«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет17/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1

Химиялық 
ҥгітілу
. Химиялық
ҥгітілу кезінде минералдар бҧзылып
бӛлшектенеді және синтезделінеді. Сӛйтіп бастапқы жыныста кездеспейтін 
жаңа минералдар тҥзіледі. Химиялық ҥгітілудің негізгі факторлары -
су, 
оттегі, көмір қышқыл газы, температура.
Химиялық реакциялардың ӛтуі температураның жоғарылауынан
жылдамдайтыны белгілі. Сондықтан химиялық ҥгітілу ауаның жылдық орташа
температуралары жоғары және кӛп мӛлшерде ылғал тҥсетін аймақтарда айқын 
байқалады. 
Температураның 
әрбір 
10°С 
жоғарылауынан 
химиялық 
реакциялардың ӛтуі 2-2,5 есе ҥдейді. Бӛлшектердің кӛлемі азайған сайын 
олардың реакциялық қабілеті жоғарылай береді. Осыған орай химиялық 
реакциялар кесектің ең ҧсақ бӛліктерінде (< 0,01 мм ) жақсы жҥреді. 
Мысал ретінде граниттің қҧрамындағы минералдардың және ҥгітілу 
қабығындағы шӛгінді жыныстардың химиялық ҥгітілуін қарастырайық. 
Граниттің қҧрамына кварц, далалық шпаттар, слюда, авгит жӛне басқа 
минералдар енеді. Кварц (Sі0
2
) жердің бетінде химиялық тҧрғыдан алғанда ӛе 
тҧрақты. Кремний қышқылы ӛте аз мӛлшерде, ешбір химиялық ӛзгерістерсіз-ақ 
табиғи суда ериді. Кесекте кварц, химиялық ӛзгерістерге ҧшырамай, белгілі-бір 
шекке дейін уатылады. Оның осы ерекшілігі Жер бетіне ӛте ҥлкен кӛлемде 
шоғырланып жиналуына мҥмкіндік береді. Химиялық әсерге, кварцқа 
қарағанда, далалық шпаттар әлдеқайда тӛзімсіз. Мысал ретінде ортоклаздың 
сумен және ауа қҧрамындағы кӛмір қышқыл газбен әрекеттесуін келтірейік. 


Ортоклаз, (К
2
АL
2

6
O
16
) алюмокремний қышқылының калий тҧзы. Оған су әсер 
еткенде гидролизденеді. 
К
2
Аl
2

6
O
16
+ 2НОН=Н
2
Аl
2

6
O
16
+ 2КОН 
Еркін алюмокремний қышқылы және екі молекула ащы калий бӛлініп
шығып, судың сілтіленуі байқалады. Пайда болған алюмокремний 
қышқылының молекуласы тҧрақты емес, ол ары қарай 
каолин 
және 
аморфты 
кремний қышқылына 
ыдырайды. 
Н
2
Аl
2

6
O
16
→ Н
2
Аl
2

2
O
8
+ 4 SiO
2
Н
2
Аl
2

2
O
8
+ Н
2
O - Н
2
Аl
2

2
O
8
Н
2
O (каолин) 
4SiO
2
+ 4nН
2
О=4SіО
2
∙nН
2
О (аморфты кремний қышқылы) 
Ҥгітілу кезінде тҥзілген ащы калий ауадағы кӛмір қышқылы газының 
молекуласын қосып алып, нәтижесінде 
поташ 
пайда болады: 
2КОН + С0
2
= К
2
СС0
3
+ Н
2

Егер ҥгітілуге альбит ҧшыраса, гидролиз кезінде поташ емес 
cода 
(Nа
2
СO
3
) тҥзіледі. Ал қалған заттар ӛзгермейді. Анортит гидролизденсе кӛмір 
қышқыл кальций (СаСO
3
) және 
каолин 
пайда болады. 
Қарапайым силикаттардың ҥгітілуі де гидролизден басталады, кеиін, 
тҥзілген негіздерге кӛмір қышқылы қосылады. Мысалы, энстатит минералына 
(МgSiO
3
) су және кӛмір қышқылы әсер еткенде кӛмір қышқыл магний және 
аморфтық кремний қышқылы тҥзіледі. Соңынан ол ӛз бойындағы суды 
жоғалтып 
кварцқа 
айналады. 
Оливин, судың жӛне кӛмір қышқылының әсерінен кӛмір қышқыл 
магнийге, кӛмір қышқылды темірге және ортокремний қышқылға ыдырайды. 
Соңғысы, суды, бӛліп шығарып кварцқа айналады, ал тҧрақсыз минерал 
сидерит (ҒеСO
3
) суды гидролиздеушілік әсерінен темір гидрототығын, кӛмір 
қышқылын және суды тҥзеді. Апатиттің ҥгітілуінен қарапайым фосфат
хлоридтер және кальций фторидтері тҥзіледі. 
Химиялық ҥгітілу процесіне қарап екі негізгі типті ажыратады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет