Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Бұршақ тұқымдас дақылдарды аурулардан қорғау



бет66/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Бұршақ тұқымдас дақылдарды аурулардан қорғау

Ауыспалы егіс жүйесінде дәнді дақылдарбұршақ тұқымдастар үшінөте жақсы алғы дақыл болып саналады.Соңғылары бұрын егілген танапқа 2-3 жылдан кейін ғана қайталай еккен дұрыс. Осы мерзімдеауру қоздырғыштарының өсімдік қалдықтарында сақталатын инфекциясынан топырақ толықтай тазаланады.Оңтүстік және оңтүстік -шығыс өңірлердің суармалы жерлерінде қант қызылшасы, жүгері, қөкөніс және бау-бақша дақылдары жақсы алғы дақылға жатады. Бактериялар мен вирустар қоздыратынаурулардың инфекциясы бір-біріне жұғатынын ескере отырып, бұршақты дәнді дақылдар егісін бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптерден2-3 шақырым алшақ орналастырған жөн.


Дәнді-бұршақ дақылдарының тұқымын саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға қарсысебер алдындажүйеліәсерліфундазол 50% с.ұ.(3 кг/т) , немесе жанамалы ТМТД,40% с.с.к. (3-4 л/т) препараттарының бірімен дәрілеу қажет.өскіндерді Вирустар мен бактериялар қоздыратын аурулардан айықтыру үшін тұқымды температурасы 60-700Сыстық суда, немесе термостатта 4-6 сағат бойы зарарсыздандыру қажет.
Асбұршақ егісіне ақұнтақ пен тат және т.б. саңырауқұлақтар қоздыратын аурулардан қатер төнген жағдайда егісті жүйелі фунгицидтің бірімен бүріккенжөн. Бұл мақсат үшін кейбір шаруашылықтар дәнді дақылдардыңтат және т.б ауруларына қарсы тіркелген тилт фунгицидін қолданып жүр, нәтижесі жаман емес.Қытай бұршағы ауруларына қарсы егісті фундазолдың 0,5% суспензиясымен бүрку ұсынылған. Бұршақ тұқымдас дақылдарда фунгицидтіаурулар жаппай шығатын- шанақтану сатысында қолданған жөн. Қажет болған жағдайда 15-20 тәуліктен кейін егіс оныменқайталана бүркіледі. Ноқаттың аскохитоз және т.б. ауруларына қарсы республика аумағында қолдануға тіркелген фунгицид жоқ. Бұл мақсат үшін азол тобына жататын фунгицидтердің бірінұсынуға болады.

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар.


Асбұшақтың саңырақұлақтар қоздыратын қандай ауруларын білесің? Аскохитоз ауруының қандай түрлері кездеседі, оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады, қоздырушысы қай класқа жатады және қайда сақталады?
Асбұршақтың тат ауруының белгілері, қоздырушысының даму кезеңдері, инфекциясы қайда сақталады?
Қытайбұршақтың саңырауқұлақтар қоздыратын қандай ауруларын білесің? Олардың қоздырушыларының жіктелуі, инфекцияларының табиғатта сақталу жолдары?
Қытайбұршақтың бактериялар мен вирустар қоздыратын аурулары, олардың инфекциясы қалай таралады?
Қытайбұршақтың фомопсисі немесе ақшірігі? Оны еліміздің аумағына таратпау үшін қандай шаралар қолдану қажет?
Ноқатта саңырауқұлақтар қоздыратын қандай ауру түрлері кездеседі? Фузариозды және вертициллезды солуды бір-бірінен қалай ажыратуға болады, инфекциялары қайда сақталады?
Жасымықта қандай аурулар кездесуі мүмкін? Олардың негізгі белгілері мен қоздырушылары жайлы не білесің?
Бұршақтұқымдас дақылдар тұқымын бактериялар мен вирустар қоздыратын аурулардан айықтыру үшін қандай шаралар қолданылады? Зеңдену және саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға қарсы олардың тұқым дәрілеуге қандай препараттар тіркелген?
Асбұршақ пен қытай бұршақтың тат, ақұнтақ пероноспороз ауруларының дамуын шектеу үшін қандай фунгицидті қолдануға болады? Олардың күту мерзімі қанша тәулік?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет