Орындаған: №7 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Мауленова Жұлдыз 2015-2016 оқу жылы



Дата25.08.2017
өлшемі160,82 Kb.
#26372
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП,ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.

Орындаған: №7 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі

Мауленова Жұлдыз

2015-2016 оқу жылы

Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде орта мектепте шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады.

Орта мектепте шетел тілін оқытудың басты мақсаты коммуникативтік мақсат болуға тиіс, яғни орта мектепті бітіруші бағдарламада белгіленген көлемде оқыған шетел тілін қатынас құралы ретінде меңгеруге тиіс. Демек сөз әрекетінің негізгі түрлерін: монолог және диалог түрінде сөйлеу ауызша айтылған сөзді тыңдап, түсіну, жазбаша мәтіндерді оқып, ондағы ақпаратты қабылдай білу іскерліктерін меңгеруге тиіс.

Жалпы орта білім беретін мектепте шетел тілін оқыту осындай практикалық мақсатпен бірге білімдік мақсатты да көздейді, яғни, шетел тілін оқыту барысында оқушылардың филологиялық білімін арттыру және жалпы дүниетанымын кеңейту мақсаты жүзеге асады. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылымдар саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, көркемөнерімен танысады , сөйтіп шетел тілі пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.

Шетел тілінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық құралдарын игеру барысында оқушылардың бойында білім алуда белсенділік, өз бетімен жұмыс істеуге қабілеттілік, қорытынды жасай білу іскерлігі қалыптасады.

Жалпы білім беретін мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Оқушылардың білімін арттыру олардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсатында жүзеге асырылады. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалану, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және оның кейбір жерлерін түсінгендерін қысқаша айтып беру,шағын хабарлар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.

Шетел тілі пәні оқушылардың жан-жақты дамып жетілуіне, дүниеге көзқарасының, сана-сезімінің, рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруына игі әсер етеді. Шетел тілін оқып үйрену барысында оқушылар өз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, сөз әдептерін дұрыс пайдалануға дағдыланады.

Шетел тілі мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуге тиіс. Осыған орай шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғы шарты – оқыту әдіс-тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.

Комуникативтік лингвистика саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелері шетел тілдерін оқытуда көптеген теориялық және практикалық мәселелерін, оның ішінде ең алдымен оқытудың мазмұны туралы мәселені жаңа тұрғыдан шешу қажеттілігін көрсетуде. Қазіргі кезде шетел тілінің атқаратын ролі ерекше. Қазір адамдардың тіл саласындағы қызметі тіл арқылы қарым қатынасқа түсуі, коммуникативтік және танымдық мәні бар міндеттерді ойдағыдай шешуде және ойдағыдай түсінісуде көмекке келетін тәсілдер мен құралдар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлуде.

Мұғалім оқушыларға шетел тілін үйрету үшін, біріншіден шетел тілі бізге неге керек? Не үшін оқимыз? Қандай пайдасы бар? – деген сұрақтарға жауап беру керек. Осы сұрақтарға жауап берген соң әрбір мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сабақтың қызғылықты да әсерлі өтілуі жаңа сабақтың тартымды түсіндірілуіне де байланысты. Көрнекілік пен техникалық құралдарды ұтымды пайдалану жоғарыдағы міндетті ойдағыдай шешуге ықпал етеді. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруіне мүмкіндік туғызады, олардың ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар шетел тілін үйренумен қатар шетелдің тарихымен, әдет-ғұрпымен,әдебиетімен танысады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдарының бірі сыныптан тыс жұмыстар және қосымша материалдар беру. Қосымша материалдарды пайдаланып отыру оқушылардың сөздік қорын кеңейтіп, тіл байлығын жетілдіреді, шетел тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бірі – ойын. Бірақ мектепте ойынды сабақтан мүлде бөліп қарауға болмайды. Жалпы орта білім беретін мектептердегі шетел тілдерін оқыту тұжырымдамасында төменгі және орта сатыда, тіпті жоғары сатыда да ойын элементтерін кеңінен қолданған тиімді болатыны көрсетілген. Шетел тілін оқытуда қолданылатын әдістердің ішінде ойын элеметтері маңызды роль атқарады. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, жаңа сөздерді меңгеруде, тілге деген қызығушылығын арттыруда, білім деңгейін тексеруде ойын элементтерін пайдаланған жөн. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар оқушылардың жас ерекшелігіне,сөз байлығына, білім деңгейіне сай болуы керек. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану үшін мұғалім алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Жоспар әдістемелік тұрғыдан қарағанда мынандай шарттарға жауап беруі тиіс:

- ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес болуы;

- ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;

- ойынның ойналу түрінің нақтылануы (топпен ойын немесе жекелей ойын);

- ойынға қажетті материалдардың дайындалуы;

- қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, тақпақтардың таңдалынып алынуы;

- пысықталатын грамматикалық, лексикалық, фонетикалық материалдардың анықталуы;

- ойынның өту барысының жоспары жасалуы.

Білім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттілігін қалыптастыру.

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын қолдану жолдары.Дидактикалық ойындар арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту.

№7 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП,ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.


Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ(ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде.Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық,мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын,білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.

Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мєн берумен тығыз байланысты.

Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.

Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аласың. Мен ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технолдогиясын қолданамын.Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды.Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім.Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғардым.Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын.Себебі мен бұл сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген әдебиеттерді оқыдым, интернеттен іздедім,баспа - құралдарын оқыдым,сабақ жоспарларымды зерттедім.Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім.Сонымен мынандай қорытындыға келдім.Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады(сурет 1). Сабақта жиі қолданып жүрген ойындардан үлгілерді ұсынамын.








Сурет 1. «Дидактикалық ойындар»

1.Фонетикалық ойындар.

Мақсаты:Оқушыларды ағылшын дыбыстарын еш қиындықсыз дыбыстауға, алфавитті меңгертуге үйрету.



Аралар ойыны

Құрал-жабдықтар: ковбой қалпағын киген ағылшын арасы мен тақия киген қазақ арасының суреті.

Ойын барысы:Мұғалім екі араны таныстырады.Ағылшын арасы [р] деп (тілімізді тістеп «з» деп айту)ызылдайды, ал қазақтың арасы [ʒ]деп ызылдайды.Екі ара бір гүлдің үстінде кездесіп қалып бір-біріне екі елдің жаңалықтарын айтып жатыр.(кезек-кезек [р], [ʒ]деп айту)
"Story"

Белгілі бір дыбысқа арналған кез-келген сөздерді пайдалануға болады. Содан соң әңгіме құрастырылады.Әңгімеде сол дыбысқа арналған сөздер кездессе- балаларға оны карточкадан көрсетіп,олар оны хормен айтады.


Мысалы: Бір күні (Rabbit) болыпты. Оның тамаша (rope) бар екен. Біздің(Rabbit) өзінің (rope)мен (road) арқылы жүргенді жақсы көрді.( (road) бойында өте әдемі (roses) өседі екен. Егер күнде таңертең (rain) жаумаса, біздің (Rabbit) әдемі (roses)дерді теріп алып өз достарына апарып берер еді! Etc.
"Is it true or not?"

Ойынды доппен өткізуге болады. Допты кез келген ойыншыға лақтыруға болады және бір сөз тіркесін айтып:"Is it true or not?" деген сұрақ қояды,.Ойыншы допты қағып алып "Yes, it’s true", немесе "No, it’s not true" деп жауап береді. Сосын сол адам допты басқа ойыншыға лақтырады.(кесте 1.)



Мысалға:


Yellow lemon




Pink pig










Orange bear




Brown monkey










White snow




Red crocodile










Purple mouse




Green grapes










Gray elephant




Purple cucumber

Blue apple




Black sun


Кесте 1.
2.Лексикалық ойындар



Мақсаты: өткен тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейту және бекіту.
Алтыншысын ата

Ойын барысы: Ойыншылар дөңгелектеніп отырады.Ойынды бастаушы өткен лексика бойынша сөздерді атай бастайды.Мысалы,5 спорттың түрі,5 мамандық,5 мектеп құралдары,5жануар т.с.с.Жалғастыруға ұсынған адам 6-шысын атайды.Егер тез айтса, сол адам жүргізуші болады.Біраз ойланып айтса,бұрынғы адам бола береді.

Мысалы:a rubber, a desk, a ruler, a chair, a board…(a pen)[2]

3.Грамматикалық ойындар

Мақсаты: Грамматикалық тақырыптар бойынша білім, білік, дағдыларын бекіту.
Күн мен түн ойыны

Ойын барысы:Мұғалімнің командасымен «night» деп айтқанда оқушылар көздерін жұмады, ал «day» дегенде тапсырманы орындайды.

  • Мұғалім қазақша айтады,оқушылар ағылшын тіліне аударады.

  • Мұғалім ағылшын тілінде сөйлем айтады,оқушылар болымсыз түрі мен сұраулы сөйлем жасайды.

Мысалы: T: «мысық» ,P: «a cat»;

T: «мысық жақсы көреді», P: «a cat like»;



T: «мысық доппен ойнағанды жақсы көреді», P: «a cat likes to play with a ball»;


4.Орфографиялық ойындар

Мақсаты: сауатты жаза білуге дағдыландыру
Гусеница(қуыршақ) ойыны

Құрал-жабдықтар:магнит,әріптер жазылған дөңгелектер.

Ойынның барысы: Тақтада домалақтардан құралған гусеницанын суреті бар.Бірінші гусеницада қысқа сөз жазылған.Әр гусеница бір домалаққа артығырақ (домалақтар бос),қатысушылар кезекпен тақтаға шығып ереже бойынша сөз жазады.

Ереже:барлық сөздер бірдей әріптен басталу керек.Алдындағы сөзден келесі сөз бір әріпке артығырақ болу керек.(сурет 4.)
Мысалы:

Сурет 4.


Тиімді қолдана білген ойын арқылы:

  • Білім беру сапасы артады

  • Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады

  • Қиын грамматиканы оңай,әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.

  • Оқушы белсенділігі артады

  • Материалды меңгеруге түрткі болады

Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес.Дегенмен,қиындықтар азайады.Себебі,ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Сонымен қатар,кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song », «Bingo» т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянар еді деп ойлаймын.Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.

Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігі дамиды.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында : «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» - деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, бүкіл орта білімнің іргетасы осы сатыдан бастау алатыны белгілі.Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда білім берудің басты тапаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап,бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.Қазіргі таңда оқушыларға білім беру жеке тұлға дамытуға бағыттала жүргізілетін болғандықтан, бағдарламалық материалдарды оқытуда олардың ғылыми ұғымдарын қалыптстыру мәселесіне баса көңіл бөлудің керектігі туындап отыр.

Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім , дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығының сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, дидактикалық ойындарды дұрыс таңдау керек. Ал, дұрыс таңдау үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек.Тек қана осы жағдайда ғана ,біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ.Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында.Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!



I. Кіріспе:
Мектепте шетел тілін оқыту барысында ойын түрлерін қолдану
II. Негізгі бөлім:

а) Шетел тілін оқытудағы ойынның қолданылуы.

ә) Ойын - шетел тілі сабақтарында оқушылардың білімін қалыптастырудағы әдістердің бірі.

б) Ойын және оның түрлері.


III. Қорытынды:
Шетел тілін оқытудағы ойынның маңызы мен ролі.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Веселова Д.П. Из опыта преподавания иностранных языков. – Москва 1983

2. Красильникова Е.П. Игра и игровые приёмы при обучении иностранному языку. ИЯШ № 5 1985

3. Егорова Л.М.Нетрадиционные формы урока- один из способов повышения интереса к предмету.

ИЯШ № 6 1990



4. ДаулетовУ. Сабақ беру тиімділігін арттырудың жолдары. –Алматы 1989

  1. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»

  2. English. Play and Learn.№7\2006

  3. «Білім туралы» Заңы.2007ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет