Инфекциясы өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталатын аурулар
Инфекциясы өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталатын дәнді дақылдардыңауруларынатамыр шіріктері жатады. Септориоз, гельминтоспориоз ринхоспориоз және т.б. қоздырғыштары жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында сақталады. Күз және көктем айларында пикнидалар мен жеміс денелерінде түзілетін аскоспоралар мен конидиялар пісіп жетіліп, инфекция ошағына айналады. Аталған аурулардың таралуы мен дамуын және зияндылығын тежеу үшін төмендегі шаралар іске асырылғаны жөн.
Ауыспалы немесе алмаспалы егістерді игеріп, мүмкіндігінше фитосанитарлық дақылдардың үлесін арттыру;
Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне және ауруларға төзімді сорттарды егу;
Тұқымдысебер алдындабелсенділігі жоғары химиялық немесе биологиялық препаратардың бірімен дәрілеу;
Топырақта кездесетін патогендерге қарсы антоганист – микроағзалардың белсенділігін арттыру.
Ауа-райында құрғақшылық басым келетін еліміздің солтүстік және басқа өңірлерінде топырақта ылғал қорынсақтау және оны тиімді пайдалану дәнді дақылдардың түсімділігімен қатар, тамыр шірігі және басқа аурулардың егістерде таралуы мен дамуына және зияндылығына тікелей әсер етеді.Топырақта ылғалдың жетіспеуі, немесе біркелкі түспеуі өсімдіктердің ауруға беріктігін төмендетеді. Осыған байланысты тнаптаылғал қорын молайтуға бағытталған барлық шаралар, әсіресе минималды және нөлдік технология, тамыр шірігі ауруының дамуымен қатар зияндылығын төмендетеді.Танапта жинақталатын өсімдік қалдықтарының жабындысытопыраққасіңген ылғалдың ысырапсыз булануын шектеумен қатар,ондатіршілік ететін антоганист – микроағзалардың белсенділігін арттыруғабіраз септігін тигізеді.
Ауыспалы және алмаспалы егістердегі алғы дақылдардың рөлі. Бидаймен арпа егістерін бір танапқа қайталай немесе үздіксіз егу тамыр шірігімен қатар,шірімеген өсімдік қалдықтарында септориоз және гельминтоспориоз ауруларының инфекциясының қордалануына әкеп соғады. Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір аймақтарында тың жерлер игерілген алғашқы жылдары жаздық бидайды дара дақыл ретінде егу нәтижесінде бар-жоғы 5-10жылішіндетамыр шірігі жаппай таралып, ең зиянды ауруға айналды. Өткен ғасырдың 80-90 жылдарыбидай егістерінде септориоз және гельминтопориоз ауруларының кең таралуының басты себебі – ауыспалы егіс жүйесінің сақталмауы, немесе негізгі дақыл үлесінің өте жоғары болуы және жел эрозиясынан қорғау үшінтопырақты сыдыра жырту.
Республиканың әртүрлі аймақтарында жүргізілген зерттеулер 3-4 жыл қатарынан өсірілген көпжылдық шөп тамыр шірігінің қоздырғышынантопырақты толық айықтырмайтынын көрсетті.Негізгі ие-өсімдік болмағанның өзінде инфекциятопырақта бірнеше жыл сақталады жәнесаңырауқұлақкөптеген астық тұқымдас дақылдар мен жабайы өсімдіктерді, тіптен қос жарнақтыларды залалдайды.Гельминтоспориозды тамыр шірігіне арпа қатты шалдығады, осы дақылдан кейін топырақта инфекция қорының ұлғаюы байқалады.Таза немесе қара сүріден кейін егілген бидай егісінде тамыр шірігінің таралуы мен дамуы төмендемейді.
Ауыспалы егіс жүйесінде жаздық бидайдың үлесі жоғары болуына, немесе ол үздіксіз егілуіне қарамастан, соңғы жылдары тамыр шірігі ауруының таралуы мен дамуында белгілі тұрақтылық байқалуда. Бұның басты себебі – өсімдіктің жиын-теріннен кейінгі қалдықтарында патогендермен қатар, оларда тіршілік ететін антоганист микроағзалардың көп болуында.Фитосанитарлық рөль атқаратын алғы дақылдардың көмегімен олардың белсенділігін арттыруға, топырақтағы ауру қоздырғышының инфекция қорын біраз төмендетуге болады.
Жаздық бидайды ас бұршақ, ноқат, рапс, асбұршақ пен сұлының қоспасы, түйежоңышқа, сұлы, жүгері, тары, қарабидай сияқты дақылдардан кейінауыспалы немесе алмаспалы егістер жүйесінде еккенде қанағаттанарлықтай фитосанитарлық жағдай қалыптасады. Дән қамырланып немесе толықтай піскен кезде аталған алғы дақылдардан кейін егілген бидай егістерінде аурудың дамуы көрсеткіші айтарлықтай зиян келтіретін деңгейден төмен болады. Жаздық бидай үлесі 40-60%-дан аспайтын астықты-сүрі және астықты-отамалы дақылдар ауыспалы егістерде топырақта кездесетін ауру қоздырғышының инфекция қоры бір деңгейде болады. 4 танапты ауыспалы егістерде жасыл тыңайтқыш ретіндеегілген түйе жоңышқадан кейінгі бидай мен арпа егістеріндесепториоз, гельминтоспориоз және тамыр шірігінің дамуы мен соңғы ауру қоздырғышының топырақтағы инфекция қоры 2-4 есетөмен болатыны анықталды.