Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Жапырақтардың бұрышталған дағы



бет62/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Жапырақтардың бұрышталған дағы. Қоздырушысы– Pseudomonas glycinea G.Ауру белгілері өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерінде кездеседі. Бактерия жасушасы таяқша тәріздес,мөлшері 1,5-2,3-3 мкм, Грам әдісімен боялмайды, талшықтары арқылы сұйық ортада қозғалады. Картоп немесе ет-петон агарында түссіз, беті жылтыр, шетібіртегіс немесе сәл толқындаған дөңгелек шоғырлар түзеді. Жарнақ жапырақтарда майланған сияқты, ашық-қоңыр дақтарбайқалады,олардың сағақтары жіңішкеріп, су мен қоректік заттар тасымалының бұзылуынан өскіндер біртіндеп қурап, опат болады. Нағыз жапырақтарда ұсақтау, дөңгелек келген қызғылт-қоңыр дақтардың ортасы ойылып түсуіненшоқпыт тесіктер пайда болады. Сабақтарды бойлай қоңырқай-қызғылт жолақтар, бұршаққындардадөңгелектеу қоңырқай дақтар түзіледі. Ауру жайлаған тұқымдардың реңі сұрғылт тартып, оларда ашық-қоңыр, кіріңкі немесе ойыс құрғақ дақтар байқалады, беті қатпарланады. Ауа райы ылғалды болса дақтардың үстінде бақтерия жасушаларынан тұратын сарғылт экссудат түзіледі, құрғақшылық жағдайда олар кеуіп ұнтаққа айналады, жаңбыр немесе тамшы ылғалмен шайылып төменгіжапырақтарға жұғады. Бактерия қытайбұршаққа маманданған, дақылдың өсу кезеңінде инфекцияны бунакденелілер тасымалдайды.тұқым арқылы таралады, жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында сақталады.
Күлдіреуікбактериоз.Қоздырушысы– Xantomonas camnestris pv. glycineae. Бактерия жасушасы таяқша тәріздес, мөлшері 0,5-2-3 мкм, Грам әдісімен боялмайды, сауытпен қапталған, талшықтары арқылы сұйық ортада қозғалады. Картоп немесе ет агарында агарында сарғылт, жылтыр, шетібіртегісдөңгелек шоғырлар түзеді. Залалданған өскіндердің жарнақ жапырақтарында жайылғанқоңырқай, нағыз жапырақтарда жарықты нашар өткізетін, қызғылт-қоңыр немесе күңгірт-жасыл дақтарбайқаладыОлар біртіндеп үлкейіп,кейінірек ауру жайлаған өсімдік ұлпаларыкөмпиіпкүлдіреуікке айналады. Сабақтарда қоңырқай сызықшалар, бұршаққындарда дөңгелектеу дақтар пайда болады. Ауру қоздырушысы талғампаз емес, бұршақтұқымдастарға жататын көптеген өсімдік түрлерінде кездеседі. Инфекция тұқым мен өсімдік қалдықтарында сақталады, сонымен қатар бір және көпжылдық бұршақ тұқымдастар арқылы да таралуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет