Сұр және ақ шіріктер. Қоздырушылары –Botrytis cinerea Pers. Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына және Sclerotinia libertianaPuck Клавицептиалылар қатарына жатады.Ауру белгілері көбінесесабақ пен бұқшаққындарда және дәндердежайылғанқоңырқайдақтар ретінде байқалады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса, оларды киіз тәріздессаңырауқұлақ мицелийлерімен споралану мүшелерінен тұратын сұрғылт өңез басады.Біріншісініңконидиялары жұмыртқа немесе эллипс тәріздес, сопақтау, мөлшері 9-15х6-10 мкм,сағақтары тарамдалған. Ауруға қатты шалдыққан өсімдіктер солып, қурап опат болады,сабақтың ішкі қуысында ауа райының қолайсыздығына төзімді склероцийлер түзіледі. Ауру жайлаған бұршаққында байланған дәндер әлжуаз келеді, сарғылт тартады. Өсімдіктердің сабақтары мен бұшаққындарында ақ шірік байқалуы мүмкін. Ол тығыз егістерде және ойпаң жерлерде жиі кездеседі.Аурудың негізгі белгісі –кесел жайлаған мүшелерде түзілетін стерильді мицелийден тұратын, мақта тәріздес ақ ұлпа мен склероцийлер. Аурулар инфекциясы тұқыммен қатар өсімдік қалдықтары мен топырақта склероций ретінде сақталады.
Аскохитоз –DeuteromycotaкласыныңСферопсидалылар қатарына жататын Ascochyta sojicola Abram. Ауру белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Жапырақтарда қоңырқай жиекпен көмкерілген,дөңгелектеу, көлденеңі 1 см-ге жететін сұрғылт дақтар мен ішінде шеңбер бойымен ұлпада тереңірекорналасқан пикнидалар байқалады. Пикноспоралар цилиндр, немесе эллипс тәріздес, ортасы жіңішкелеу, мөлшері 8-11х3-5 мкм. Ауруға қатты шалдыққан сабақтар бойлай қақырайды, бұршаққындарда ақшыл дақтар байқалады. Ауру жайлаған дәндер толыспай, қатпарланады, әлжуаз келеді. Инфекцияөсімдік қалдықтарында пикнидалар мен пикноспораларретінде қыстап шығады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Фомопсис немесе сабақ күйігі.Қоздырғышы–Deuteromycotaкласы Сферопсидалылар қатарының өкілі Phomopsis sojaeLehm. Ауру белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Өскіндер жер бетіне жаңадан шығып келе жатқан мезгілде тамыр мен жарнақ жапырақтар шіриді. Нағыз жапырақтар мен сабақтарда ойыс қоңырқай дақтар байқалады. Ауруға қатты шалдыққан өсімдіктер мезгілінен ерте қурайды, бұрқшаққындары шытынап жарылып, дәндерде күңгірт–күлгін дақтар байқалады, ортасында пішіні шар тәріздессаңырауқұлақ пикнидалары түзіледі. Өсімдік ұлпасында олар тереңірек орналасады, конидияларжіп сияқты, бір жасушалы, түссіз, мөлщері 5-10х2-3 мкм. Аурудың дамуына ауа ылғалдылығы жоғары, температура 20-270 С аралығында болғаны қолайлы. Инфекция тұқымда және өсімдік қалдықтарында түзілетін пикнидаларда сақталады.