Ойлау Орындаған: Нұрғожа С


Ойлаудың дара ерекшеліктері



бет3/4
Дата25.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#114642
1   2   3   4
Байланысты:
Ойлау Н.Сымбат
Ойлау Н.Сымбат
Ойлаудың дара ерекшеліктері
  • Ойдың мазмұндылығы- заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың пікірлер мен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оың ойлауы мазмұнды және бай келеді. Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймацды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оның тереңдігі жатады.
  • Ойлаудың тереңдігі- ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастар бейнеленеді. Ойлаудың мазмұндылығы байлығы, ал тереңдігі адамның іс-әрекетімен, оның білімімен тәжірибесімен, қиялының даму дәрежесімен айқындалады
  • Ойлаудың дербестігі- адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдарың көмегінсіз бұл міндеттерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігіне , икемділігіне , жеке сын тұрғысынан қарауында.
  • Ойдың белсенділігі- өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоя білуінде және іздену мен міндеттерді шешу үшін жолдар мен тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады.
  • Ойдың икемділігі- міндеттерді шешуде алынған біржақты ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауында байқалады
  • Сын тұрғысынан ойлау- ақиқат және жалға ретінде басқаның немесе өзінің ойларын тексеру мен бағалау қабілеттілігінде аңғарылады. Сын тұрғысынан ойлауды айтылған ойлардың практикалық өмірлік құндылығын тексеру ептілігінде аңғарамыз. Сыни ойлау- бұл өзінің және басқаның ойларына өте қатаң қарау.
  • Ойдың ұшқырлығы- қойылған сұраққа түпкілікті жауаптың қаншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады. Яғни, бұл уақыт қарапайым ойлау үрдісінде біршама қысқа болады, ал күрделі ойлау үрдістерінде ұзақтау болады. Кейбір адамдарда күрделі ой тәсілдері өте тез іске асады. Бұл адамдар тапқыр , ойдың ұшқырлығымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет