Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық



Дата25.12.2021
өлшемі76,43 Kb.
#105508
Байланысты:
ОБСӨЖ философия 2-апта
2, 2, 2, ОБСӨЖ философия 2-апта

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университеті




Тақырыбы: Философияны Қазақстанның үшінші жаңаруының дүниетанымдық негізі ретінде


Факультеті:Жартылыстану

Тобы:ЖХМ-912

Курс: 2

Орынаған:Нұралы Р.

Қабылдаған: Филос.ғ.к.аға оқ. Оңалбеков Ә.



2020-жыл

Философияны Қазақстанның үшінші

жаңаруының дүниетанымдық негізі ретінде

Философиялық ғылымының тарихы — философияның тарихи типтерін зерттейтін философияның бөлімшесі. Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу.

Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.

Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады. 

Бұған дейін еліміз жаңа тәуелсіз мемлекетті құру арқылы Бірінші жаңғыруды жүзеге асырды. Содан кейін «Қазақстан–2030» Стратегиясын қабылдады және Астананы салды. Нәтижесінде еліміз әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кірді. Бұл Екінші жаңғырудың нәтижелері.

Мұның бәрін таратып айтып отыру себебіміз еліміздің жүйелі әрі дәйекті эволюциялық дамуына бағытталған мемлекеттік саясаттың өзара байланысы мен сабақтастығын көрсетуді мақсат тұтып отырмыз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге асырылатын болады.

Аталған үдерістердің қатарында рухани саланы жаңғырту негізгі бағыт болып табылады. Мұндай аксиомалық байлам жасауға берік негіз бар деп ойлаймын. Әлбетте, саяси және экономикалық жаңғырудың жетістігі, бірінші кезекте, рухани қатынастар басымдық алатын қоғамдық сананың деңгейіне байланысты болмақ. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани жаңғыру ең өзекті міндеттердің алдыңғы қатарына шығып отыр.

Бұл орайда, ең әуелі, жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету негізінде түбірлі өзгерістерді қажет етіп отырған осы саланың бүгінгі жай-күйін атауға болады.

Мәселен, егер де биік мінберде зерделейтін болсақ, бізде демократияның басты белгісі саналатын сайламалы үдеріс саяси өмірде өзінің орнын тапты. Биылғы жылы конституциялық реформалардың аясында ел Президентінің бірқатар өкілеттіктері биліктің өзге тармақтарына берілді. Осыған орай, Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп «Біз жүріп келеміз, біртіндеп алға басудамыз, яғни бұл қоғамды демократияландырудың сатыларының бірі... Басқа мемлекеттер өздерінде бар демократияға жүздеген жылдар бойы жүрді... Демократия – бұл жолдың басы емес, бұл жолдың аяғы, ол біздің мақсатымыз», екенін атап көрсетті.

Экономикаға келетін болсақ, Қазақстан нарықтық экономиканың көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Мысалы, бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше көптеген елдердің ІЖӨ-нің 15%-ы деңгейі көлеміндегі мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін есепке алғанда, мемлекеттің бақылауындағы және жанама бақылауындағы ұйымдардың ІЖӨ-ге шаққандағы жалпы қосымша құнының (ЖҚҚ) арақатынасы ескеріледі. 2014-2015 жылдардың қорытындылары бойынша ЖҚҚ-ның ІЖӨ-ге арақатынасы 21,1% және 19,1%-ды құрады.

- мемлекеттің экономикадағы қатысуын қысқарту мыналар арқылы қамтамасыз етіледі: –мемлекеттік меншікті жекешелендіру және квазимемлекеттік сектордағы активтерді іске асыру; -ұлттық холдингтерді трансформациялау;

Кәсіпкерлік кодексте қарыстырылған «Yellow Pages Rule» қағидаттарын іске асыру.

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарында 780 ұйымды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі 64 барынша ірі компанияларды, атап айтсақ, «Самрұқ-Қазына» - -

- ұлттық әл-ауқат қоры, «Бәйтерек», «ҚазАгро» акционерлік қоғамдары, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының құрамына кіретін 171 еншілес және тәуелді ұйымдарды, сондай-ақ, жекешелендірудің, мемлекет-жеке меншік бағынышты әріптестікгі және тарату нәтижесінде бәсекелестік ортаға берілген 545 кәсіпорынды іске асыру қарастырылған.

Қабылданған шаралар мемлекеттің экономикағы қатысуын елеулі қысқартады және елімізде жеке бастамалардың белсенділігін арттырады.

Рухани-мәдени салаға қатысты әзірге мұндай өзгерісті айта алмаймыз. Әрине, аталған саланы тұтастай нарыққа беру жөнінде әңгіме қозғалып отырған жоқ. Басты мақсат мемлекеттің және азаматтық қоғамның өзара іс- қимылының негізінде барша руханиятты жаңғырту болып табылады. Бұл орайда, елімізде 2014 жылдан бері қазақстандықтардың жоғары руханилығы мен мәдени ментальдығының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы іске асырылуда. Мәдениет руханияттың іргесі ажырағысыз құрылымы екені аян. Ал, кейінгі жылдары мәдениеттің ең негізгі өзегі рухани салада түбірлі жаңғырулар жүргізілген жоқ.

Елбасының бағдарламалық мақаласы – бұл, ең әуелі ХХІ ғасырда шынайы өмірде ұлттық сананы айқындайтын және қоғамдық сананы өзгерту жолдарының жалпы бағыттарын белгілейтін дүниетанымдық-идеологиялық мақала. Оның мақсаты күшті әрі жауапты адамдардың Біртұтас ұлтын құру болып табылады. Мақала кіріспеден, «ХХ ғасырдағы ұлттық сана туралы», «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екі негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Ең әуелі, ел Президенті тарапынан бүгінгі таңда адамзат қоғамы жинақтаған аса зор өркениет тәжірибесіне зерделі талдау жасау бойынша қыруар жұмыс жүргізілгенін көруге болады.

Біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырларда өмір сүрген Қытайдың ежелгі ойшылы Конфуций адамның өмірі ең әуелі моральмен реттелуі тиіс екенін тұжырымдап берді. Бұған білім мен тәрбиенің арқасында қалыптасатын дұрыс адамгершілік әдептердің ережесі ли ұғымын насихаттау негіз болды. Қытай өзінің жүздеген жылдардан бергі өмір салтында Конфуцийдің осы өсиеттеріне барынша адалдығын көрсетіп келеді.

Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді:

1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.

Бұл бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. Олардың әрқайсысына егжей-тегжейлі тоқталу мақаланың басты міндеті емес екенін ескеріп, біз Екінші және Үшінші жаңғырулар – «Прагматизм» және «Ұлттық бірегейлікті сақтауға» назар аударсақ.
XX ғасырда біз тағдырдың талқысымен дәйекті тарихи дамудың жалпыға бірдей сүрлеуінен шығып қалдық. Қазіргі таңда біздің елімізге заманымыздың бірегей мемлекет қайраткері, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өркендеп жатқан тәуелсіз мемлекетімізді жаһандық деңгейде дамуына жол ашатын латын әліпбиіне көшудің керемет жағдайы туып отыр. Біз мұны «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарына қол жеткізудің және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндіктері деп білеміз.

Біз назар аударып отырған екінші жоба «Қазақстанның рухани жәдігерлері». Мәдениет саласы материалдық және рухани құндылықтардан тұратыны өздеріңізге мәлім. Өкінішке қарай, бұған дейін елімізде киелі құндылықтарға деген тұжырымды көзқарас болған жоқ. Сондықтан, ел Президентінің бастамасы бойынша қолға алынған жоба ұлттық бірегейліктің маңызды рухани тірегі болып табылады.

Әрбір халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Мәселен, ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді мақтаныш тұтады.

Бізде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Бұлар ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Алайда, қоғамдық санада бұл орындар туралы бірегей ұғым мен ортақ түсінік қалыптаспаған. Сондықтан, ұлтты ұйыстырудағы аталған стратегиялық міндетті орындауда осы жобаны жүзеге асырудың маңызы аса зор.

Ойымызды қорытындылайтын болсақ, жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді. Өйткені, біз айрықша серпінділікпен жылжып жатқан зымыран уақытта өмір сүрудеміз. Әлемге танымал америкалық экономист Джон Коттер өткен ғасырдың 90-ы жылдары өзінің «Өзгерістердің алдында» атты кітабында бәсекелестерден ілгері болу үшін міндетті түрде өзгерістерді алдын-ала біліп, оны басқара білу қажеттілігін айтқан болатын. Аталған тезис біздің заманымызда да өзінің өзектілігін жойған жоқ.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа тарихи кезеңге тән қатерлер мен тәуекелдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің терең көзқарасын білдірді.



Сондықтан, Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің әрбір азаматы бүкіл қоғам, саяси партиялар мен қозғалыстар, барша мемлекеттік органдар ағымдағы жағдайға талдау жасап, біздің қай жерде тұрғанымызды анықтап, әрбіріміздің не істеу керектігімізді жете ұғынуы керек.

Біз біртұтас ұлы ұлттың перзенті екенімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Біздің жолымыз айқын: Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!      

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет