Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет58/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Қорғау шаралары. Ең басты шара-қарақұмықты ауыспалы егіс жүйесінде сүрі, одан кейінгі жаздық бидай, картоп пен біржылдық шөптер сияқты алғы дақылдардан кейін еккен жөн.Тұқымды оңтайлы мерзімде (солтүстік өңірде маусымның 3-онкүндігі), мөлшерде (2,0-2,5 млн /га)және тереңдікке (5-6 см)сіңіру. Бұл шара егістің қолайлы тығыздығын қамтамасыз етіп, арамшөптерден, әсіресе кейбір аурулардың ошағы саналатын татарқұмығынан, таза ұстауды қамтамасыз етеді. Қарақұмық тұқымын дәрілеуге ТМТД (2 кг/т) препараты ұсынылған. Осы мақсат үшін гүлдара және құрамында тирам мен карбоксин бар витавакс 200 ФФ (2-3 л/т) және т.б. препараттарды пайдалануға болады. Олар тұқымды зеңденуден, жас өскіндерді инфекциясы топырақта сақталатын фузариоз және т.б. аурулардан қорғайды. Өсімдіктердің өсу кезеңінде тамшы ылғал арқылы таралатын пероноспороз,фитофтороз және т.б аурулар асқындап жатса,химиялық шара қолдануға тура келеді. Бірақта еліміздің қарақұмық өсіретін аймақтарында аурулар сирек кездесетіндіктен өсу кезеңінде қолдануға фунгицидтіркелмеген.

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар


Қарақұмықтың саңырауқұлақтар қоздыратыннегізгі аурулары және олардың белгілері, қоздырғыштарының биологиялық ерекшелігі және жіктелуі?
Бұл дақылдың бактериялар мен вирустар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың негізгі белгілері?
Қарақұмықты аурулардан қорғау шараларына тоқтал, алғы дақыл қандай рөл атқарады?
Қарақұмық тұқымын дәрілеуге қандай препараттар тіркелген?
ДӘНДІ-БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ

Асбұршақ, қытайбұршақ, ноқат, жасымық және т.б.дақылдар аскохитоз, антракноз, тат, аұнтақ, жалған ақұнтақ, сұр шірік, фузариозды солужәне бактериялар мен вирустар қоздыратынбіраз ауруларға шалдығады.

Асбұршақ аурулары
Аскохитоз. Қоздырғыштары– Deиteromycota класы Сферопсидалыларқатарына жататынAscochyta pisi Libert.,A pinoydes Jonesжәне т. б.саңырауқұлақтар. Ауру белгілері жапырақтар мен сабақтарда, бұршаққаптар мен дәндерде дөңгелектеу, немесе созылған, күңгірт жиекпен көмкерілген сарғылт, немесе қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Өскіндер солып, опат болуы, өсімдіктердің өсуі кенжелеп, жапырақтар мезгілінен ерте қурап,түсіп қалуымүмкін. Дақтардың үстінде пішіні дөңгелектеу, көлденеңі 180-210 мкмпикнидалар түзіледі. Конидияларр сәл иілген, ортасы жіңішкерген, жоғарғы және төменгі жасушалары жұмырлау, 1-3 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 10-20х3,4-5 мкм. Ауру жайлаған тұқымдар сарғылт немесе қоңырқай тартады, олардың салмағы жеңіл келеді. A.pinoуdes қоздыратын аскохитоз белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде қоңырқай,тамыр мойыны мен сабақтарда терең жараларға айналатын, күңгірт-қоңыр немесе қошқылдау дақтар ретінде байқалады. Пикнидалардың реңі сарғылт немесе күңгірт-қоңыр,көлденеңі 60-180 мкм, конидиялардың тұрқы түзу, кейде аздап иілген,1-3 жасушалы, мөлшері 10-21х3-6 мкм. Аурудың дамуына 15-200С аралығындағы температура және жаңбыр жиі жауып, ауаның ылғалдығы жоғары болғаны қолайлы.Инфекция тұқым арқылы таралады және шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет