«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет163/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Бақша жабысқақтары
. Бҧл зиянкестер бақша ӛсімдіктерінің ішінде 
қарбызды кӛбірек зиянға ҧшыратады. Жабысқақтар сарғыш, кӛкшіл, қара, 
қоңыр тҥсте болады. Қҧйрықтарының ҧшы жіңішке тҥтікше тәрізді. 
Денелерінің ҧзындығы 1,2-2,1 мм.Личинкаларының тҥсі сарғыш, кӛкшіл, 
қоңыр сҧр тҥсті болады.Толық дамып жетілген жабысқақтар мен олардың 
личинкалары аузындағы сорғыш мҧшесі арқылы ӛсімдік клеткаларындағы 
ылғалды сорып алу арқылы зияндайды, сӛйтіп ӛсімдіктің дамып ӛсуіне 
мҧмкіндік бермейді. Бақша жабысқағынын зиянданған ӛсімдік мҧшелері 
біртіндеп сарғыш тартып, сонан сарғайып, ақырында қурап қалады. 
Бақша жабысқақтары Қазақстанның оңтҥстік облыстарында кӛптеп 
кездеседі. Жабысқақтардың қарбыз ҧшін ӛте зиянды кездері маусым, шілде 
айлары, басқа кезде оның тигізетін зияны айтарлықтай болмайды. 
Кҥрес шаралары. Егістік жердегі арамшӛптер мен ауыл шаруашылық 
ӛсімдіктерінің қалдықтарын ӛртеп, егістік жерден алып тастау керек. Ӛсімдікке 
жаппай бақша жабысқақтары тҥссе, анабазин-сульфат ертіндісін бҥрку керек. 
Ӛте оңай қолданылатын шараның бірі – темекінің ҧнтағы мен кҥлді 
араластырып пайдалану (бір гектар жерге 50 кг темекі ҧнтағы мен 50 кг кҥлді 
араластырып пайдаланады).


Бақша ӛсімдіктерінің ішінде қарбызға қауіпті аурулар: антракноз, 
фузариоз, ақ ҧнтақ, тамыр қара шірігі, бактериоздан қарбыздың ӛнімі кҧрт 
азаяды.
Медянка немесе антракноз.
Антракноз-грип ауруын қоздырушы. Ол 
ӛсімдіктің жапырағына, жеміс сабағына тҥседі. Қарбыз жапырағына тҥссе 
теңбіл белгілер пайда болады, жемісі ауырса оның дәмі кетеді, сыртында 
белгісіздеу келген майда қоңыр тҥсті белгілер пайда болады. Сабақтарға тҥссе 
тамырдың жоғарғы жағындағы мойнында дӛңгелек қара дақ пайда болады да, 
біріншіден сабақтары қурап қалады. 
.Ӛсімдіктерде мҧндай ауруларды болдырмау ҥшін агротехникалық және 
химиялық шараларды уақытылы пайдаланған тиімді,
Ақтаңдақ ауруы.
Бҧл грибті қоздырушы ауру. Ӛсімдіктің жапырақ 
алақаны мен жемістерін зақымдайды. Ауруға шалдыққанда жапырақ 
алақанында ашық немесе ашық кҥлгін тҥсті теңбіл дақтар пайда болады. Ол 
дақтың ортасы біртіндеп қоңыр тҧске айналады. Мҧның ӛзі гриб ауруының сол 
жерде дамып, тарала бастағанының белгісі. Сонда жапырақ алақаны біртіндеп 
қуышып жиырыла бастайды. Қарбыз жемістерінде ашық, жылтыр тҥсті 
дӛңгелек дақтар пайда болады. Ауа райы қҧрғақшылық болса аурудың 
дамуына мҥмкіндік болмайды. Жауын жауып кҥннің жылылығы 25ºС-тан артса 
ақтаңдақ тез дамып жетіледі. 
Кҥрес шаралары. Бҧрын қарбыз егілген жерге кемінде 3-4 жылдан кейін 
қайталап егіп отыру керек. Егістік жер зиябьке қара парға терең жыртылады.. 
Қарбыз қара шірік ауруы
.Қарбыздың бҧл ауруы бірінші рет 1931 жылы 
Быков атындағы тәжірибе станциясында табылды. Қарбыз жемісінің сыртына 
белгісіздеу қара дақ пайда болады. Ауа рай қҧрғақ болса дақтың ӛршуі 
баяулайды. Ылғалды жауын-шашын болған жағдайда тез арада дамып, 
біртіндеп ҥлкеюмен қатар, басқа жемістерге тарала бастайды. Ауруға 
шалдыққан жеміс басқа жемістерге қарағанда тез піседі.
Ауруға шалдыққан қарбыздарды алып тастап, егін егілетін жерді терең 
жырту керек. Бҧл ауру байқалған жерде минералды тыңайтқышты кӛңмен 
аралыстырып береді. Ауыспалы егін жҥйесін дҧрыс пайдаланумен қатар, жерді 
терең жырту керек. Тҧқымды кҥні бҧрын дайындалған ерітіндіілермен жуып 
кептіріп себеді. 
Бактериоз ауруы
. Қарбыздар жер бетіне ӛніп шыққаннан ӛнімін жинап 
алғанға дейінгі аралықта пайда болатын аурудың бір тҥрі-бактериоз. Ауруға 
шалдыққан жапырақ алақаны қызыл қоңыр тҥске еніп ҥлкен теңбіл дақ пайда 
болады. Мҧндай аурумен ауырған ӛсімдік тҧқымы 3-4 жыл сақтап, сонан кейін 
егу керек. Тҧқымдағы бактериоз екі жылдан кейін ӛз тіршілігін жояды. 
Кҥрес шаралары.Келер жылға егілетін қарбыз тҧқымдарын ауруға 
шалдықпаған сау жемістен алып дайындау керек. Кӛпшілік жағдайда негізгі 
ӛркеннің бойындағы ӛсімдік тҥбіне жақын жердегі жемістер ауруға 
шалдықпайды. НИУПФ-1 концентрациясының бір бӛлігін мың бӛлік суға 
араластырады да, тҧқымды сонда 10 минут ҧстап кептіргеннен кейін себеді. 
Ӛсімдікке 0,5-1%-тік цинеба немесе 1%-тік бордос ерітінділерін бҥркуге 


болады.Ертінді жақсы ерітілген болса бҥріккенде жапырақ алақандарында 
белгілер қалуы мҥмкін. Сондықтан оны пайдаланғанда осы жағына назар 
аудару керек.Қарбызға әртҥрлі зиянкестер мен аурулар ғана емес, арамшӛптер 
де зиянды әсерін тигізеді.
Сонымен бақша дақылдары – асқабақ тҧқымдасына жататын біржылдық 
шӛптесін ӛсімдіктер тобы. Оған қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Бақша 
дақылдары – бағалы тағамдық және диеталық ӛнім, дәрілік, сәндік мақсатта
мал азығы, майлы шикізат ретінде пайдаланылады. 
Бақша жемістерінің қҧрамында қант, кӛмірсу, витаминдер, минералды 
заттар, органикалық қышқылдар кӛп. Сондай-ақ, олар емдік қасиеті жағынан, 
жҧғымдылығы, сіңімділігі және диеталық қоректілігі жағынан пайдалы. Бау-
бақша жемістері тағамға кӛктей немесе ӛңделеген тҧрінде қолданылады және 
кондитерлік ӛндірісте пайдаланылады, қауыннан қауынқақ, қауынқҧрт, 
қауынбал жасайды.
Бақша дақылдарының тҧқымдары бір-біріне анатомиялық қҧрылысы, 
химиялық қҧрамы, физиологиялық – биохимиялық процестері, пісіп-жетілуі, 
ӛсіп-ӛнуі жағынан ҧқсас келеді. Олардың қосжарнақты тҧқымдарының 
ӛнгіштігі ӛте жоғары, ҧзақ сақтауға болады. 
Бақша дақылдары тҧқымының ӛсіп-ӛнуі ҧшін қарбызға 15-17ºС, қауынға 
14-16°С және асқабаққа 10-13ºС жылылық керек. Қауын мен қарбыздың 
тҧқымы 3-6см, ал асқабақтың тҧқымы 6-8см тереңдікке егіледі. 
Бақша дақылдарының жиі кездесетін ауруларына солу немесе фузариоз
кәдімгі ақҧнтақ, жалған ақ ҧнтақ, антракноз, ал зиянкестеріне зиянды кӛбелек, 
бҧзаубас, және т.б. жатады. Олармен кҧресу ҥшін агротехникалық, 
биологиялық және химиялық шаралар қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет