Пероноспорознемесе жалған ақұнтақ. Қоздырушысы – OomycotaкласыныңПероноспоралылар қатарына жататын Pеronospora manchurica Syd.Инфекция жүйелі немесе диффузиялы таралса,ауру белгілерібүкіл өсімдік мүшелерінде,ал жергілікті инфекциядан жапырақтарда некроздалған шағын дақтар байқалады. Кеселге шалдыққан жапырақтар мен сабақтарда, бұршаққындар мен дәндердесарғылт, қоңырқай дақтартүзіледі.Ауаның ылғалдылығы жоғары болып, тамшы ылғал жиі сақталса,олардың үстінде өрмекші торы сияқтысаңырауқұлақтың споралану мүшелерінен тұратын селдір өңезбайқалады. Конидиялар дөңгелектеу,реңі сұрғылт- күлгін, мөлшері 14-30 мкм, сағақтары қосарлана тарамдалған.Ылғал мол жылдары жапырақтар мезгілінен ерте қурап, түсіп қалады,бұршаққындарда түзілген дәннің саны мен салмағы төмендейді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары (80-90%), температурасы 20-250 С аралығында болуыаурудың дамуына қолайлы. Өсімдіктердің өсу кезеңінің соңына қарай залалданған мүшелердепішіні дөңгелектеусарғылт ооспоралар түзеді,олар тыныштық қалпында келесі жылға дейін сақталады.
Церкоспороз.Қоздырушысы – Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарынажататын Cercоspora sojina Hara. Ауру белгілері жапырақтарда қоңырқай жиекпен көмкерілген, ақшыл-сұр дақтар ретінде байқалады.Олардың төменгі бетінде саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын күңгірт-сұр өңез түзіледі. Конидиялар цилиндр немесе ұршық тәріздес, 5-7көлденеңперделермен бөлінген, мөлшері 40-70х5-7 мкм. Дәндердежайылған анық байқалатын шеңберлі дақтар түзіледі. Аурудың дамуына 20-300 С аралығындағытемпература мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болғаны қолайлы.Инфекция тұқым арқылы таралады және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Филлостиктoз.Қоздырушысы –Deuteromycotaкласының Сферопсидалылар қатарына жататын Phyllosticta sojiecola Massal. Ауруға шалдыққан жапырақтарда қоңырқай немесе қызғылт жиекпен көмкерілген ашық-жасыл, кейіннен күңгірт–сұрғылт тартатын дақтар байқалады. Олардың ортасында мөлшері кішірек,шар сияқтыпикнидалар, ішінде цилиндр тәріздес немесе сопақтау, бір жасушалы, мөлшері 5-10 Х 2-4 мкм келетін пикноспоралартүзіледі.Ауру көбінесе өсімдіктер гүлдеп, дән байлана бастаған кезде өрши түседі. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.