№ 11 дәріс Тақырып: Х-ХІІ ғасырдағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру.
Дәрістің мазмұны: Ағарту ісінің дамуының бастау алуы.
Ресейде христиандықты қабылдау және мектептердің дами бастауы. Шіркеулік-діни педагогика.
Баланың жанұядағы тәрбиесі.
Оқытудың типтері.
Шығыс славяндарда алғашқы тапсыз рулық қоғам кезінде де және кейінгі дәуірлер детәрбие мәселесіне үлкен көңіл бөлінді.Балаларды егін егуге, аң аулауға, қолөнеріне, қолдарына қару ұстай білуге, әскери өнерге үйретті. Мұның бәрі еңбек әрекетінің арқасында іске асырылды.
Қатаң табиғатпен күресте күшті, шебер еңбекші, жақсы аңшы, егінші, сонымен бірге, өз мекенін жаудан қорғай алатын батыл әскер керек болды.
Балаларды тәрбиелеуде мақал-мәтелдер, ертегілер, батырлар жыры,өлең шын мәнісінде тәрбие құралы болды.Бұлардың педагогикалық мәнін ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский өте жоғары бағалады.
Халық даналылығынан туған жоғарыда айтылған шығармаларда адамның қандай болу керектігі,яғни моральдық тәрбиенің міндеті суреттілді. Кісіге қамқор болу,көмектесуге даяр тұру, шыншылдық, әділдік, еңбекті сүю, табандылық, кіші пейіл болу, үлкенді сыйлау, ерлік-осы қасиеттердің тәрбиеленуі жайында айтылды. Орыстың халық ертегілерінің негізгі кейіпкері-Иванда осы қасиеттер дәріптелді. Батырлар жырларында да осы қасиеттер туралы сөз болды. Мысалы Илья Муромец еңбекші халықтың, жетім-жесірлердің қорғаны, өз халқының патриоты, орыс жерін қорғаушы ер.
Халықтың жазба әдебиеті пайда болғанға дейін ауыз әдебиеті жастарды тәрбиелеуде үлкен роль атқарды. Ауыз әдебиеті жазба әдебиетпен қатар одан кейінгі дәуірлерде де зор роль атқаруда.
Тарихи деректерге қарағанда 8 ғасырда Шығыс славяндардың ана тілінде жазуы болған.Олардың ішінде латын,грек тілдерін білуші адамдар кездеседі. 988 жылы Киев русінің христиан дінін қабылдауы грек алфавиті негізінде жасалған Кирилл мен Мефодийдің әліппесінің орыс жеріне тарауына әсер етті. Әліппеде славян тілінің ерекшеліктері ескерілген еді.
Орыс тіліне жақын ескі болгар тілінде,кейін ескі славян тілінде қолдан көшірілген кітаптар тарай бастады. Христиан дінімен бірге Киев Русінің жеріне Византия мәдениеті де тарады.
Орыс жеріндегі алғашқы дін иелері гректер болды,кейін шіркеу және монастыры жанынан дін иелерін даярлайтын мектептер ашыла бастады. Византиядан орыс жеріне келген қызметкерлерінің славяндар болуы немесе славян тілін білетін гректер болуы хат таныту ісінің тез дамуына әсер етті.Батыс Европа елдерінде 17 ғасырға дейін жазу жергілікті халықтарға түсініксіз латын тілінде болды,өйткені оларға христиан діні Римнен тарады. Ал орыс жерінде жазу славян тілінде болды,бұл жағдай сауат ашу ісінің тездеуіне әсерін тигізді.
Монастырьларда дін қызметкерлерін даярлаумен қатар, кітаптар көшірілді,осының негізінде алғашқы кітапханалар пайда болды.
Шежіре деректеріне қарағанда 988жылы Киев князы Владимир шіркеу салып, дін иелері мен үстем таптың балаларын оқытады.1028жылы Новгородта князь Ярослав староста мен поптардың 300 баласын оқуға жинайды. Галицкий князы Ярослав Осмомысл 13 ғасырда училище ашып, монастырьларда баларды оқытуды міндеттейді.
11 ғасырда Киевке әйелдер монастырында әйелдер училищесі ашылып, 300 қыз бала оқуға,жазуға, ән айтуға,іс тігуге үйретілді.
13 ғасырда Сузьдалда княгина Ефросина әйелдер училищесін ашады.
Киев мемлекеті 11-13 ғасырларда мәдениетінің дамуы жағынан Европа елдері алдыңғы қатарлы болды. Орыс князьдарының көбі білімді адамдар еді.
Шежірелерде князь Ярославтың білімді адам болғаны туралы айтылады. Ол грек тілінен орыс тіліне кітап аударып,орыс жерінде алғашқы кітапхана ашқан.
Князь Святослав Ярославович Черниговский өте білімді адам болған. 11ғасырда жазылған философиялық,тарихи моральдық тақырыптардың жинағы «Святослав жинағы» жоғарыда айтылған князьдың есімімен байланысты.
Князь Владимир Монамахтың әкесі Всеволад Ярославович бес шетел тілін білген. Князь Ярославтың қызы Анна орыс және латын тілдерінде оқи және жаза алған. Ал оның күйеуі француз королы сауатсыз болған.
Дін иелерінің ішінде де білімді адамдар көп болған. «Игорь полкі туралы жырдың» авторы ақын Боян да-өте білімді адам.
Киев мемлекетінде қолөнер күшті дамыды, қару-жарақ жасау, оны әшекейлеу, батырлар сауытын жасау, темірден,шыныдан әшекей заттар, ыдыс жасау өнері кең дамыды. Қолөнерінің және сауданың дамуы халықтың сауатының дамуына, ел арасына кітаптың тарауына әсер етті. Шежірелерде Киев жерінде кітаптың өте қадірленгені туралы жазылған. Жоғарыда аталған «Святослав жинағында» кітап оқу жөнінде мақала берілген. Онда кітапты асықпай, қайталап оқу керектігі, балаларды кішкене күнінен кітапты қадірлеуге үйрету туралы пайдалы кеңестер бар.
11-12 ғасырда Киев мемлекетінде қолдан жазған бірнеше діни-моральдық мақалалар жинағы пайда болды. Олардың ішінде педагогикалық мақалалар да кездесті. Мысалы, «Святослав жинағы» кітабында грек патшасының балаларына өсиеті берілді. 11 ғасырдағы «Владимир Монамахтың балаларына өсиеті» - алғашқы педагогикалық ескерткіш еді. Онда мемлекет қайраткері Монамах балаларына қалай өмір сүру туралы кеңес берді. Балаларынан Отанын сүюді, Отанын жаулардан қорғауды, еңбекшіл,батыр болуды талап етті.Адамгершілік, қамқорлық, ерлік қасиеттердің болуын қажет деп санады. Үлкенді сыйлау, жетім-жесірлерге қамқор болу керектігін көрсетті. Монамах балаларынан білімді игеруді, оқуды талап етті.
№ 12 дәріс