Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері Болат Бақытбекұлы Байқас



бет4/6
Дата29.03.2020
өлшемі0,58 Mb.
#60995
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі

«Құқық негіздері» пәні

Негізгі білім беру деңгейінің 9-класына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы «Отбасы құқығы»

бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:



  • отбасы құқығының түсінігі;

  • некені қию және тоқтату жолдары;

  • отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;

  • отбасының қоғамдағы маңыздылығы.

Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға және олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бұл мәселелер келесі оқу міндеттерінде көрсетілген:

9.5.1.1 - неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру;

9.5.2.1 - некені қию және тоқтатылу шарттарын анықтау;

9.5.3.1 - отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау;

9.5.3.2 - құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау;

9.5.4.1 - отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалау.



«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінде отбасылық құндылықтар мазмұндас тақырыптар арқылы беріледі:

1- класста (ІІ тоқсан):

«Менің отбасым және достарым»

ІІІ тоқсан

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

2-класста:

І тоқсан


«Менің отбасым және достарым»

ІІІ тоқсан

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

5-класста:

І тоқсан

«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер».

М.Мақатаев «Тоқта, ботам!» өлеңі

6-класста:

І тоқсан

«Отан отбасынан басталады».

М.Әуезов «Абай жолы» романы, «Қайтқанда» тарауы (үзінді)

«Биология» пәні

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-класстарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасындағы «Координация және реттелу», «Қоректену», «Көбею. Өсу және даму» бөлімшелерінде жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерін түсіндіру, тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу, жыныстық жолмен берілетін аурулар және олардың алдын алу шаралары оқытылады. Бұл тақырыптарда отбасы және отбасы тәрбиесінің көрсетілген мәселелер бойынша ролі түсіндіріледі.



«Дүниетану» пәні

«Дүниетану» оқу пәнінің бағдарламасында «Мен және қоғам» және «Мен және отбасы» бөлімдері бар. Бұл бөлімдерде отбасы; отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау; «шежіре» ұғымы; отбасындағы қамқорлық; отбасылық мерекелер ұғымы түсіндіріледі.

Көрсетілген тақырыптарды ашу оқытудың келесі міндеттері арқылы жүзеге асады:

1-класс.


        1. түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;

        2. отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау;

        3. отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру.

2-класс

2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау.

2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру.

2.1.1.4 бақылау мен сауалнама негізінде тұтыну заттарына деген отбасы

қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу көзін анықтау.

3-класс

3.1.1.1 отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;

3.1.1.2 әулет шежіресін құрастыру;

3.1.1.3 өз отбасының құндылықтарын анықтау;



4-класс

4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу;

4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау;

«Өзін-өзі тану» пәні

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-класстары үшін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасында төмендегідей тақырыптар берілген[42].

1-класс


  • Адам – отбасы мүшесі.

  • Отбасындағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас.

  • Кеңпейілділік таныту.

  • Ынтымақтастық, өзара көмек, құрмет.

  • «Достық» ұғымы туралы түсінік.

  • Адам өміріндегі достықтың мәні.

  • Класстағы достық.

  • Достықтың біріктіруші бастауы.

  • Отбасындағы және мектептегі өзара көмек, қолдау, кішіпейілділік және қайырымдылық.

  • Адамның іс-әрекетіне көмекке келу ұмтылысын таныту.

  • Алғыс айту – адамның басты қасиеті.

  • Отбасында, мектепте, қоғамда алғыс айта білу білігі.

  1. класс

  • Отбасындағы жақсы өзара қарым-қатынас.

  • Адамшылық, қайырымдылық, түсіну, өзара көмек.

  • Отбасында өз мінез-құлқыңды басқару.

  • Өзін-өзі адамгершілікті кемелдендіру.

  • Жақсы мінез-құлық ережесі. Адам мәдениеті.

  • Денсаулық құндылығы.

  • Отбасындағы белсенді және салауатты өмір салты.

  1. класс

  • Отбасындағы жауапкершіліктер.

  • Отбасындағы жағымды қарым-қатынас және бірін-бірі қолдау.

  • Туған үй. Адамның отбасы.

  • Отбасындағы өзара қарым-қатынас негізі.

  • Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі.

  1. класс

  • Өзара түсіністік – отбасындағы жақсы қарым-қатынастың негізі.

  • Бірін-бірі тыңдау, есту және түсіну білігі.

  • Отбасылық дәстүрлер. Отбасындағы сыйластық.

  • Өзара түсіністік отбасындағы бақыттың шарты ретінде.

  • Отбасылық мейрамдар.

  • Отбасы бақыты.

5-9-класстардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұнында «Адам және әлем» тарауы бар. Бұл тарауда отбасылық құндылықтар келесідей тақырыптарда қамтылған:

4-класс. «Отбасы татулығы».

Мазмұндық негізі «Жақын адамдарға құрмет. Отбасындағы үлкендер мен кішілердің арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктері».

5-класс. «Отбасының жылуы».

Мазмұндық негізі «Бірге туғандар – адамның өмірдегі тіреніші. Адамның отбасы мүшелерінің арасында берік байланыстар орнатудағы жауапкершілігі. Өз отбасы мүшелеріне қамқорлық пен көңіл бөлудің көрінісі».

6-класс. «Отбасылық құндылықтар».

Мазмұндық негізі. «Отбасындағы жалпыадамзатық құндылықтар. Отбасы адамның рухани тірегі. Отбасы бақыты. Отбасындағы сенім».

7-класс. «Отбасын қадірлеу».

Мазмұндық негізі Сүйіспеншілік – отбасылық өмірдің негізі ретінде. Жақсылықтың жасампаздығы. Отбасы – өмір мектебі».

8-класс. «Отбасы татулығы – қоғамдағы татулық».

Мазмұндық негізі «Отбасы – адамгершілік дамуының алғашқы ортасы ретінде. Отбасындағы бірлік және өзара түсіністік. Кешіре білу білігі».



Оқу бағдарламаларында берілген тақырыптар білім алушыларға отбасы институтынан терең білім береді. Жалпыадамзаттық құндылықтардан бастап этнопедагогикалық, құқықтық білімін қалыптастырады.

Әрбір пән бойынша өткізілген тақырыптық сабақтар оқушылардың бойындағы отбасылық құндылықтарын толықтыра бермек.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде отбасы тәрбиесі бағытына сәйкесінше «Отбасы әлемі» жобасы қарастырылған. Жобаның басты мақсаты – ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру болып отыр.

Осы міндеттерді іске асыру тетіктері болып:


  • Білім беру ұйымдары «Қамқоршылар кеңесі» және ата-аналар комитеттері;

  • Репродуктивтік денсаулық орталықтары, мамандардың консультациялары, бірлескен отбасылық іс-шаралар;

  • «Өзін-өзі тану» ҰДО бағдарламасы шеңберінде ата-аналарды оқыту;

  • Жастар мен ерлердің мінез-құлық мәдениеті туралы сұхбат алу;

  • Жоғары класс білім алушыларына және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Отбасылық өмірдің этикасы» бойынша элективті курстар ұйымдастыру;

  • Білім беру ұйымдарының қызметіне ата-аналардың қатысуы;

  • Әкелердің, әжелердің клубтары; ақсақалдар кеңесі;

  • Мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек, жалпыға бірдей білім беру;

  • Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық;

  • Аула клубтарының жұмысын қалпына келтіру;

  • Ақысыз негіздегі қосымша білім беру мекемелеріне балалар мен жастарға қолжетімділікті ұйымдастыру;

  • Элективті курстар, фестивальдер, конкурстар семинарлар өткізу;

  • «Менің отбасым», «Жыл отбасы» конкурстарын ұйымдастыру;

Кітап көрмелерін және кітап өнімдеріне қоғамдық шолу; «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын ЖОО» жарыстары өткізілді.

Білім беру ұйымдарында отбасылық тәрбие беру механизмдеріне:

1. «Буккроссинг». Кітап алмасу үшін арнайы орындар ұйымдастыру;

2. «Қадірлі сыйлық». Кітапханаларға кітаптарды ерікті түрде тапсыру үшін қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыру;

3. «Кітапхана – білім ордасы». Оқушылардың кітапхана қызметкерлерімен, оқушылар үйлердегі әдеби кештер және оқушылар демалыс орталықтарында кездесулер ұйымдастыру;

4. Отбасылық оқуға арналған кітаптар, альбомдар, буклеттер, фильмдер, бейнематериалдар және т.б. ұйымдастыру.

Бұл шараларды қамтамасыз ету жолдары:

- оқуды мәдениеттің маңызды элементі ретінде және интеллектуалды әлеуетті, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, жастардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру құралы ретінде толық қолдау;

- білім беру мекемелерінде кітап алмасу үшін арнайы орындарды ұйымдастыру - буккросингтер;

- білім алушылар мен үлкендер арасында (кітапханашы, мұғалім, ата-ана, білім алушы) кітапқа деген ортақ қызығушылық негізінде (ертегілер, аңыздар, мысалдар, хикаялар, эпостар) бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру.

Отбасылық тәрбие жұмыстарын критериалды бағалауға өзінің жанұясы мен ұрпақтарына отбасы құндылықтары мен моральдық қағидаларды сақтауы арқылы үлгі көрсетуі жатады [6].

Сабақтан және мектептен тыс өтетін отбасылық тәрбие жұмыстары мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

2015 жылғы 2-қарашада Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды. Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Елімізде осы заңға сүйенген отбасылық тәрбиені қамтитын төмендегідей қозғалыстар, бірлестіктер, одақтар, институт, ұйымдар бар:



  1. «Алдаспан» қоғамдық қоры.

  2. БИЛ қоғамдық қоры.

  3. «Бақытты бала» қоғамдық қоры.

  4. «Бақытты бала» әскери-қоғамдық қоры.

  5. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» БЖҰ қоғамдық бірлестігі.

  6. «Жанұя Отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қоры.

  7. «BILIM FOUNDATION» қоғамдық қоры.

  8. Республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық қоры.

  9. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты.

  10. «Асыл бала» қоғамдық қоры.

  11. «Келешек» психологиялық орталығы.

  12. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.

  13. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі.

  14. «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлемеуттік жобаларды дамыту қоры.

  15. Отбасылық тәрбиелеу институты.

Аталған ұйымдар жұмысы заңға сәйкес бала мен отбасы тәрбиесіне бағытталған. Ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелер толығымен қамтылған және қол жетімді. Өзіңізді мазалаған мәселелердің жауабын осы ұйымдардың сайтынан табуға болады.

Отбасылық тәрбиелеу институты. Отбасылық тәрбиелеу институты отбасылық тәрбиеге байланысты екі тілде журнал (1-сурет) шығарады.

1-сурет. Республикалық «Отбасылық тәрбие» ғылыми-практикалық журналы


Журнал ата-аналар мен педагогикалық қоғамды ақпараттандыруды мақсат етеді. Бүгінде журнал мұғалімдердің, ата-аналардың қызығушылығын оятып, қоғамның да сұранысына ие болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет