізу керек.

- Қазіргі ауыл халқының саны мен құрамы, жағдайы, әсіресе ауыл жастарының мұң-мұқтажы мен күрделеніп қалған мәселелері;

- Қазақстан халқының, әсіресе қазақтар мен басқа этнос өкілдерінің табиғи өсімі, ондағы келеңсіз жағдайлар мен әлеуметтік қорғаныс жолдарын анықтау;

- Қазақстан халқының білім деңгейінің көтерілуі, әсіресе қазақтардың бұл мәселедегі басқа, әсіресе европалық этнос өкілдерінен кейін қалуын жеңу жолдары және т.б.

- Университеттер мен педагогикалық институттарда Қазақстан тарихи демографиясынан арнайы курстар енгізу;

- Қазақстан тарихи демографиясы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, жариялау;

- Ежелгі дәуірден осы күнге дейінгі уақытты қамтыған Қазақстан тарихи демографиясының энциклопедиясын даярлап, жарыққа шығару.

Әдебиеттер


  1. «Жас Алаш» 2013ж.

  2. «Қазақстан тарихы «әдістемелік журнал 2013ж №3.

  3. Нығымет Н. Хазірет «Үш қиян» 2011ж.



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Дюсекенова Ж. Р. (Ақтөбе)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» жолдауында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты.

Тәрбиенің екінші сыңары – білім. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады.

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды. Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.

Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады. Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?

1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.

2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.

3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады. Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады). Сонымен қатар, деңгейлеп саралап оқытуға тоқталып өтсем, әдетте сабақты жақсы оқитын, жалпы әзірлігі жеткілікті, ізденімпаз оқушылар әр сыныптың 30-40% құрайды, олар тапсырманы жүйе-жүйесімен дәйекті түрде белгіленген уақыт ішінде орындап шығады, ал үлгерімі орташа немесе төмен оқушылар қосымша тапсырмаларды ысырып қойып, әуелі негізгі элементтерді орындайды да, оларды әбден меңгерген соң барып, қосымша тапсырмаларға қайта айналып соғады. Оқушылар тапсырманың негізгі бөлігін белгіленген уақытта, яғни 15-17 минутта орындап шығуы үшін мен тапсырманың саны мен күрделілігін мұқият іріктеп аламын. Сабақ кезінде интерактивті тақтамен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру, оқытудың әр деңгейлі әдісін қолдануға жағдай жасайды. Бұл әдіс тапсырманың мазмұны мен күрделілік дәрежесін өзгерту арқылы оқушылардың материалды игеру қарқынының мүмкіндіктерін ескере отырып, оларға әр түрлі көмек көрсетуге жол ашады.

Осы мақсатпен Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланамыз.

Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.

1.Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.

2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3.Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

4.Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезеңде әр мұғалім үшін көмек болатын «ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ)» деп айта аламын.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген. Ақпараттық технологияның жедел қарқынмен дамуына байланысты түрлерінің қызметі де өзгеруде. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты әлемдік ақпараттық кеңістікке ену. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін интернет желісіне қосылу және пайдалану қажет. Қазір компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларына, оның ішінде білім беру салаларына да енді. Бұған дәлел 1997 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі: компьютер техникасымен қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған Мемлекеттiк бағдарламасының басым бағыттарының бірі - бiлiм беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгiзу болып табылады.

Мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015- 50%; 2020 -90%) • Интернет желісіне қосылу көзделіп отыр.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. АКТ оқыту мақсаты:

•бағдарламалау дағдыларын дамыту;

• мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибе қосымшаларды пайдалануға үйрету;

• желіден, СВ-КОМ-нан ақпарат іздеуге үйрету, т.б.;

•желі көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтың түрлі елдер іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын үшінші Халықаралық Қазақтан мен ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру форумы өтті. «Қашықтан оқыту- үздіксіз білім формасы: тәжірибе және даму болашағы» оқытуға арналған бағдарламалық құралдар жасау әдіснамалық атты ғылыми секциялар жұмыс жасап, тұңғыш рет білім берудің барлық деңгейлеріне арналған екіжүзден аса электрондық басылымдар ұсынылды. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі –электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есіндежақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі «E-learning» электронды оқытуды да айта кету керек. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы.

3. Қабдиева С. //Бастауыш мектеп – 2004 - №2 – 21б. 4. Қазанғапова Л. //Бастауыш мектеп – 2001 - №2 – 9б. 5. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 - №2 – 14-19 б. 6. Тоқаев Қ. //Қазақстан мұғалімі – 2000 – 19 қаңтар 1-3б.

4. Битуова Т. //Мектеп – 2006 - №10 – 1б

ДАРЫНДЫ БАЛА БОЙЫНДАҒЫ АСЫЛ ҚАСИЕТ- ЗЕРТТЕУ ӘДЕБІ
Егенбердіқызы М. (Қызылорда)
Зерттеу- дарынды балаларды оқытудың негізі. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Соларыдң ішінде ең тиімдісі- оқушылардың зерттеу қоғамын құрып, оларды ғылыми жобалар байқауына тарту кең таралып келеді.

Зерттеуші оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.

Оқушының зерттеу іс әрекеті процесіндегі әдебі оның тұлғалық қасиеттеріне айналады.

Тұлғаның қасиеттері, оның әдебі жалпы алғанда қоғамдық қатынастар, жалпы адамзаттық құндылықтар ретінде қарастырылады.сонымен қатар әр адам өзін қоршаған ортасымен қарым қатынасы түрліше болуына байланысты оның әдебі де түрлі формада байқалады.адам әдебінің формалары әлеуметтік қатынастармен және тәрбиеге сәйкес жинақталады. Зерттеушілік әдебінің А.И.Савенков күрделі психикалық құбылыс екенін ата көрсете отырып, оған нақты анықтама берілмейді дейді. Ол өз еңбектерінің бірінде былайша түсіндіреді:зерттеушілік әдебі ақпараттар іздестіру, белгісізден белгіліге қарай бағытталған әрекет етінде қарастырылады. «зерттеушілік әдебін ізденушілік белсенділігінде психикалық талабының негізі бар нысанды танып білуге бағытталған әрекет, ал зерттеуге оқыту зерттеушілік әдебі негізінде құрылған оқыту түрі» деп түсіндіреді.

Зерттеушілік әдебі негізінде ізденушілік белсенділігі, оқушының қоршаған ортасын зерттеуге деген талабы жатыр. зерттеушілік әдебінің басында оның ішкі биологиялық психикалық табиғи алабы тұрады. Бұл талаптың негізінде И.П.Павлов анықтаған бағдарлы зерттеушілік рефлекс жатыр. Рефлекс адамға да, жануарға да тән қоршаған ортасына психикалық реакциясын сипаттайтын талап. Зерттеушілік әдебі «кез келген тіршілік иесінің өмір сүру белсенділігінің байқалуы ретінде» қарастырылады.ол дамыту қызметін атқарады.

Адамның зерттеушілік әдебі шығармашылықта байқалады.Шығармашылық зерттеушілік әдебінің басты сипатын білдіреді. Зерттеушілік шығармашылық ізденіс адамға екі жақты көзқараста:біріншісі қандай да бір жаңа өнім алу жағынан, екіншісі ізденіс процесінің мәні жағынан маңызды. Адам тек шығармашылығының нәтижесінен ғана емес,сонымен қатар шығармашылық, зерттеушілік процестің өзінен ләззат алуға қабілетті. Психологтар зерттеушілік әдебін тұлғаның кез келген жағдаятта қауқарсыздығына әкеп соғады. Сонымен бірге оқушының жүзеге асырмаған зерттеушілік белсенділігі оның өзіне деген сенімін төмендетеді, ақырында өзінің мүмкіндігін қолдана алмайтын жағдайға душар етеді.



Әдебиеттер

  1. Н. Ержанов оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін ашу. «Мектеп технологиясы» №7, 2003ж 36 бет

  2. «Бастауыш мектеп» №2. 2006 ж

  3. «Қазақстан мектебі» 2006ж №12





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет