Сорттардың ауруларға беріктігі. Ауа ағысы және тамшы ылғал арқылы таралатын ауруларды шектеуде оларға берік сорттар шығарып, өндіріске ендіру– экологиялық және экономикалық тұрғыдан аса тиімді тәсіл болып саналады. Өндірісте пайдалануға тіркелген жаздық бидай сорттарының ішінде Ақмола 2, Астана, Астана-2, Қарабалық 90,Қарабалық 92, Кенжеғали, Карағанды 70, Любава, Лютесценс 32, Казахстанская раннеспелая, Иртышанка 10, Омская 18, Омская 19, Омская 20, Омская 29, Омская 32, Омская 33, Павлодар 93, Саратов 42, Саратов 55, Росинка,Целинная 3С, Целинная 24, Целинная 26, Целинная-Юбилейная және т.б. жапырақ татымен септориоз ауруларына қатты шалдығады. Аталған ауруларға орташа беріктігімен Актөбе 33, Лютесценс 13, Лютесценс 20, Лютесценс 22, Лютесценс 26,Лютесценс 31, Лютесценс 71, Омская 35, Омская37, Ырым, Нұрлы, Эритроспермум 35 ерекшеленеді. Қатты бидай сорттарының көпшілігі жапырақ татына берік болғанымен, сабақ таты мен септориоз және гельминтоспориоз ауруларына бейім.Қазақстан мен Ресей КАСИБ бірлестігі аясындасоңғы жылдары селекционерлер шығарған Фитон 43, Лютесценс 120-03, Лютесценс 697, Лютесценс 4 және Ырымсорттары жапырақ татына берік, ал Мексика мен Қазақстан арасындағы сатылы селекция бағдарламасы бойынша шығарылған Лютесценс 19 ЧС мен Фитон50 ЧС сабақ және жапырақ таттарына беріктігімен ерекшеленеді. Сабақ татының Ug-99 нәсіліне Экада 113, Челяба 75, Степная 17, Степная 62, Фитон 41, Омская 41 сорттары берік .
Күздік бидай сорттарының ішінде Жетісу, Богарная 56, Стекловидная 24, Қарлығаш, Эритроспемум 350, Красноводопадская 210, Октябрина сары татқа өте бейім, бұл ауруға Арап, Сапалы, Дербес,Наз сорттары берігірек. Южная 12 және Безостая 1 ауру баяу немесе орташа дамыған жылдарытөменгі дәрежеде шалдықса, ал қатты өршіген жылдарыоған бейімділік көрсетеді . Алмалы сорты сары тат эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған 2000-2002 жылдары ауруға беріктігімен ерекшеленсе, 2010 жылдан айтарлықтай шалдықты. Бұл ауру қоздырғышының осы сортқа бейімделген жаңа нәсілінің пайда болғанын көрсетеді. Юбилейная 60, Алмалы, Ақтерек, Баянды, Мариям, Стекловидная 24, Сапалысорттары ақұнтаққа, Жетісу, Арап, Дархан және т.б.септориоз бен гельминтоспориоз дақтарына өте бейім.
Достарыңызбен бөлісу: |