Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 45 сағат


Тақырып: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу. Дәрістің мазмұны



бет44/116
Дата05.02.2022
өлшемі2,88 Mb.
#14421
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   116
Тақырып: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу.
Дәрістің мазмұны:

  1. Оқу-тәрбие мекемелері.

  2. Педагогикалық теориялар және оларды білім, тәрбие беру тәжірибесінде жүзеге асыру.

XIX ғасырдың аяғында Ресейде реакция өріс алды. Ағарту министрлігі бар күшімен ағарту ісіндегі 60 жылдары қол жеткен прогресшілдік бағыттарды былай қойғанда, тіптен либералшыл шегіністерді де жойды. 60 – жылдарда жүргізілген мектеп ережелері 1871 жылдан бастап қайта қаралды да, жаңа мектеп уставтары қабылданды. Уставта балалардың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын және жалпы мәдениетін кеңітетін оқу пәндерінің рөлі кемітілді, сословиелік ерекшелік күшейді, гимназиялар мен төменгі бастауыш мектептердің бір – бірімен білім мазмұны жағынан байланысы жойылды, діни оқу мейлінше өріс алды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ресейде маркстік педагогиканың негізі қалана бастады. В.И.Ленин тәрбие мен білім беру саласындағы пролетариаттың талабын белгілеп берді. XIX ғасырдың соңында Ресей білім беру саласында Европаның дамыған елдерінен кейін қалды.
Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы. Білім беру творчестволық процесс – адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезекпе – кезек жалғасып отыратын тарихи процесс.
Революцияшыл – демократтар білімді меңгеру және оқудың жолдары жөнінен де құнды пікірлер айтты. Олар оқу мен білім алу деген тек қана білім деректерін меңгеру еместігін ескертті. Білім алу, оқу – білу, тану жүйесі мен әдістерін меңгеру.
Орыс педагогикасының негізін салушылар – Белинский мен Герцен педагогика жөнінен бай мұра қалдырды. Олар патшалық Ресейдің қоғам өміріндегі бүкіл крепостнойлық тәртібіне, соның ішінде тәрбие жүйесіне түгелдей қарсы болды. Сол кездегі тәрбие мен оқытудың ескірген жүйесін бүтіндей өзгерту жолында жүргізген олардың күрестері жалпы крепостнойлық қоғамдық құрылысты жою жөніндегі күрестерімен байланысып жатты.
Белинский мен Герцен өз заманындағы және онан кейінгі орыс қоғамының педагогикалық ойынының дамуына күшті әсер етті. Добролюбовь пен Чернышевскийдің, Пирогов пен Ушинскийдің педагогикалық теориялары Белинский мен Герценнің идеяларынан нәр алды.
Белинский мен Герценнің педагогикалық идеялары алдыңғы қатарлы орыс оқытушыларын патшалық мектеп пен оның тәрбие жүйесіне қарсы күреске жұмылдырды.
XIX ғасырдың 60 – жылдарындағы педагогикалық қозғалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектеп пен ерте мамандандыруға күрес, жалпы білім беру үшін, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін күрес, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау мен жағалауға қарсы күрес, баланың жеке басын сыйлау, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету, жоғары мектеп автономиясы – міне, осылар XIX ғасырдың 60- жылдарындағы орыстың прогресшіл педагогикасының көтерген негізгі мәселелері болды.
Белгілі дәрежеде революцияшыл–демократиялық бағыттан буржуазиялық – либералшыл педагогикалық бағыттың айырмашылығы бар. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі Н.И.Пирогов, В.Я.Стоюнин, И.А.Кордо т.б.
Крепостниктік тәрбиеге қарсы шығып, мектеп реформаларын талап ете отырып , ''адам тәрбиесі'' үшін, балаға адамгершілік тұрғысынан қарау туралы пікір айтумен қатар, бұл бағыттың өкілдері өздерінің педагогикалық көзқарастарында либералдарға тән екі жүзділік көрсетті. Олар патша үкіметінің қанағаттандырарлықтай дәрежеде мектеп реформаларын жүргізуге толық мүмкіншілігі келеді деп түсінді. Әйелдерге білім беруді жақтай отырып, бірақ олардың тең праволылығына қарсы шықты. Халық мектептерін көбірек ашуды ұсына отырып, жалпыға бірдей оқыту мәселесін ескермеді. Ескі оқуға қарсы шыға отырып, балаларға адамгершілікпен қарауды жақтай отырып, ол ұрып – соғу арқылы жазалауды жоққа шығарған жоқ, оны белгілі дәрежеде шектеу керектігін айтты.
Тәрбиенің мақсатын буржуазияшыл – либералдық бағыттың педагогтары мәдени және адамгершілік жағынан дамыған адамды дайындау екендігін түсіндіріп берді, бірақ та олар мұндай сапалар деп нені түсінетінін нақтылы ашып берген жоқ. Революцияшыл – демократиялық бағыттың өкілдері ұсынған тәрбиенің мақсаттары мен идеялық саяси принциптеріне либерал – педагогтар көп жағдайларда сенімсіз қарады. Олардың көзқарастарына қарсы болды. Бұл екі бағыттың арасында аралық жағдайды ұстаған, бірақ буржуазиялық – либералшыл бағытқа біршама жақын көзқарастағы педагогтарға буржуазиялық – демократияшыл бағыттың өкілдері жатады. Бұл бағыттың өкілдерінің қатарына К.Д.Ушинский және оның жолын ұстаушы педагогтарды (В.И.Водовозов, Н.Ф.Бунаков т.б.) атауға болады.
