Қарақұмық аурулары
Қарақұмық (Fagopyrum sativum) көбінесе еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде егіледі. Құрамында 60% жуық азотсызэкстрактивті сығынды заттар, 11-12% ақуыз және 3%- ға жуық май бар, емдәмдік тұрғыдан құнды жарма дақыл.Ресей аумағындабұл дақылдафитофтороз, ақ ұнқұтақ, пероноспороз, асқохитоз, филлостиктоз, церкоспороз, фузариозды солу, бактериялар мен вирустар қоздыратын аурулар тіркелген. Олардың көпшілігі еліміздің аумағында тіркелмеген, немесе сирек кездеседі.
Ақ ұнтақ. Қоздырушысы –Ascomycotaкласына жататынErysiphe communis f. fаgopyri Jach. Жапырақтарда алғаш селдір, біртіндеп сұрғылт тартып, тығыздалатын ақ өңез байқалады. Күзге қарай пішіні дөңгелектеу, ішінде ашық-сары, кейінірек қоңырқай тартатын қалташалары баржеміс денелері –клейстотецийлер түзіледі. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.
Фитофтороз.Қоздырушысы –OomycotaкласыныңПероноспоралылар қатарынан Phytophtora parasitica Dastur.f. fаgopyri Takymato.Ауру белгілері жарнақ жапырақтармен сабақтардашеңберленген қоңырқай дақтар ретінде байқалады, төменгі жағында өрмекші торы тәріздес сұрғылт өңез түзіледі. Зооспорангий сағақтары тарамдалған, спорангийлер дөңгелектеу, мөлшері 25-50х20-40 мкм. Ауа райы ылғалды болса өсімдіктердің гүлдеу кезеңіндеауру белгілері жапырақтар мен гүл шоқтарында байқалады. Кейінірек заладанған ұлпаларда қалың қабықшамен көмкерілген, мөлшері 15х20мкмсарғылт ооспоралар түзіледі. Олар өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.
Пероноспороз. Қоздырушысы–Oomycotaкласына жататын Perоnospora fаgopyri Elenev. Ауру белгілері өсімдіктер гүлдей бастаған кезде байқалады. Жапырақтарда майланған сияқты жайылған дақтар, төменгі бетінде сұрғылт-күлгін селдір өңез түзіледі. Ауа райы құрғақ болса ауруға шалдыққан жапырақтар қурап түсіп қалады. Конидиялар жұмыртқа тәріздес, мөлшері 16-26х12-16 мкм. Ооспоралардың пішіні дөңгелектеу, реңі қоңырқай, сырты тегіс, көлденеңі 22-25 мкм. Аурудың дамуына 15-250С аралығындағы температура қолайлы.Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Сұр шірік.Қоздырушысы – Botrytis cinerea Fries. Deyteromycotaкласының Монилиялылар қатарынанАуру белгілері тамыр мойынында, жарнақ жапырақтарда қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Өскіндер шіріп опат болады, егістің тығыздығы сирейді. Ауа аса ылғалды болса сабақтар мен гүл шоғырлары қоңырқай тартып шіриді. Саңырауқұлақ конидиялары бір жасушалы, реңі сұрғылт, пішіні дөңгелектеу немесежұмыртқа тәріздес, мөлшері 9-12х7-10 мкм. Аурудың дамуынаауа температурасы 15-250 С аралығында, ылғалдылығы жоғары болғаны қолайлы. Инфекция склероций ретінде өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |