Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 45 сағат


Тақырып: Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы Дәрістің мазмұны



бет45/116
Дата05.02.2022
өлшемі2,88 Mb.
#14421
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   116
Тақырып: Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы
Дәрістің мазмұны:

  1. С.Т.Шацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары.

  2. Халық ағарту комиссариатының алғашқы тәжірибе мектептері.

С.Т.Шацкий (1876-1934) көрнекті кеңес педагогы. Ұстаздық қызметін 1905жылы бастап Москваның жұмысшылар тұратын аймағында "Сетлемент" қоғамын құрды. Оның міндеті еңбекшілердің балалары арасында тәрбиелік, білімдік жұмыстар жүргізу еді. Бұл клубта балалар ән айтып, би биледі, қолөнерімен айналысты, сурет салды, кітаптар оқыды. Физика мен химиядан өте күрделі емес тәжірибелер жүргізді. Мерекелерде театрларға, мұражайларға барды. Балабақша, мектеп, жұмысшы жастарға арналған политехникалық курстар, қыздарға арналған тігін шеберханалары ұста цехы жұмыс істеді. Балалар бір іс істеуге өздері бірікті, әр топта жалпы жиналыс өткізіп, жауапты адамдар белгіленді. Алуан түрлі қызықты ақыл-ой жұмысы, көркемөнер балаларға және ата-аналарға жақсы әсер етті.
1909 ж. "Балалар еңбегі және демалыс" деген қоғам ашты Москвадан жүз шақырым жерде "Сергек өмір" деген балаларға арналған еңбек колониясы ашылды. Оған әр жаз сайын Москва клубтарының 60-80 баласы келіп жұмыс істеді. 1915 ж. жазылған "Сергек өмір" деген кітабында тәрбиеде ең бастысы балалардың өмірін дене еңбегі, ойын, өнер ақыл ой және әлеуметтік даму арқылы өзара әрекет жасау негізінде ұйымдастыру керек деп жазды.
Шацкий тәрбиені баланың өмірін ұйымдастыру деп білді. Еңбектің бала ұжымына керектігін сезген оқушы ғана оны аткара алады, еңбегі өмірмен, қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыру, білімді меңгеру мен жұмыс істеу қатар жүру керектігі туралы идеялары әлі өз маңызын жойған жоқ.
Павел Петрович Блонский (1884-1941). Оны көбіне кеңес Песталоций деп атайды. Себебі ол 20-жылдардағы педагогтардың менталитетіне үлкен ықпал етті. Ол негізгі педагогикалық идеяларды тұжырымдады. Оқыту мен тәрбиені баланы дамытатын заңдылықтарға сүйініп жүргізу, баланың жеке тұлғасын құрметтеу, оның қызығушылықтарын және қажеттіліктерін ескеру, баланы әр жакты дамыту (ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік, еңбек) Блонскийдің зерттеу жұмыстарының басты бағыттары. Ол екі негізгі приципке негізделді: дамыту идеясы және баланы тұтастай зерттеу. Ол бала өмірінің толық бейнесін беруге тырысты. "Педология" (1936) оқулығында Блонский әртүрлі жас кезеңдерінде баланың денесі мен психологиясында болатын өзгерістерді сипаттап, оларды ескеріле жүргізетін тәрбие және оқыту жұмыстары туралы жазды.
Еңбек тәрбиесінің және политехникалық білімнің мақсаты жеткіншектердің еңбекке дұрыс көзқарасын, еңбек ету дағдысын қалыптастыру деп санады.
Ол тәрбиені қоғамдық құбылыс деп қарады. П.П. Блонский білім алу үшін белсенділік керек дей келе, оқушыларды оқуға қызықтырып өздік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін және өздігін дамыту туралы пікірлер айтты. Блонский "зерттеу әдістері", "өмірге қоятын міндеттерді шешу әдістері" сияқты оқытуда қолданылатын белсенді әдістерді қолдады. Сезім әлемін зерттеп, оны адам іс-әрекетінің іргетасы деп қарады.
2. Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру төңкерістің алғашқы күнінен басталды. 1917 жылдың 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.
Халық ағарту комиссары А.В.Луначартский жұртшылыққа, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттеріне сипаттама берді: жалпыға міндетті бастауыш білім алу, мектептің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діннен бөлек болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.
Халық ағарту ісінің ескі жүйесі таратыла бастады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі «Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже» қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару Халық ағарту мемлекеттік комиссиясына, ал жергілікті жерлерде уездік, губерниялық және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне жүктелді. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табыллады. 1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қармағына беру туралы декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қармағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді.
1918 жылы 20 қаңтарда Халық Комиссарлары Кеңесінің «Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы» декрет қабылданды. Онда шіркеуде мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлу жарияланды. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланып, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамны кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркіндігі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлкеттік және қоғамдық сонымен қатар жеке меншік оқу орындарында діни қағидаларды оқуға тиым салынды.
1 Бүкілресейлік халық ағарту съезінде (25 тамыз- 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектеп жүйесі мақұлданды: 1 саты- 5 жыл және 2 саты- 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес өкіметінің осы декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер-буржуазиялар, помещниктер, буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді. 1918 жыл бойы Халық ағарту ісі туралы мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің, П.Н.Лепешинскийдің, Н.К.Крупскаяның жетекшілігімен «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» және «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер» жасауда қызу жұмыс жүргізді.
«Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» педагогикалық жұртшылықтың арасында «Бірыңғай еңбек мектебі туралы» атымен белгілі. Ол кеңес педагогикасының жаңа саяси-идеялық және ғылыми-педагогикалық қағидаларын жариялады.
Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәрбиенің жалпы мақсаты тұжырымдалды. Бұқара халықтың қызығуымен дүниеге келген жаңа қоғамның қажеттілігін бейнелей келе, кеңестік педагогика буржуазиялық педагогикалық теорияның дарашылдық, ұлтшылдық, саяси және басқа да қағидаларына адамзаттың алдыңғы қатарлы ойының ұлы идеяларын қарсы қойды: гуманизм, ұжымшылдық, интернационализм, демократизм, жеке тұлғаны жанжақты дамытудың қажетті алғышарттары және шарты ретінде оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру.
Тәрбие және білім беру мәселелері қызу талқыланды. Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» атты декларацияда анық та айқын көрініс тапты. Декларация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды.
Кеңестік педагогика өнерді баланың танымдық қабілеттерін дамытудың, рухани бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеал мен дүниеге эстетикалық қатынастардың ең күшті құралы ретінде бағалады. Кеңес педагогикасын дамытуда П.П.Блонский ерекше орын алады. Ол «Педагогика» және «Педагогика негіздері» оқулықтарын жазды.
Кеңестік дидактиканың негіздерін талдауда Н.Н.Крупскаяның еңбегі ерекше. Ол тек қана педагогиканың бұл саласында жалпы мәселелерді қарастырып қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеменің мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол жаратылыстануды оқытуға ерекше мән берді, ғылыми-жаратылыстану пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарастарын қалыптастыруда ерекше рөл атқаратындығын атап көрсетті.
15 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет