Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Фузариозды тамыр шіруі мен солу



бет57/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Фузариозды тамыр шіруі мен солу.Қоздырушысы–DeиteromycotaкласыныңМонилиялылар қатарының өкілдеріFusarium oxysporum Schlecht.,F. heterosporium Fries. Бірінші ауру көбінесе өсімдіктер өсуінің екінші жартысында сабақтың төменгі бөлігі мен тамыр мойынының қараюы ретінде байқалады. Залалданған мүшелерде ауа-райы жаңбырлы болса ақшыл- күлгін өңез түзіледі. Макроконидиялартүйрегіш немесе эллипс тәріздес,сәл иілген,3-7 көлдененең перделермен бөлінген, мөлшері 20-60х3-5мкм, хламидоспоралар бір жасушалы, бір-біріне тізбектеле, немесе түйнектеле орналасады. Екінші ауруға шалдыққан өсімдіктердің төменгі жапырақтары сарғаяды, су мен қоректік заттар жүретін түтікшелері бітелетіндіктен, солып қурайды.Макроконидияларжаңа туған ай тәріздес, мөлшері 20-65 мкм аралығында, мицелий тарамдарында хламидоспораларкөп түзіледі. бір, немесе екі жасушалы, қабықшасы біртегіс, немесе сәл бүршіктенген. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
Аскохитоз.Қоздырушысы –DeиteromycotaкласыСферопсидалылар қатарынажататынAscochytafagopyriBres. Ауру белгілері жапырақтар мен сабақтарда қоңырқай жиекпен көмкерілген шеңберленгенсарғылт дақтар ретінде өсімдіктер өсуінің екінші кезеңінде байқалады. Олардың ортасында диаметрі 130-140 мкм жететін пикнидалар түзіледі. Конидиялар түссіз, қос жасушалы, мөлшері 16-18х6-7 мкм. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.
Церкоспороз.Қоздырушысы– Deиteromycotaкласының Монилиялылар қатарынан Сercosporafagopyri Abram.Жапырақтарда қоңырқай дақтар, үстінде ашық-қоңыр өңез түзіледі. Конидиялар цилиндр тәріздес,2-4 жасушалы, реңі жасыл-қоңыр. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.
Филлостиктоз.Қоздырушысы– DeиteromycotaкласыныңСферопсидалылар қатарына жататынPhyllosticta fagopyriSacc. Ауру белгілері жапырақтарда дөңгелектеу, бозғылт, кішірек келген, көлденеңі2-4 мм,ортасында пикнидалар орналасқан қызғылт жиекпен көмкерілген,дақтар ретінде байқалады.Конидиялар эллипс, немесе цилиндртәріздес, бір жасушалы, мөлшері 5-8х2-3 мкм. Инфекция жиын-теріннен кейін қалған өсімдік қалдықтарында сақталады.
Бактериоз.Қоздырғышы –Pseudomonas syringae Van Holl. Өсімдіктердің шанақтану-гүлдеу кезеңінде жапырақтарда майланған немесе суланған сияқты, тез үлкейетін қоңырқай дақтар байқалады. Бұл бактерия даражәнеқос жарнақты шөптесін өсімдіктермен қатар, сүректі жеміс және сәндік ағаштарынзалалдайды. Инфекция жел, жаңбыр тамшылары және бунақденелілер арқылы таралады.
Вирус аурулары. Қоздырғышы – Tobaco mosaik virus.Ауру жапырақтардың мозаикалануы, күңгірт- жасыл көпіршіген және көмпиген дақтар ретінде байқалады.Өсімдіктердің өсу кезеңіндеинфекцияны цикадалар алқа және басқа тұқымдастарға жататын жабайы және мәдени дақылдардантасымалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет