Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Тұқымды дәрілеу, агротехникалық шаралар мен биологиялық тәсілдің рөлі



бет52/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Тұқымды дәрілеу, агротехникалық шаралар мен биологиялық тәсілдің рөлі.Дәнді дақылдардың тұқымынсебер алдындахимиялық препараттармен дәрілеу –қаракүйе ауруларымен қатар,инфекциясы өсімдік қалдықтарында сақталатын және тұқым арқылы таралуы мүмкін септориоз, гельминтоспориоз, фузариоз ауруларынан,өскіндерді тамыр шірігінен қорғайды. Әсерлі заттары карбоксин мен тирамнан тұратын –витавакс 200 ФФ-пен витарос, азол тобына жататын– суми-8, премис, дивиденд, дивиденд-стар, раксил, раксил ультра, ломадор, кинто-дуожәне т.б., флутриафол және азол қоспасы–винцит пен винцит-экстра, стробрулинмен азолдан тұратын - иншур-перформ және т.б.препараттаржаздық бидай мен арпаның тамыр шірігіне тиімді,өскіндердің ауруға шалдығуын 5-7 есеге дейін төмендетеді.Бірақта олардың әсеріөсімдіктердің түптенуіне дейін ғана жетеді,оларды бүкіл өсу кезеңінде аурудан қорғай алмайды. Ауа-райы қолайлы болсасабақтану – масақтану – дән толысып пісу кезеңдеріндебидай мен арпаның сабақ мойыны мен төменгі буынаралығытамыр шірігіне шалдыға береді.
Дәнді дакылдардың тамыр шірігі ауруына қарсы тұқымды биологиялық және өсу реттегіш препараттармен дәрілеу де тиімді. Өткен ғасырдың 80 жылдары бидайдың тамыр шірігіне қарсы триходермин- 4 препараты сыналып, өте жақсы нәтиже берген еді. Республика аумағындасоңғы жылдары бидай мен арпа тұқымдарын дәрілеуге құрамында Pseudomanas aurefaciensбактериясының белсенді штаммы бар Ресейдің агат 25К,Bacillus subtilisбактериясынан тұратын экстрасол және өсу реттегіш препараттар - биосил мен агростимулин (Украина)қолдануға тіркелді. Бірақта олардыңтиімділігідәнді дақылдардыңқаракүйе ауруларына өте төмен екені, түсімділігіне әсері ауа-райына байланысты , өзгеріп отыратыны, кей жылдары оң нәтиже бермейтіні анықталды.Bacillus subtilisбактериясы штаммынаналынған Ресейғалымдары ұсынған «биомикол» мен жергілікті «бактофит» препараттары да айтарлықтай нәтиже бермеді.
Соңғы жылдары жүргізілген зертханалық және танаптық тәжірибелер бидай мен арпа тұқымдарын құрамында гуминқышқылы бар супергумат препаратымен баптау арқылы өсімдіктердің тамыр шірігі ауруына шалдығуын біраз төмендетуге болатынын көрсетті.Мырыш пен марганец микроэлементтерін қоса пайдаланғандаоның тиімділігі арта түседіі және тұқымды арнайы химиялық препараттармен дәрілеуден кем болмайды.
Дәнді дақылдар егісін тамыр шірігі ауруынан айықтыруда минералды және органикалық тыңайтқыштар біраз рөл атқарады.Олардың тиімділігі ауа-райына, тыңайтқыш түріне және қолдану тәсіліне байланысты. Мәселен, жүргізілен көпжылдық зерттеулер фосфор тыңайтқышын ауыспалы егіс айналымында бір гектарға 60 және 120 кг есебінен бір рет қолданғаннан көрі, тұқыммен біргеқатараралыққажыл сайын ендіру (20 кг/га) тиімді екенін көрсетті.Жаз айларында ылғал жеткіліктіжылдары аталған тыңайтқыш қолданылған нұсқаларда бидайдың тамыр шірігінешалдығуы 1,5 есеге дейін төмен болды. Сонымен қатар, азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын қоса (әрқайсысы 1 гектарға 60 кг мөлшерде) қолданғанда аурудың таралуы мен дамуы біраз төмендеді.Органикалық тыңайтқыш ретінде топыраққа көң шашу(20-30 т/га) және оны суперфосфатпен қоса қолданубидай мен арпа дақылдарынтамыр шіруі ауруына шалдығуын біраз төмендететіні анықталды.Бірақта тыңайтқыш танапты аудара жыртқан жағдайда ғана оң нәтиже берді, топырақты сыдыра өңдеп, оны үстіне шашқанда айтарлықтай әсер болмады. Солтүстік Қазақстан тәжірибе стансасында қос танапты астық-шөп және астық-отамалы дақыл ауыспалы егістерінде фосфор тыңайтқышының әсерінен қыста қар тоқтатылған танапқа егілген бидай егісінде тамыр шірігінің таралуы мен дамуы3-4 есеге дейін төмендеді.Аурудың дамуы мен зияндылығын шектеуде арамшөптерді гебицидпен отау біраз рөл атқарды. Даражарнақты арамшөптерге қарсыавадекс, қосжарнақтыларға қарсы түптену кезінде 2,4 Д гербициді қолданылған бидай егістерінде аурудың дамуы 2 есеге дейін төмендеді. Мәдени дақыл мен арамшөптер арасында ылғалға деген бәсекелестіктің жойылуы нәтижесінде бидайдың ауруға төзімділігінің артуы .
Жаздық бидай мен арпа егістерінде тамыр шірігініңтаралуы мен дамуын шектеуде тұқымның себу мөлшері мен мерзімдерібіраз рөль атқарады. Бірақ та олардың әсері өсімдіктердің өсу кезеңіндегі ауа-райына, әсіресе түсетін ылғал мөлшеріне байланысты,өзгеріп отырады. Ертелеу себілген жаздық бидай егістерінде септориоз көбірек таралып, дамуы жоғары болады.Кей жылдары кеш себілген егістер тамыр шірігіне көбірек шалдығуы мүмкін.Алғы дақылға байланысты тұқым себужәне түсетін ылғалмөлшері дәнді дақылдардың түсімділігімен қатар, өсімдіктердің тамыр шірігіне шалдығуына және аурудың зияндылығына әсер етеді. Көпшілік жағдайда тығыздығы жоғарыегістерде (1 гектарға 3-5 млн тұқым) ылғал мен қоректік заттар үшін бәсекелестік арта түсетіндіктен, бидай мен арпаның ауруға беріктігі төмендейді.
Көпжылдық зерттеулер өндірісте пайдалануға тіркелген және келешегі бар бидай мен арпа сорттарының ішінде тамыр шірігі, септориоз және гельминтоспориоз ауруларына беріктері жоқ екенін көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет