Мақсаты:
Көпшілік алдында «сөз сөйлеу» қажеттілігі жоқ ашық пікірталас жүргізу арқылы визуалды, кинестетикалық және тыңдау аспектілерін дамытудағы тиімді әдістердің бірі. Талқылауға арналған маңызды тақырыптың болғаны жақсы.
Ұйымдастыру:
Әр оқушыға стикерлер, жүріп-тұруға арналған орын қажет.
Жаттығудың сипаттамасы: Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін/эмоцияларын білдіре алады.
Return to contents
Айналмалы бекеттер
Мақсаты:
Бұл әдіс оқушылардың өзгелердің идеясына сүйеніп, проблеманы немесе мәселені толығымен қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап етеді.
Ұйымдастыру:
Бөлмеге индикаторлары, түрлі-түсті қағаз және қаламдар бар бірқатар бекеттер қою керек (немесе әр топқа әр түсті қалам беріңіз, осылайша кім қандай үлес қосқанын көре аласыз).
Жұмыс алгоритмі: Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 10 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.
(Ақпарат көзі http://drscavanaugh.org/discussion/inclass/discussion_formats.htm)
Мазмұнға оралу