Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет59/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Ақұнтақ. Қоздырғышы– Ascomycota класының ЭризифалыларқатарынажататынErysiphe communis Grev. Ауруға шалдыққан жапырақтардың жоғарғы бетіндесаңырауқұлақ мицелийлері мен конидияларынан тұратын нәзік селдір ақ ұлпа байқалады, ол біртіндеп нығыздалып сұрғылт тартады.Конидиялар эллипс тәріздес, сағақтар ұшында бір-бірден орналасады. Жаз бойы саңырауқұлақ конидия сатысында дамып, бірнеше ұрпақ береді.Күзге қарай мицелий шоғырларында саңырауқұлақтың қалталы сатысы жеміс денелері -клейстотецийлер, олардың ішінде дөңгелектеу немесе жұмыртқа тәріздес, 8-ден мөлшері 26-72х30-45 мкмқалташалар түзіледі. Инфекция өсімдік қалдықтарында клейстотецийлер ретінде сақталады. Олар жазғытұрым пісіп жетіліп, жас өскіндерді залалдайды.
Тат. Қоздырғыштары– Basidiomycota класының Урединиялыларқатарына жататын Uromyces fabae (Pers.) D.B. және U. pysi (Pers.) саңырауқұлақтары.Біріншісі бір иелі саңырауқұлақ,бүкіл тіршілік айналымынегізгі ие-өсімдік асбұршақта өтеді. Көктемде жапырақтарда нәзік, реңі ақшыл-сары келген спермаций мен эций сатылары дамиды.Жазда урединиоспоралар жиынтығынан тұратын,ұнтақ тәріздес, ашық-қоңыр пустулалар күлдіреуіктер пайда болады. Өсімдіктердің өсу кезеңінде саңырауқұлақ бірнеше ұрпақ беріп, күзге қарай реңі қара-қоңыр келетін телийлер түзіледі. Урединиоспоралардың пішіні шар, немесе эллипс тәріздес, реңі қоңырқай, мөлшері 21-26х18-21 мкм, телиоспорлар дөңгелектеу немесе сопақтау, 20-30х16-22 мкм.U. pysi екі иелі саңырауқұлақ. Эций сатысы сүттігенде, ал урединиймен телийлері – асбұршақпен қатар кейбір бұршақтұқымдастарда дамиды. Бірінші аурудың инфекциясы телиоспоралар ретінде ие-өсімдік қалдықтарында, екіншінікі - сүттіген тамырында қыстап шығады.
Фузариозды солу. Қоздырушысы–Fusarium oxysporumSchlecht. және басқа түрлерDeиteromycotaкласының Монилиялыларқатарынан. Асбұршақ ауруға өскін кезінен бастап, өсу кезеңініңсоңына дейін шалдығады. Су мен қоректік заттар тасымалдайтын сабақ түтікшелері мен төменгі буынаралығы, негізгі және қосымша тамырлар қоңырқай тартады, кейде толығымен шіріп кетеді. Өсімдіктердің өсуі кенжелейді, топырақтан тез жұлынады. Ауру жайлаған мүшелерді ылғалды ортада ұстасақ, оларды саңырауқұлақ мицелийлері және споралану мүшелерінен тұратын үлпілдек ақ өңез басады. Макроконидиялар орақ немесе жаңа туған ай тәріздес, 3-5 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 30-50х3,5-5 мкм,микроконидияларсопақтау, немесе цилиндр тәріздес, 10,8-18,6х1,5-3 мкм. Мицелийлер ұшында немесе ортасында бір-екі жасушалы хламидоспоралар түзіледі. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
Қытайбұршақ аурулары
Бұл дақыл саңырауқұлақтар қоздыратын пероноспороз, филлостиктоз, септориоз, антракноз, ақ және сұр шірік ауруларынашалдығуымүмкін. Карантинді нысанға жатқан сабақтың қатерлі ісігі ертеректе еліміздің оңтүстік-шығыс өңіріндебайқалған.Сонымен қатар, сырт белгілері әртүрлі –бактериялы бұрышталған жәнекүлдіреуік дақтар, солу ауруларыкездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет