Ѕож ќолжазба ќђќыѓында


Сауда-саттыққа байланысты ММ-дер



бет16/22
Дата06.02.2022
өлшемі452,1 Kb.
#33040
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Сауда-саттыққа байланысты ММ-дер. Сауда-саттық тым ертеден-ақ ұйғырлардың қоғамдық және экономикалық өмір-тіршілігінің маңызды салаларының бірі болып келгендігі мәлім. Мұнда ең көне діни көзқарастармен бірге, бүгінде ислам діні қағидалары да сауда-саттық әдет-ғұрыптар ретінде сақтап келеді. Манихей дініне табынған замандарда ұйғырлар Маниді «керуендердің жол бастаушысы», «саудагерлердің қорғаушысы» деп қараған. Бұдда діні дәуірінде Бұдданың бір борышы керуендерге жол көрсетуші, оларды жебеп-желеуші деп есептеген.
Ислам дінін қабылдағаннан кейін ұйғырлар онымен бірге исламның сол дәуірдегі сауда және базар туралы көзқарастарын да қабылдады. Мысалы, сауда кәсібін жаңадан бастаған адам сауданың берекелі және қайырлы болуын тілеп, жұртшылықтың беделді адамдарын, атақты кәсіпкер, саудагерлерді, туған-туысқандарын жинап, қайыр-садақа береді, хатым-құран оқытады. Ұйғырлар ырымға да терең мән берген. Ерте келген алушыға малды арзан сатып, болса да риза қылып қайтарады. Мұны «ырым ету» деп атайды. Сондықтан да «Дәсләпки содидин қайтма» (алғашқы саудадан қайтпа) дейді. ҚХР ШУАР баспаларында шыққан ММ-дер жинақтарында бұл мақал астарлы түрде, ауыспалы мағынада берілген «Дәсләпки мұштин қайтма — алғашқы жұдырықтан қайтпа». Алғашқы саудадан түскен ақшаны «Бисмиллаһирәһмани рәхим!» деп топыраққа аунатып алады немесе жерге тастап, аяғымен таптап алады, одан ауаға қол көтереді «Сауда сақал сипағанша» деген осы. Өйткені ұйғырлар сауда-саттық кәсібін тіршілік жолы деп қараған. Бұл кәсіпке үнемі оң көзбен қараған. Саудагер жоғары мәртебеге ие болып келген. Тіршілікке бейімделмеген адам туралы «Бір жұмыртқаны бояп шығып сата алмайды» дейді. Бұл бірді екі қыла алмайды деген сөз. «Алтыға алып беске сат, атың шықсын, саудагер», «Шақпаққа атын айырбастаған ақымақ» деген мақалдар да сауда жасауды білмейтін адамдарға арналған.
Сауданы «мал сату», «малды қолдан шығару» деп ойлаған қате. Сату - бұл, малмен қатар, оның сапасын да, саудагердің алушыға болған мәдениетті мәмілесін де қоса сату. Сонымен бірге, саудада жарамсыз малды сату, алдамшылық, малдың айыбын жасыру қылмыс саналады. Ұйғыр саудагерлерінде тәуекелшіл рух басым. Осындай ойды беретін төмендегідей мақалдар бар: «Йә қайнамдин чиқсун, йә Сайрамдин» Сайрам мұнда көлдің аты. «Болса болар, болмиса из пули болар». Саудада пайда мен зиян бірге жүреді. Тек пайданы ғана ойлап, қауіп-қатерге қарамай, өз құлқынын ойлаған адам жеңіледі. Оларға арналған тілде «Ойшыл ойлағанша, тәуекелші судан өтіпті», «Мылжың ойлағанша, тәуекелші мақсатына жетіпті», «Жапсам жылдам пісер ме екен, көмсем жылдам пісер ме екен» сынды мақалдар ұшырасады. Бірақ жалғыз тәуекелшілдікпен сауда жасауға болмайтыны анық. «Суды көрмей, етік шешетін» соқыр тәуекелшілді базар өзі «жазалайды». Өйткені «Базар әқиллини бай қилар, әқилсизни хар қилар», «Тәлвини базар оңшайду».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет