Негізгі бөлім
2.Қалыпатасқан тәжірибе бойынша франчайзингтің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады. Олар: тауарлық, өндірістік, іскерлік.
1. Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол ком- панияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады.
2. Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материалдарды, технологиялар мен жабдықты пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз.
3. Іскерлік франчайзинг жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып, шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату.Қызмет түріне франшизаны сату бүгінгі күні айтарлықтай танымал жэне тауарлармен бірге белгілі бір қызметтер жиынын сатуға мүмкіндік береді, мысалы: « Кентукки фрайдчикен», «Баскин Робинс», «Макдональдс» және т.б.
Бизнесті ұйымдастырудың басқа нысандары сияқты франчайзингтің де артықшылықтары мен кемшіліктері бар.Франчайзер үшін артықшылықтары келесілермен сипатталады:
- өткізу бөлімшелерінде жұмыс жасайтындарды, жалдамалы жұмыскерлерді ынталандыруға байланысты үнемдеу. Франчайзи кәсіпорын иесі ретінде жоғары табыс табуға мүдделі болады;
Достарыңызбен бөлісу: |