«Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім»



Дата08.02.2023
өлшемі16,49 Kb.
#167976
Байланысты:
Мағжан оқулары
Амина мінездеме, Python ба дарламау тілінен Тест рамына айланысты алгоритмде не, Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ , 2017 УМК информатика соны, 1, Практикалы тапсырмалар, 1 курс, 11 сынып (1), қмж (1), 2023-2024 КТП 4 токсан

Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің 1-курс студенттері арасында өтетін «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» атты Мағжан оқулары
БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ



  • Жалпы ережелер

Бұл ереже колледждің 1-курс студенттерінің арасында өткізілетін «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» атты Мағжан оқуларын өткізу тәртібін айқындайды.

  • Байқаудың мақсаты:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңын іске асыру аясында - жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

  • Міндеттері:

- Өскелен ұрпаққа ақын өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту;
- Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, елжандылыққа баулу;

  • Байқауға қатысушылар:

Мағжан оқуларына колледждің 1-курс студенттері арасында өткізіледі.

  • Байқау шарттары:

Мағжан оқулары үш кезең бойынша еткізіледі:
1. «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан бірнеше шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу (ең кемі екі шығармасы). Бұл кезеңде студенттің сырт келбеті, киім киісі, өлеңді оқу мәнері, дикциясы, өзін ұстауы ескеріледі.
2. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - Мағжан ақынға арнау. Бұл кезеңде арнау өлеңнің ұйқасы, мән-мағынасы, қолданылған көркемдеуіш құралдардың қолданылуына назар аударылады.
3. «Мағжан поэзиясы - метафоралық бейнеде» - шығармашылық жұмыс. Бұл кезеңде Мағжан Жұмабаев поэзиясын символикалық тұрғыда белгілі бір метафоралық бейне аркылы беріп, сурет салу. Салынған суреттің тақырыбына, суретті сипаттап бейнероликте креативті көрсетуге назар аударылады.

  • Мерзімі мен талаптары:

- Байқау 2023 жылдың 14-18 қаңтар аралығын қамтиды. (Ескерту: 18 ақпаннан кейінгі бейнероликтер есепке алынбайды).
- Байқау кезеңдері бойынша өтінім видеороликпен бірге телеграмм арқылы қабылданады.
- Бейнероликтерді +77002844204 нөміріне жіберу.
- Әлеуметтік желілерде #менмағжанныңұрпағымын хэштегімен жариялау міндетті.

  • Мағжан оқулары бойынша алты жүлделі орын: 1- бірінші, 2 - екінші, 3-үшінші орын белгіленеді.

  • Байқау қорытындысы 19-20 ақпан аралығында шығарылады.


1-қосымша
Конкурсқа қатысушылар туралы өтінім
(бейнеролик кестеге сай ұсынылуы тиіс)





Студенттің аты-жөні
(аты-жөні толық жазылады, телефон нөмірі)

Тобы

Кезең



Дайындаған оқытушының аты-жөні
(аты-жөні толық жазылады, телефон нөмірі)

1















Ескерту:

  1. Кестеде 1 кезең бойынша жатқа оқитын шығармалардың тізімін көрсету;

  2. 2 кезеңде Мағжан ақынға арнаудың тақырыбы;

  3. 3 кезеңде шығармашылық жұмыстың (суреттің) тақырыбын көрсету.

  4. Егер қандай да бір кезең бойынша видеоролик болмаса, кестеге сол кезеңді жазып, қасына « - » қойыңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет