БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ Т 3c ісікті үрдістің көздің алдыңғы камерасын зақымдауы, көздің тамырлы қабаты зақымдалуы да зақымдалмауы да мүмкін. N аймақтық лимфа түйіні N 0 метастаз ошағы жоқ N 1 аймақтық лимфа түйіндерінде метастаз ошағы бар М метастаз ошағының болуы М 1 алыстағы метастаз ошағы Ретинобластоманы емдеу тәсілдері Ретинобластоманы емдеудегі негізгі қағида – науқастың
көру қызметін неғұрлым сақтап қалуға бағытталуы қажет.
Соңғы
жылдары
ретинобластоманы
емдеу
бағдарламасына - хирургиялық, сәулелік, химиялық ем--
мен қатар, фото- және лазерліккоагуляция тәсілдері де
қолданылуда. Емдеу әдістері кешенді түрде аурудың кезеңіне
байланысты жасалынады. Екі жақты ретинобластомада емді
әр көздің ісікпен зақымдалу дәрежесіне байланысты жеке-
жеке тағайындаған жөн.
Консервативті емді негізінен бір жақты ретино-
бластоманың алғашқы кезеңдерінде қолданады. Кіші және
орташа мөлшердегі макулярлы және перипапиллярлы
аймақта орналасқан ретинобластоманы бірінші емдейді,
оған қоса құрамында сәулелік, криотерапия, фотокоагуля--
ция әсер ететін – ағзаны сақтап қалу емдері де қатар жаса--
лынады.
Криотерапия мен фотокоагуляцияны дистанционды
сәуле терапиясынан кейін де қалған ісік ошағын жою үшін
қолданады. Диаметрі 4 мм – ден аспайтын экватордың ар--
тында орналасқан бластомада тікелей емес фотокоагуляци--
103
Көздің қатерлі ісігі яны, ал сол сияқты 7 мм- ден үлкен емес ісік ошағы экватор
алдында орналасса – криотерапияны қолданған дұрыс.