Бактериялы солу. Қоздырғышы –Pseudomonas solanacеrum Smith.Бактерия жасушасы таяқша тәріздес, мөлшері 0,7-1,5-2 мкм, Грам әдісімен боялмайды, спора түзбейді, талшықтары арқылы сұйық ортада қозғалады. Картоп агарында сұрылт, шетібіртегіс жылтырдөңгелек шоғырлар түзеді. Бактерия жасушаларысу мен қоректік заттар тасымалданатын түтікшелерді бітейтіндіктен және токсин бөліп шығаратындықтан залалданған өсімдіктер кенеттен солады. Олардың сабағын көлденеңінен кессек, түтікшелердің қоңырқай тартқанын байқауға болады.Жапырақтарда ауру белгілеріқоңырқай, немесе күңгірт-жасыл дақтар ретінде байқалады.Бактерияталғампаз емес, ол бұршақ және алқа тұқымдастарға жататын мәдени және жабайы өсімдік түрлерін залалдайды. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады және пісіп-сору арқылы қоректенетін бунақденелілермен таралады.
Ноқат аурулары
Бұл дақылдың аса кең таралған ауруларына аскохитоз бен альтернариоз, фузариозды жене вертициллезды солу жатады. Бактериялар мен вирустар қоздыратын ауруларда кездесуі мүмкін.
Аскохитоз. Қоздырғышы – Deuteromycotaкласы Сферопсидалылар қатарына жататын Ascochyta rabiei (Pass.) Labr. Ноқаттың кең таралған және зияндылығы жоғары ауруы.Оның белгілері өсімдіктердің жер бетіндегі барлық мүшелерінде кездеседі. Жапырақтар мен сабақтарда көлденеңі 200-250 мкмжететін,күңгірт-қоңыр,шұңғыл дақтарбайқалады. Залалданған мүшелерге байланысты дақтардың сырт пішіні мен реңі әртүрлі келеді. Сабақтарда жолақтар немесе сызықшалар, бұршаққындар мен дәндерде ортасы ақшыл немесе сарғылт, дөңгелек немесе сопақтау дақтар байқалады. Олардың ортасында бір немесе екі жасушалы конидиялардантұратын пикнидалар түзіледі. Ауруға шалдыққан өскіндер солып, опат болуынан егістің тығыздығы төмендейді. Ноқаттың шанақтану-гүлдеу кезеңінде кесел қатты өршиді, жеке бұташалар, немесе өсімдіктер толықтай солып, қурай бастайды.Инфекция тұқым арқылы таралады, өсімдік қалдықтарында түзілетін пикнидаларда конидиялар сақталады.
Альтернариоз.Қоздырғышы– Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарынанAlternariaalternata(Fr.) Keisll. Жапырақ тақталарында жайылған,белгілі-бір пішінсіз,бозғылтнемесе қоңырқай,сабақтарда созылған, күңгірт-қоңыр, бұршаққында дөңгелектеу келген ойыс дақтарбайқалады, дән сарғылт тартып, әжімделеді. Ауа ылғалдылығы жоғары болсаолардың үстіндекүңгірт-жасыл, немесе сұрғылт өңез түзіледі. Конидиялардың пішіні жұмыртқа немесе алмұрт тәріздес, көлденең және тік перделермен бөлінген,мөлшері 20-60х9-18 мкм, қысқа мойыншасы бар. Саңырауқұлақ факультативті паразитке жатады, көптеген дара және қос жарнақты өсімдіктерде тіршілік етеді.Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.