Олардың буржуазиялық – либералшыл бағыттан айырмашылығы сол, бұлар орыс халқының орасан зор творчестволық күшіне сене білді, педагогика мен тәрбиеде халықтық идеяны жақтады, шетел мектеп жүйесін қабылдауға және шетел педагогикасына бас июге қарсы шықты. 60- жылдардағы қозғалыстың алғашқы басталған кезінде үкіметтің мектептер туралы жаңа ережелерді қабылдауы – орыс жұртшылығының жаңа мектептер ұйымдастырудағы және оқу – тәрбие жұмысының әдістерін жақсартуға бағытталған шаралары еді.
XIX ғасырдың 60 – жылдарындағы қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың әсерімен бұл жылдары бірнеше педагогикалық журналдар пайда болды. Олар тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін қызу талқылап отырды.
Ондай журналдардың қатарына: ‘’Журнал для воспитания’’ ( 1857 жылы пайда болды, 1860 жылдан бастап ‘’Воспитание’’ деген атпен шықты) “Русский педагогический вестник”, ‘’Учитель’’ (ол 1860 жылдан 1970 жылға дейін шығып, халық мектептеріне мәселелеріне арналып отырылды.) ‘’Педагогический сборник’’ журналы, ‘’Ясная поляна’’ (мұны 1861-1862 жылдары Л.Н.Толстой шығарып тұрды. Яснополяна мектептерінің тәжірибесін көрсетіп, еркін тәрбие идеясын насихаттады.) журналдары шықты.
Тәрбие және оқыту мәселелері әдеби және саяси журналдарда да орын алды. ‘’Современник’’ – революцияшыл – демократиялық бағыттағы журнал. Онда Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтың тәрбие және білім беру мәселелері туралы бірнеше мақалалары басылып тұрды.
60 – жылдардың бас кезінде кейбір арнаулы журналдар жалпы мекемелеріне арналып отырылды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Россиядағы саяси, экономикалық және мәдени өрлеудің нәтижесінде елде қоғамдық – педагогикалық қозғалыс өріс алған болатын. Бұл қозғалыста ағарту мен педагогика мәселелері жөнінен ең алдыңғы қатарлы идеялық бағытты ұстаған – орыстың революцияшыл – демократиялық педагогикасының негізін қалаушылар Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов еді. Бұлар ең алдымен патша үкіметі мектептерінің оқу-тәрбие ісіне терең талдау жасап, оның кемшіліктеріне сынауды принципті және саяси мәселе дәрежесіне көтере білді.
Революцияшыл – демократиялық педагогиканың өкілдері өз топшауларында Ресейдегі ағарту ісінің даму бағытын ойластыра келе, халық ағарту проблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі халық революциясына тәуелді екендігі дәлелдеді.
Сонымен қатар революцияшыл – демократтар тәрбие алдына әлеуметтік мәнді міндеттер мен мақсаттар қойды.
Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов сол дәуірдегі орыс педагогикасының дамуында ең өмірлік те, өзекті де болған мәселе – халық ағарту ісінің қайта құрылуы революцияға байланысты екендігін және тәрбиенің революцияшыл - демократиялық мақсаттары жөніндегі мәселелерді жаңаша қарастырып, жаңаша шешті.
Н.Г.Чернышевский тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін де революцияшыл-демократтық тұрғыдан шешті. Оның ойынша, тәрбиенің мақсаты – қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын, ‘’азаматтық істерге’’ араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу.
Тәрбиенің осы мақсаттары арқылы тәрбиеленетін жаңа адамдардың аса маңызды қасиеттерінің бірі – отанға және өз халқына деген сүйіспеншілік деп есептеді.
Чернышевский оқу мен тәрбиедегі негізгі жауапкершілік мұғалімге жүктеледі деп есептеді, сондықтан мұғалімнің педагогикалық қызметі мен қоғамдық орнына ерекше мән берді.
Ұлы ойшыл, педагог Н.А.Добролюбовтың түсіндіруінше, алдымен білім немесе ақыл – ой тәрбиесін береді. Сондықтан ол да жалпы білім беретін мектепті жақтаған. Бұл мектеп жаңа дидактика мен әдістерге сүйене істеуге тиіс деп есептеді.
Қорыта келе, осы айтылғандардан көретініміз, сол кездегі Ресейдің ұлы ойшылдары, көрнекті педагогтары оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, балаларға арналған кітап тілінің түсінікті жазылуына мән берді. Сонымен қатар балалардың талап – тілектерімен санасып, оларды өз бетінше әрекет етуге дағдыландыруды талап етті. Тәртіп, адамгершілік, ақыл – ой тәрбиесі және оқыту әдістеріне көбірек тоқталып, өздерінің кейінгі ұрпаққа мол мұра, үлкен еңбектерін қалдырды.
14 дәріс

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет