Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 45 сағат


Тақырып: 1980-1990 жылдардағы кеңес мектебі мен педагогикасы



бет47/116
Дата05.02.2022
өлшемі2,88 Mb.
#14421
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116
Тақырып: 1980-1990 жылдардағы кеңес мектебі мен педагогикасы.
Дәрістің мазмұны:

  1. Жалпы білім беретін және кәсіби білім реформасының негізгі бағыттары

  2. Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері

1. 80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесі және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшеленді. Партия "Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттарын" (1984) дайындады. Бүл құжатта жастарды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасалынды, қазіргі жағдайда оларды өмірге және еңбекке даярлау, бірыңғай, еңбек, политехникалық мектеп туралы идея одан әрі дамыды, білім беру саласындағы партияның стратегиялық бағыты белгіленді.
70-80-жылдары мектептің жағдайы күрт төмендеді, дағдарыс пен тоқыраудың белгілері байқала бастады. Ондай жағдайда оқушылардың сабаққа деген қызығуы болмады, балалардың тәртібі мен қойылатын талап түсіп кетті, отбасының тәрбиелік жауапкершілігі әлсіреді, мектеп еңбектен қол үзді, тәрбие жүмысындағы формализм, процент қуушылық, бағдарламалардың ғылыми негізделмегендігі, шамадан тыс ауырлығы, ескі әдістер мен тәсілдер кеңінен орын алды.
Реформаның эволюциялық сипаты қайта құрудың революциялық мәнімен қайшы келді. Реформа мектептің әлеуметтік сұранысын орындаудың экстенсивтік түріне бағытталды. Осындай жағдайдан келіп, мүғалімдер, ғалымдар, ата-аналар, журналистер баспа бетінде өздерінің революциялық ұсыныстары мен мектепті қайта өзгертудің қажеттігін және жобаларын ұсына бастады. Әсіресе, баспасөз бетінде М.М.Постниковтың1 және Ю.П Азаровтың жобалары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар "Учительская газетаның" бетінде білім беру жүйесін қайта құру туралы әртүрлі мақалалар жариялаңды.
М.Постников кеңес мектебінің "құрылымын" түбірінен қатты сынға ала отырып", оның бұқаралық сипаты және еңбекке бағытталғандығы ескірген элитарлық-гимназиялық қағидасымен "пәндерді оқыту немесе ғылым негіздерін" оқытумен ұштаспайды деп көрсетті. Ол орта мектепте ғылымдардың негіздерін оқытуға қарсы болды, ғылым негіздерін оқытудың орнына жобаның авторы мектеп баланы өмірге дайындауы қажет дейді. М.Постников жобасының кемшілігі балаларды күнделікті өмірге даярлау қажеттігі туралы утилитарлық-тәжірибелік, прагматикалық түсінігінде жатыр. Бүл жобаның басты кемшілігі: орта мектепте ғылым негіздерін оқытуды жоққа шығаруы.
Ал екінші жобаның, Ю.Азаровтың ұсынған жобасының мәні М.Постников сияқты пәңдік оқытуда ғылым негіздерін оқытуға қарсы болды. Ол "пәндік оқытуды" кешенді бағдарламамен өзгерту қажеттігін күн тәртібіне қойды. "Мәселен, оқу, жазу, ауызша сөйлеу бір пәнге білікті — тіл өнері". Ол оқу орындарында негізінен гуманитарлық және эстетикалық пәндер циклін оқытуға ерекше мән берді.
Бүл кезеңде мектептердің оқу жоспарына реформаға байланысты бірнеше жаңа пәндер енгізілді: "Кеңес мемлекеті мен құқының негіздері", "отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы", "Информатика және есептеу техникасы", "Қоршаған ортамен танысу", "Өндіріс негіздері. Мамандық таңдау" кейінгі жылдары оқу жоспарларынан алынып тасталды.
Реформаның негізінде мектептерде оқу-өндірістік комбинаттары кеңінен ұйымдаса бастады. Сол кезде мектептерде ұйымдасқан оқу-өңдірістік комбинатгар (УПК) материалдық игіліктерді өндіруден алшақ болды, оның орнына оқушылардың өндірістік оқуына баса көңіл бөлді. Кейін өмірдің өзі оның дәрменсіздігін көрсетті.
1980 ж. тоқырау жылдары деп аталса, бұл кезеңде, яғни 1970-жылдардың аяғы мен 1980-жылдардың бас кезінде мектептерде және жоғары оқу орындарында Л.И.Брежневтің "Тың", "Өрлеу", "Кіші жер" еңбектерін міңдетгі түрде оқып-үйрету іске асты. Брежнев қайтыс болғаннан кейін, 1984 жылы, мектеп реформасы жүргізілді, реформа өзінің ойланылмаған ұйымдастырушылық қадамдарымен білім беру саласында тек тоқырауды қиындата түсті.
"Тоқырау" М.Горбачевтің "қайта құруымен" ауысты. Сонымен, жүргізілген қайта құрудың нәтижесінде еліміздің саяси және экономикалық жүйесі шайқалды, ұлтаралық қанды қақтығыстар мен СССР-дің құлауына алып келді.
1980 ж. аяғында жалпы сенімсіздік жағдайында демократияға, жариялыққа, рухани және экономикалық өрлеуге, білімге ұмтылыс кенеттен түсіп кетті. Мәселен, 1989 жылы мектеп бітірушілердің тек қана 10 пайызы оқуға қызығушылық білдірді, оны әлеуметтік құндылықтардың тізімінде тек орта тұсында атады.
Сөз жоқ, бүкілресейлік білім беру жүйесін қамтыған өзгерістердің жағымды жақтары да болды. Білім беру жүйесіне мемлекеттік монополияның жойылуынан кейін жаңа тұрпатты мектептер мен оқу орындары пайда бола бастады. Мемлекеттік оқу орындарымен қатар ақылы білім беру жүйелері, жаңа тұрпатты оқу орындары, гимназиялар, лицейлер, колледждер, атаулы мектептер, авторлық мектептер пайда болды.
2. 1980-1990 ж. аралығында жалпы білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Міндетті оқытудың мерзімі қысқарды: бастауыш мектеп және толық орта мектептің арасында аралық саты қалыптасты, мемлекеттік емес (жекеменшік) оқу орындары пайда болды.
Жекеменшік оқу орындары ақылы оқытылды, кейбіреулері өте қымбат тұрды. 1994—95 оқу жылында Ресейде шамамен 450 мемлекеттік емес бастауыш және орта мектеп болды. Онда 40 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алды, бүкіл оқушылардың шамамен 0,1 пайызын құрайды.
Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрды:
1-саты — бастауыш мектеп (3-4 жыл); 2-сатысы — негізгі жалпы білім беру мектебі (5-6 жыл); 3-сатысы — толық орта мектеп (8-12 жыл). Мемлекеттік және муниципалды мекемелердің барлық үш сатысында жалпы ұлттық білім беру стандарттарының шеңберінде азаматтарға оқытудың жалпыға бірдейлігі мен тегіндігі қамтамасыз етілген.
Пәндерді тереңдетіп оқыту мектептерінде (лицейлер, гимназиялар және т.б.) конкурстық негізде қабылданды. Негізгі мектепте оқыту стандарт бағдарламасын және тандау бағдарламасын қамтиды. Ол міндетті жалпы кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының бірнеше түрін қамтиды: кәсіптік-техникалық училищелер (1-2 жыл), техникумдар (2 жылдан 4 жылға дейін), техникалық лицейлер (1-2 жыл) және техникалық колледждер (2-ден 4-ке дейін). Кәсіптік мектептердің оқу-жоспарлары мен бағдарламалары жалпы білім беретін және арнаулы болып бөлінеді.
Жоғары білім беру жүйесіне университеттер, академиялар және институттар кіреді. 1987 жылы басталған реформа жоғары мектепте одан әрі жалғасты. Реформаның жетекші идеясы жоғары білім беру жүйесін демократияландыру болып табылады, оқу үрдісін ұйымдастыруды өзгерту және оқу орындарын басқару, жоғары білім берудің мазмүнын деидеологизациялау.
Жоғары оқу орындарының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты олардың өмірі елеулі өзгерді. Көптеген жоғары оқу орындары ақылы жұмыспен айналысты. Жоғары мектепте тегін білім алумен қатар ақылы оқыту кең өріс алды. 1980 ж. аяғына дейін Ресей әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің ішіңде жекеменшік жоғары оқу орыңдары болмаған бірден-бір ел болды. 1980-1990 ж. Ресейде мемлекетгік емес (ақылы) жоғары оқу орындары пайда бола бастады. Ресейде мүғалімдердің мәртебесін арттыру үшін арнаулы шаралар алынды, мәселен, "Жыл мүғалімі" аймақтық, ұлттық сайыстар өткізілді. Жалпыресейлік сайыстың жеңімпазы атағы белгіленді.
Ресей ғалымдары идеалдық мүғалімнің және оны даярлаудың моделін талдады. Мүғалім даярлаудың тамаша моделін белгілі ғалым В.А.Сластенин ұсынды. Ол модель негізінен мұғалімнің түтас жеке тұлғасын қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Модель бойынша қазіргі мұғалім экономикалық білімнің бастамасын, ұйымдастыру және тәрбие жүмысының ептіліктерін, компьютерлік сауатылықты, жоғары мәдениетті, шет тілін жақсы білуі, ынталы және жауапкершілікті адам болуы, әруақытта білімін байытып және жаңартып отыруы, жаңалыққа қабілетті болуы қажет. 1990 ж. арнаулы тәрбие стратегиясында өзгерістер іске асты. Мектептің алдына қойылған мақсат — қоғамның рухани жаңаруына жағдай жасау және көмектесу. Авторитарлық тәрбиеден бас тартып, мектеп оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеруге ерекше мән берді. 1980 жылдардың аяғына дейін коммунистік, таптық тәрбие идеясы насихатталды. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін тәрбиеде ерекше өзгерістер болды. Моноидеологиялық коммунистік тәрбие келмеске кетті. Тәрбиенің жаңа парадигмасы идеялық төзімділікті қарастырды.
Көп мәдениеттік тәрбие интернационалдық социалистік тәрбиеге баламалы түрде ұсынылды, әр ұлт өз мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дамытуға мүмкіншілік алды. Даралап оқытудың ең негізгі бағыттарының бірі дарынды, талантты балалар мен жас жеткіншектерді оқыту болып табылады. Ресей ғалымы В.Юркевич дарындылықтың үш типін бөліп көрсетті: академиялық (оқуға анық байқалған қабілеттілік), интеллектуалдық (ойлауға ептілігі), шығармашьшық (дәстүрлі емес ойлай білу). Көп мәдениетті тәрбиенің ауқымы ұлғая түсті. 90-жылдардан бастап, орыс емес ұлт мектептерінде міндетті компонент ретінде көпұлтты Ресейде әр ұлттың тілінің, тарихының және мәдениетінің бағдарламасы енгізілді.
1990 жылдары жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларында тәрбиенің негізгі бағыттары қарастырылды: берік адамгершілік қағидаларды, жалпы алынған рухани құндылықтар негізінде қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байлығын меңгеру, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің арасында қарым-қатынасты қалыптастыру.
Діни тәрбие идеяларына да көзқарас өзгерді. Мектепте дінді оқытуға тиым салуды дінге қарсы ескі тәрбиені сақтау деген ұғым тумаса керек. Дінде негізгі қаланған адамзаттық идеалды ескеру ұсынылды. Имандылық тәрбиесіне қарай бетбұрыс байқалды.
Азаматтық тәрбие міндеттері де жаңаша шешілді. 80-жылдары жаңашыл мұғалімдер Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, Т.И.Гончарова және т.б. оқытуды жетілдіруде және оны ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеуде, әдістемелік белсеңді ізденістері педгогика ғылымын дамытудағы алатын орны ерекше болды. Мәселен, бастауыш мектепте оздыра оқьпудың әдістемесін Л.Н.Лысенкова ұсынды. Бүл әдістемеге сәйкес балалар үшін қиын тақырыптар бағдарламадағы сағатта жоспарланған уақытынан бұрын өткізілді, әрбір сабақта аз мөлшерде болса да болашаққа дайындық іске асып отырды. Софья Николаевна Лысенкова Москва қаласының 587 мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі, оның оздырта оқыту туралы іс-тәжірибесі "Қашан жеңіл оқылады?" атты еңбегінде баяңдалады.
Жаңашыл-мұғалімдердің ішінде Донецкінің мұғалімі Виктор Феодорович Шаталовтың есімін ерекше атауға болады, оның азаматтық кәсіби қажырлығы білім берудің өткір және өзекті мәселелерін шешудің кілтін табуға талпыныс жасауы болып табылады. Бұл мәселелерге оқушылардың жүктемесінің ауырлығын жою, оқуға олардың қызығуын, белсенділігін және дербестігін тәрбиелеу В.П.Шаталовтың "Қайда және қалай үштіктер жойылды?" кітабінің баспадан шығуына байланысты еңбекке кіріспе сөзінде белгілі психолог ғалым В.ВДавыдов былай деп жазды: "Оқу- тәрбие үрдісін жетіддіруге бағытталған педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктерінің қатарында В.П.Шаталовтың есімі де зерттеуге және зерделеуге лайықты".
В.П.Шаталовтың еңбектерімен қатар "Педагогака" баспасы басқа да жаңашыл-педагогтардың еңбектері мен іс-тәжірибелерін мұғалімдер жұртшылығына ұсыңды. Олардың ішінде іс-тәжірибелері мен әдістемелік ізденістері жинақталған және жан-жақты талдау жасалған. Москва облысының Реутово қаласының нөмірі 2 мектебінің мүғалімі И.П.Волковтың іс-тәжірибесінің негізінде "Шығармашылыққа үйретеміз" кітабы, Ленинград қаласының нөмірі 516 мектебінің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильиннің іс-тәжірбиесі "Қарым-қатынас өнері" еңбегінде және Ленинградтың нөмірі 536 мектебінің тарих пәні мұғалімі П.Н.Гончарованың іс-тәжірибесі "Тарих сабағы - өмір сабағы" атты еңбегінде жинақталған.
Мәселен, жаңашыл мұғалім, әрі көрнекті психолог ғалым Ш.А.Амонашвилидің пікірінше, алты жасар балалармен жұмыстың мазмұны мен қағидаларының жағдайы мектеп тәжірибесінде ғылыми негізделген және тексерілген. Алтыжасарлармен жүмыста оқудың әлеуметтік жағымды түрткілерін қалыптастыруға, олардың жан-жақты дамуына көмектеседі.
Москваның бастауыш сынып мұғалімі, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім С.Н.Лысенкова бастауыш мектеп оқушыларының оқуын басқарудың тиімді жүйесін талдады, оздыра оқытудың ғылыми-негізделген жүйесін үсынды.
Москваның Реутово қаласының нөмірі 2 мектебінің сызу және сурет пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының каңдидаты, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мүғалім И.П.Волков бастауыш мектеп оқушыларымен шығармашылық сабақтарын өткізеді. Оқу материалының мазмұны және оқыту үрдісін құру, оның сабақтарында балалардың нышаңдары мен қабілеттіліктерін дамытуға және анықтауға мүмкіншілік береді.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі бірден-бір өте күрделі педагогикалық міндеттерді тиімді шешуге, яғни, әрбір оқушыны күнделікті қиын ақыл-ой еңбегіне үйретуге, танымдық дербестікке көмектеседі.
Ленинфадтық әдебиетші Е.Н.Ильин оқушылардың рухани дамуын жетіддіруге жол таба білді, әдебиет сабағын өзін-өзі және өмірді тану, адамгершілік сабағына айналдырды.
Дәрігер және педагог А.А.Дубровский тәрбиені және ауру балаларды емдеуді біртұтас мақсатты үрдіске біріктіруге мүмкіншілік беретін емдеу педагогикасын жасау туралы айтты.
17 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет