МАЗМҰНЫ І. Кіріспе...............................................................................................................5
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сриниваса Рамануджан Айенгордың балалық шағы...............................6-9
2. Рамануджанның еңбек жолының басталуы.............................................9-11
2.1. Рамачандра Раомен таныстығы...........................................................11-13
2.2. Хардимен алғашқы байланысы...:.......................................................14-19
3. Кембридж университетіндегі бастан кешкен оқиғалары................... 19-26
4. Рамануджанның еңбектері......................................................................26-28
4.1 Рамануджанның жай сандары...................................................................26
4.2. Рамануджанның гипотезасы:...............................................................26-28
ІІІ. Қорытынды..................................................................................................29
ІV. Әдебиеттер тізімі.........................................................................................30
Кіріспе
Уақыт талай ұлы мемлекеттердiң атын тарихтан өшiрiп, ұмыттырды. Көптеген халықтар мен тайпаларды тiтiренткен шапқыншылардың есiмдерi де iз-түссiз жоғалып кеттi. Қаһарлы хандар мен шахтардың өздерiне ескерткiш ретiнде орнатқан талай алып құрылыстары мен сәндi сарайлары да топыраққа айналды. Бiрақ Үндіден шыққан Рамануджан Айенгор математикаға үлкен үлес қосты. Ол өзінің қысқа ғана ғұмырында талай қиыншылықтарға мойымай өз мақсатына жету үшін алға ұмтылды.
Рамануджан өте дарынды, білімді қарапайым ғана ауылдан шыққан математик. Ол ешқашан Мадрас университетінің профессоры ретінде өз міндеттерін атқарған жоқ. Бірақ ол ауырып жатқанда да онығ еңбектері профессорлардың көңілінен шығып, ауруханадан шықансоң оған профессор атағы берілген болатын.