Тұлғалық бағдарлы технологиялар дегеніміз педагогикалық ситуацияларда нәтижеге жеткізуде қажет құралмен қамтамасыз ететін, тұлғаны дамытуға бағытталған іс-әрекеттер, операциялар мен шаралардың реттелген жиынтығы.
Тұлғалық бағдарлы технологиялар түрлері:
ізгіліктік-тұлғалық технологиялар – ізгіліктік мәнге ие, тұлғаға психотерапевтикалық қолдауц көрсету, көмек беру. Идеясы – баланы жан-жақты құрметтеу, жақсы көру, оның шығармашылығына сену.
ынтымақтастық технологиясы демократизмді, педагог пен баланың субъект-субъектілі қарым-қатынасындағы теңдік, жолдастық.
еркін тәрбиелеу технологиясы. Балаға таңдау және өз бетімен жұмыстану еркіндігін беру.
эзотериялық технология – «ұғынылмайтын» санаасты, эзотериялық білім жайындағы ілімге негізделген – шындық және оған апаратын жолдар. Педагогикалық үрдіс – бұл шындықты айту емес, оған ену, жақындау.
Оқытудың тәсілі, әдісі, құралы бойынша: догматикалық, репродуктивті, түсіндірмелі-иллюстративті, бағдарламалы оқыту, проблемді оқыту, дамыта оқыту, өзін-өзі дамыта оқу диалогтық, коммуникативтік, ойын, шығармашылық және т.б.
Оқушылардың категориясы бойынша:
көпшілік (дәстүрлі) мектеп технологиясы, орташа оқушыға есептелген;
алдыңғы деңгейлі технологиялар (пәндерді тереңдетіп, оқыту, гимназиялық, лицейлік, арнайы білім беру және т.б.;
орнын толтыра оқыту технологиясы (педагогикалық түзету, педагогикалық қолдау және т.б.);
түрлі виктимологиялық (сурдо-, орто-, тифло-, олигрофренопедагогика);
мектеп аясында ерекше балалармен (қиын балалар, дарынды балалар) жұмыс жасау технологиясы.
Дәстүрлі жүйені модернизациялау бағыты бойынша:
Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру және демократияландыру негізгі педагогикалық технологиялар – іс-әрекетке бағытталу, тұлғалық қарым-қатынастардың басымдылығы, жекелеу тұрғысы, демократиялық басқару, мазмұнның айқын ізгіліктік сипаты тән. Олар: ынтымақтастық педагогикасы, Ш.А.Амонашвилидің ізгіліктік-тұлғалық технологиясы, адамды қалыптастырушы пән-әдебиетті оқыту жүйесі (Е.Н.Ильинаның) және т.б.
Оқушылардың іс-әрекеттерін белсендендіру және интенсификациялау (жеделдету) негізіндегі педагогикалық технологиялар: ойын техөнологиялары, проблемді оқыту, В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары конспектісі негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассовтың коммуникативті оқыту технологиясы.
Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық технологиялар: бағдарламалы оқыту, саралап оқыту, жекелеп оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, компьютерлік (ақпараттық) оқыту технологиялары.
Оқу материалын әдістемелік және дидактикалық қайта құру негізіндегі педагогикалық технологиялар: дидактикалық бірліктерді үлкейту (П.М.Эрдниев), В.С.Библердің «Мәдениеттер диалогы» технологиясы, Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» технологиясы, М.В.Воловинтің ақыл-ой әрекеттерін деңгейлі қалыптастыру теориясын жүзеге асыру технологиясы және т.б.
Табиғатқа сәйкестік технологиясы, халық педагогикасының әдістерін қолдану, баланың табиғи дамуына негізделген технологиялар: Л.Н.Толстой бойынша оқыту, М.Монтессори технологиясы және т.б.
Альтернативті: Р.Штайнердің вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін еңбек технологиясы, және т.б.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.
1-кезең – оқып үйрену.
2-кезең – меңгеру.
3-кезең - өмірге енгзу, тәжірбеде қолдану.
4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру.
№ 18 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |