Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері Болат Бақытбекұлы Байқас



бет3/6
Дата29.03.2020
өлшемі0,58 Mb.
#60995
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі

23. Қанағат, қанағатшылық адамның барға риза болуын, місе тұтуын, ынсаптан шықпауын, нәпсіге ермеуін білдіретін ұғым. Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежеу. Алайда қанағат етуді дұрыс түсіну керек. Бірақ кейде қанағаттың атын жамылып жалқаулыққа салынып жүру көп кездеседі.

Қолда барға риза болу деген мүмкіндіктің бәрін барынша қолданып, талпынысқа басқа амал қалмағанда көрсететін әрекет. Яғни ерінбей еңбектеніп, мақсатына жетуге бар күшін салғаннан кейін қол жеткізген жағдайына ризашылықпен қарау, қабылдау деген мағынаны білдіреді. Осындай амалдан кейін көрсеткен қанағатшылық адамды бақыта жетелейді. Әрбір таңның шуағынан ләззат алады.

Аталмыш құндылықты бойына сіңірген жандар өздерін бақытты, көңілдерін жайлы сезінеді. Дана кісілер балаларына «байлық тілесең – қанағат тіле, себебі ол – ешқашан таусылмайтын байлық» деп өсиет қалдырған.

Қанағатсыз адамға бір тау алтын берсе де, ол тағы бір тау алтынды қалайды. Қанағатсыздық ысырапшылдыққа әкеп соғады. Ысырап –өмірдің ырысы мен берекесін қашыратын әрекет. Себебі ол көзтоймаушылыққа, менмендікке, өзімшілдікке, асыра сілтеуге өзін жоғары санауға не болмаса басқаларын менсінбеушілікке жол ашады. Тізбектелген бұл жаман қасиеттерден арылу оңай жұмыс емес. Сондықтан ысырапшылдықтан әлдеқайда алыс болу, өмірлік мақсатқа ену қажет.

Мектепте қанағат құндылығын насихаттауды алғыс айтудан бастауға болады. Әсіресе өскелең жасөспірімнің өз өміріне риза болуына талпындыру қазіргі таңда маңызды әрекет болмақ. Өн бойындағы жағымды қасиеттерінің артықшылығын сезіндіру кейбір оқушылардың өмірге деген талпынысын арттырса, кейбір оқушылар үшін қайырымдылық шараларының негізінде оқушылар ысырапшылдықтың алдын алу көзделген дұрыс.

Алайда қанағат етуді дұрыс түсіну керек. Бұл өзін-өзі тежеу немесе тоқтату емес. Еңбекқорлыққа қарма-қайшы әрекет емес. Бұл жүректің және ой-сананың халі. Яғни, адам өзі өте еңбекқор һәм қанағатшыл бола алады. Ал қанағатсыз адам жалқаулықты жақын тартады. Қанағатсыздықтың белгісі ретінде көбінесе адамның «Неге бұл аз? Осы ғана ма?» деген сияқты сөздеріне қарап білуге болады.

Мектепте қанағат құндылығын насихаттауды алғыс айтудан бастауға болады. Әсіресе өскелең ұрпақтың өз өміріне риза болуына талпындыру казіргі таңда маңызды әрекет болмақ. Өн бойындағы жағымды қасиеттердің артықшылығын сезіндіру кейбір оқушылардың өмірге талпынысын арттырса, кейбір оқушылар үшін қайырымдылық шараларының негізінде ысырапшылдықтың алдын алу көзделген дұрыс.

24. Сабырлылық – адам мінез-құлқына тән байыптылық пен ұстамдылықты білдіретін асыл қасиет. Сабырлы өз ісінің дұрыстығына сенімді, ниеті түзу, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарап, мойымайтын жан.

Сабыр – адам бойында асыл қасиет. Адамның ұстанымдылығын, инабаттылығын, қаншалықты тәрбие көргенін көрсетеді. Сабырлық ар, ұждан, ынсап негізінен құралған. Осы қасиеттер адам бойында болса, онда ол адам өзін-өзі сыйлайтын, жанындағы адамдарды сыйлайтын азамат. Сабырлылық өз ісінің пәктігіне сенімді, ниеті түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарайтын адамға тән қасиет. Ал немқұрайлық және еріншектік сабырлыққа қарама-қарсы қасиеттер. Кейбір келеңсіз оқиғаларда адам өзін-өзі ұстап, сабырлық танытып, үндемей әңгімені аяқтауы керек. Бұл да адамның асыл қасиетінің көрсеткіші, ата-анасының тәрбиесінен, ақылдылығынан туындайды. Сыйлы адам болам десеңіз сабырлы болыңыз, кішіпейіл болыңыз, адамгершілік және мейірімділік қасиеттерін бойыңызға сіңіріңіз. Халық арасында сабырлыққа байланысты айтылатын нақыл сөздер көп. Соның бірі «Сабыр түбі – сары алтын». Өте орынды айтылған. Кез келген қиыншылықта сабыр ету. Бұл қасиетті адам өз бойында қалыптастырса, көп жағдайда жетістікке жетеді. Өз бойымыздан осы қасиетті іздейік, оны жетілдірейік.Сабырлы адам – күш иесі.



25. Білім беру. «Баламды медресеге біл деп бердім. Шен алсын, шекпен кисің деп бермедім». Абай Құнанбаев білімді болудың артықшылықтарын түсіндіріп кетеді. Мәселен, табыс пен бақытқа жету үшін «Толық адам» үлгісін көрсетеді. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек....» десе және бір өлеңінде «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп «ыстық қайрат» – физикалық дамуды, «нұрлы ақыл» – интеллектуалды дамуды, «жылы жүрек» – рухани дамуды білдіреді. Данышпан «Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек» деп осы үш дамуды берік ұстанған адамды «Толық адам» санайды. Ағылшында «Successful man», орыста «Успешный человек» деген ұғым сөз бар. Ағылшын мен орыстағы осы сөзді ұлы Абай «Толық адам» деп жеткізген.

«Толық адам», тек қана, діни-рухани, пәлсапалық қана ұғым емес. Әрі «Толық адамдыққа» жету жүзеге аспайтын, біздің заманымызбен қабыспайтын, тек қана кітап, сөз жүзінде ғана болатын утопиялық ой да емес. «Толық адам» болу идеясы қазіргі өмірмен біте қайнасқан, ХХІ ғасырдың барлық талап-шарттарына жауап бере алатын өміршең, нағыз қазақы әрі жаһандық деңгейде жұмыс істейтін мықты жоба. Тек, оны дұрыс түсініп, қарапайым түсіндіріп, жеке өмірімізге тиімді енгізе білуіміз қажет.

Елбасымыз: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі»-дейді.

«Толық адам» бойында кездесетін осындай тамаша қасиеттерді отбасы да қалыптасады. Осыны халқымыз «Ұяда не көрсең соны ілесің» дейді. Абайдың афоризмдерін еске түсіріп, күнделікті өмірде қолдана білу міндетіміз.

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз бекер айтпаған. Бұл дегеніміз, отбасы – адамзат ұрпағы үшін еш нәрсемен салыстыруға жатпайтын алтын діңгек, қасиетті өмірлік мектеп. Мектеп деп баланың ақыл-парасаты мен ой-өрісін жетілдіретін тәлім-тәрбие алатын ұжымды айтамыз. Бұл жерде өмірлік мектеп рөліне отбасы, ошақ қасы ие болып отыр.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің төртінші бағыты «Отбасы тәрбиесі» деп аталады. Бұл бағытта ата-аналар жұмысын жетілдіруге басымдық берілген. Білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары және басқа да заңды өкілдері ата-аналар комитеті арқылы қатысуға құқылы.

Мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін және баланың даму бағдарламасын айқындау, сондай-ақ осы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру болып табылады. Ата-аналардың интеллектуалдық және материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеудегі ұстанымы, отбасымен қарым-қатынас жасауда жекелеген әдіс-тәсілдері мұғалімдер мен класс жетекшісінің қызметі үшін негіз болуға тиіс.

Бұл үшін отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің топтық және жеке түрлері пайдаланылады: тәжірибе алмасу конференциясы, тренингтер, ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесу, ата-аналар жиналысы, сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру.

Әрбір оқу тоқсанының соңында қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізу және ата-аналар қоғамдастығының алдындағы қамқоршылық кеңестің ашық есеп беруі, Білім күніне арналған жалпыұлттық класс сағаттары, «Менің отбасым» «Жылдың үздік жанұясы», «Жазда жанұямызбен» жас ата-аналар фестиваль-байқаулары, «Жылдың ең үздік ата-аналар кеңесі», «Жылдың үздік қамқоршылық кеңесі» слеттер, ата-аналар комитетінің форумдары, конкурстар, спорттық іс-шаралар: «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы», «Көңілді старттар» ірі жарыстар (оқушы ата-аналарының командалары, мұғалімдер) дәстүр бойынша қалады.

Осының барлығы отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді. Класс жетекшілері мен пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ата-аналармен сабақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік педагогикалық және психологиялық қызметтер мамандарына ұсынылған әдістемелік ұсынымдамалар. Академия сайтында орналастырылған [36].



Қорыта келгенде білім беру ұйымдарында отбасылық тәрбие берудің әдістемелік модулі келесідей бағыттан тұрады (2-сызба).







2-сызба. Әдістемелік модуль.
Отбасы дегеніміз – адам баласының жанына жақын әлеуметтік ортасы, сондай-ақ ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың асыл мұрасы. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ата-анасы және отбасы мүшелері оны алғаш рет өмірмен, өзін қоршаған ортамен және мінез-құлық нормаларымен таныстырады. Демек, бұл баланың келешекте саналы азамат болып өсуіне негіз болатын баспалдақ. Отбасы – бірлігі жарасқан орта, бала тәрбиесіндегі басты ұжым.

Отбасының басты мақсаты мен темірқазығы – бала тәрбиесі. Ендеше, жанұя тәрбиесі – тәрбие алудың негізгі іргетасы [37]. Яғни, адамның жеке тұлға болып ер жетіп өсуі мен адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі жанұяда қалыптасады. Сондықтан да «Отбасы – ғажап табиғаттың сыйы, тіршілік тірегі»,– десек қателеспейміз. Осыған орай, ұл-қыздарымыздың бойына ар-ұят, адамгершілік, инабаттылық, сүйіспеншілік, береке-бірлік, жанашырлық және т.с.с. асыл қасиеттерді бойына дарытатын имандылықтан бастау алған берекелі отбасының зор әсері баршылық.

Психологтардың зерттеуі бойынша отбасының төрт түрі бар.

1. Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы. Балалардың өз икемділіктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар. Тәрбиешінің көп араласуын қажет етпейді, дегенмен нақты бір кезеңде тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар мен кеңестер артық болмайды. Психолог кеңес береді.

2. Ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс бағыттарын ұстанбайтын отбасылар. Балалар ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында болуы мүмкін, осыған байланысты менмендік, өзімшілдік ойы басым дамиды. Бұл педагогтің көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді. Психолог, тифлопедагтың кеңесіне жүгінеді.

3. Дау-жанжалды отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналардың баламен ісі жоқ. Олар өзара қарым-қатынастарын шеше алмайды. Ешқандай парасатты тәрбие туралы сөз болуы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда мамандардың ақыл-кеңесі қажет және үнемі қадағалауы тиіс.

4.Ұрпақтар арасындағы сезімталдық, көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар. Ата-анасы жоқ, анасы, әкесі жоқ балалар, ата, әжесі, аға, апа қамқорлығындағы балалар бар. Мұндай отбасыларымен психологиялық, педагогикалық тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Білім алушының отбасылық құндылықтарын дамыту сабақта, сабақтан тыс, мектептен тыс жерлерде жүргізіледі (4-кестеде). Сонымен қатар, қосымша білім беру ұйымдарында үйретіледі.
4-кесте – Отбасылық құндылықтарды дамыту құралдары.


Білім алушының отбасылық құндылықтарын дамыту құралдары

1

Мектеп пен отбасы ынтымағын қалыптастыру

2

Қоғамға пайдалы жұмыстар

3

Оқыту процесінде (сабақтар)

4

Сабақтан және мектептен тыс шаралар

5

Туыстық қарым-қатынас дәстүрі

6

Ана мектебі

7

Әке мектебі

8

Ата мектебі

9

Әже мектебі

10

Аға мектебі

11

Жеңге мектебі

12

«Жаман болады», «ұят болады», «обал болады», кие ұғымы

13

Ұлттық ойын

14

Табиғат

15

Еңбек

«Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі, Ана мектебі. Аға мектебі, «Жеңге мектебі» қосымшада түсіндірілген.



Ұлттық ойын. Балаларды еңбекқорлыққа, үлкен өмірге дайындау үшін өзіндік әсері бар маңызды шаруа. Тәрбиемен тура және тікелей байланысты құбылыстардан табиғатқа жақын ойын тұр. Бұл табиғатқа сай адам ойлап тапқан кереметтердің кереметі ғой.

Балалар осы жас ерекшеліктеріне байланысты ойын түрлерін қалайды. Алтыбақан – мектеп жасына дейінгі бүлдіршін балалар ауладағы алтыбақанда ойнауға құмартады. Биікке қалықтаған баланың көңілі шарықтап, шад-шадыман күйге бөленеді.

Асық ойыны – албырт шақта ер балалар асық ойынына, ал қыз балалалар қуыршақтармен әр түрлі мамандық ролінде ойнауға құмар болады.

Ақсүйек – бозбала мен бойжеткендер ойыны деп атаймыз. Ай қараңғысында жастар сезімін білдіріп, махаббат құндылығын бастан кешіреді.

Ойын – балалардың қызметінің алуан түрлі және бай саласы. Ойынмен бірге балалар өміріне тамаша өнер келеді.Ол халық мәдениетімен тәрбиелеу құралы ретінде әнмен, бимен, билеумен, ертегілермен, жұмбақтармен және халық шығармашылығының басқа түрлерімен байланысты.

Отбасы – адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі.Мектептің ата-аналармен өзара әрекеттесуі баланы тәрбиелеуге, сенімге, сыйластыққа, шыдамдылыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге өзара мүдделілік қағидаттарына негізделуі керек. Бұл бөлімде жалпы адамзаттық, ұлттық, отбасылық құндылықтар туралы айтылды.

Еліміздегі әрбір бала өскенде ауылдастарының не қала тұрғындарының, ұжымы мен көршілерінің арасында ерекше сый-құрметке ие болып, Отанына адал қызмет ететін еңбек адамы ретінде жетілуі үшін барынша қолайлы жағдай туғызу – баршамызға ортақ міндет.

Мектепте берілетін отбасылық құндылықтар көрсеткіші білім алушының іс-әрекетін бағалау арқылы білеміз (5-кесте) және мектептен тыс жерлерде, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы арқылы бағалай аламыз.


5-кесте – Отбасылық құндылықтар көрсеткіші

Отбасылық құндылық нәтижелері:

1

Оқушының тәрбие деңгейінің көтерілуі:

1. Білім сайыстарына белсенді қатысуы.

2. Волонтерлік жұмыстарға белсенді атсалысуы.

3. Ұлттық құндылықтарды қастерлеуі.

4. Өлкетанушылық тиімді әрекеттері.

5. Қоғамға қайшы әрекеттерден бойын аулақ ұстауы.

6. Қоғамдық орындарда жағымды мінез-құлқы.


2

Адамның жалпыадамзаттық және ұлттық, рухани-адамгершілік қасиеттерінің көрінуінің прогрессивті көрсеткіштері.

Ұстаздарды құрметтеу, үлкенге сəлемдесу, орын ұсыну, жол беру, кимелеп баса көктеп өтпеу, қонаққа есік ашып, төрге шығарып, жақсы қабақпен қарсы алып, орнымен шығарып салу, ағайынға, жетім-жесірлерге, мүгедектерге, жора-жолдастарға қайырымды болу сияқты ұлттық салт-дəстүріміз – ешқашан ескірмейтін ұлттық құндылықтарымыз.


Отбасылық құндылықтарды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру мен дамытуда барлық мүдделі тараптар (құзырлы мемлекеттік органдар, ардагерлер кеңесі, қоғамдық ұйымдар, мектептер мен ата-аналар, оқушылар т.б.) біріге отырып, жүйелі түрде кешенді шараларды әзірлеп, оларды іске асыруға жұмылуы қажет.

Жаһандану жағдайындағы елімізде ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз.

Қорыта айтқанда, біздің ел ұлт тарихы терең, ғасырлар қойнауынан сүзіліп, екшеліп жеткен берік салт-дәстүрі бар қайсар ел.Осыны келешек ұрпақ ұғымы, мақтан етердей жүректеріне орнықтыру,біздің бүгінгі ат үстінде жүрген баршамыздың ең басты міндетіміз болуы шарт.

2 Орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасы институтының маңыздылығы мен отбасы құндылықтарын тарату бойынша әдістемелік ұсынымдар

Қазіргі уақытта мектеп пен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін реттеу үшін олардың арасындағы үлгі шарт міндетті түрде жасалады. Осы құжат негізінде ата-аналар оқушыға білім беру мен тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру ұйымымен бірлесіп әрекет жасауға, ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында көзделген ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңестің, ата-аналар жиналыстары шешімдерін ескеру, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарының басшы органдарының жұмысына қатысу тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыруға қатысуға құқылы.

Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмыстары ҚР-ның төменде көрсетілген нормативті-құқықтық құжаттарына сәйкес жүргізіледі:

1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі. 26.12.2011ж.;

4) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы. 2002ж.;

5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы. 2009 жыл;

6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР заңы 02.07. 2018 ж. №169-VI З ҚР;

7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27.07. 2007 ж.;

8) БДМБ 2020 - 2025 жж. ҚР үкіметінің №988 қаулысымен 27.12.2019 ж.;

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.

Көрсетілген Заң баптарынан үзінділер келтіреміз.

Бала құқығы туралы Конвенцияның 29- бабы «Білім беру міндеті»

Білім беру мекемелері баланың жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамыту керек; ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуы керек.



Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңның 6,11, 20, 34, 49 баптарынан.

Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:

1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;

2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;

3) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;

4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу;

5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету;

6) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.



«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері:

  1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық

  2. Психологиялық зорлық-зомбылық

  3. Сексуалдық зорлық-зомбылық

  4. Экономикалық зорлық-зомбылық

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңынан.

Бұл Заң балаларды денсаулығына және имандылық, рухани, психикалық, физикалық және әлеуметтік дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен заңнамалық кепілдіктерді енгізу арқылы балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан.

Жалпыға ортақ құндылықтарға, тарихи тәжірибеге, рухани мәдениетке және ғасырлар бойғы халықтық дәстүрлерге негізделген мемлекетіміздің білім саласындағы саясатының негізгі бағыттарын айқындады.



«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінен.

10-тарау. Баланың құқықтары. 60, 62, 67 баптар;

11-тарау. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері. 70, 72 баптар.

Бұл заңдар бала тәрбиесі бойынша жауапкершілікті жан-жақты баяндайды. Баланың үздіксіз дамуын қадағалау, бала денсаулығына қамқорлық жасау, еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдауға және баланың жан-жақты дамуына көмектесу.Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту. Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға сонымен қатар болашақ өмірге дайындау болып табылады.

Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан мектептер ата-аналармен келісім-шарт жасайды. Бұл құжатта білім алушы, ата-ана және мектеп міндеттері көрсетілген [38]. (Қосымша 1).

Бала мектепте 6, 7 сағат болса, 18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері класс жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.

Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және мектепте балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілігін арттыруға арналған жылдық жұмыс жоспары құрылуы тиіс.

Сіздердің назарларыңызға Батыс Қазақстан облысының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының педагогы Амирова Бақытжамал Ғалымжанқызы әзірлеген ата-аналармен бірлесіп жасалатын жұмыс жоспарын ұсыныс отырмыз [39].

Жоспарда әр тоқсанның соңғы күндері «Ата-аналар» күні болып белгіленген. Ата-аналармен тақырыптық жиналыс өткізіледі (6-кесте)
6-кесте – Ата-аналармен бірлесіп жасалатын жұмыс жоспары


Мерзімдері

Ата-аналарды педагогикалық ағартудың тақырыптары

Жанұялармен жүргізілген жеке-дара жұмыс

Қыркүйек

«Ал, енді танысайық» ата-аналар жиналысы

Кеңесті сайлау және оның жұмысын жоспарлау

«Ортақ істеріміз» атты ата-аналар жиналысы

Бірлескен істерді жоспарлау үшін сауалнама, тренинг

«Отбасы және тәрбие бастауы»

Ата-аналар жиналысы

Қазан

Ата-аналармен жеке пікірлесу

Сұхбат-пікірлесу

«Біз шығармашыл жандармыз»

Ата-аналар мен оқушыларға арналған көрме

«Ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесі»

Тақырыптық кеңестер

Қараша

І тоқсанның қорытындысы




Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хат

Алғыс хаттар, мадақтамалар

Психолог, мамандар дәрісі

Сауалнама, пікірлесу.

Желтоқсан

Ата-аналар жиналысы «Отбасындағы бала тәрбиесі».

Жаңа жылға ұжымдық шығармашылық даярлық.

Қаңтар

Ата-аналармен жеке пікірлесу.

Психолог, мамандар кеңесі



Сұхбат-пікірлесу.

Кеңес беру



Ақпан

«Ұл тәрбиесі» атты тақырыптық кеңес

Кеңес беру, пікірлесу.

Наурыз

«Жатақхана аруы».

«Отбасындағы қыз тәрбиесі»



Тақырыптық кеңес

Сәуір

ІІІ тоқсанның қорытындысы.

Оқушылардың ең үздік жұмыстарының көрмесі



Көрме

Мамыр

Жыл қорытындысы. Ата-аналар жиналысы

Ата-аналарға мерекелік концерт. Алғыс хаттар


Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.

Ерекше қажеттілігі бар балаларға отбасылық дәстүрлердің маңызы ерекше.Отбасылық дәстүр бұл ерекше кездесулер мен отбасылық мерекелер, бүкіл отбасының табиғатқа бірлесе шығуы (қонаққа және т.б.), концерттерге (көрмелерге, спектакльдерге) баруы, жақындарына сыйлықтар дайындауы, фильмдерді бірлесіп көруі, шай ішу, бірлесіп серуендеу (табиғатқа, мұз айдынына, саябаққа және т. б.) [36].

Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен биылғы жыл «Волонтерлер жылы» деп жарияланды. Президент өз сөзінде биылғы жылдың міндеттеріне тоқталып, бірнеше бағыттарын (7-кесте) атап өтті [40].


7-кесте – «Волонтерлер жылы» бағыттары




Бағыттары

Мақсаты мен міндеті

1

«Саулық» бағыты

Медициналық волонтерлік дамып, науқастарға қамқорлық көрсетіледі.

2

«Таза әлем» жобасы

Бұл қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету.

3

«Асыл мұра» бағыты

Волонтерлерді халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға тартады.

4

«Қамқор» бағыты

Еріктілердің қарттар үйлерінде жұмысына бағытталған.

5

«Білім» бағыты

Бұл ауыл мектептерінің жоғары класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту.

6

«Үміт» жобасы

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыздың ерліктерін паш ететін құжаттарды іздеуге бағдарлау.

Бұл бағыттардан бөлек волонтерлер балалар үйлеріндегі балаларды қамқорлықтарына ала алады.


Волонтерлікпен айналасатын адамдарды волонтер деп атайды. Олар ақысыз, ерікті қоғамдық жұмыс атқаратындарға жатады.

Қоғам үшін пайдалы іспен айналысатын білім алушыларға инклюзивті білім беру, репетиторлық, девиантты мінез-құлықты кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс, аула және спорт клубтарын ұйымдастыру, қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсету сияқты бағыттар бойынша жұмыс ұйымдастыруға болады. Жалпы волонтерлық қозғалысты одан әрі дамыту қажет.Бүгінгі таңда жастардың көпшілігі ауылдарға барып, ағылшын тілін үйретіп жүрсе, бір жағынан балалар үйлерінде тәлімгерлікті дамытуда. Бұл да игі істердің бірегейі болмақ.

Кіші мектеп жасындағы балалар үшін мынадай қызмет түрлері қолайлы: қарт адамдар, ардагерлер үшін кәдесыйлар жасау; ертегілер қою және көрсету; ата-аналарға, мектепке қажетті көмек көрсету; «жақсылық» тақырыбына суреттер көрмесін безендіру және т.б.

Орта мектеп жасындағы жобаға қатысушыларға бастауыш класстар мен балабақшаларда әр түрлі мерекелерді өткізу, сенбіліктер ұйымдастыру, қарт адамдарға, жалғыз басты адамдарға және мүгедектерге, ардагерлерге атаулы көмек көрсету,жылжымалы көрмелерді дайындау; ақпараттық орталық және тағы басқа жұмысына қатысу.

Жоғары класс білім алушылары мен колледж студенттері үшін орынды:

- жергілікті қоғамдастықтардың көмекке қажеттілігін анықтау мақсатында қоғамдық пікір мен зерттеулер жүргізу;

- әлеуметтік обьектілерді тұрақты қамқорлыққа алу;

- ардагерлерге, қарт адамдарға, жетім балаларға, мүгедектерге атаулы көмек;

- экологиялық, патриоттық және т. б. акциялар өткізу;

- ақпараттық орталықтың жұмысын ұйымдастыру;

- колледж студенттерінің алған білім бейіні бойынша еріктілік қызметін ұйымдастыру (жастар кеңестері, өңірлерде ашық сабақтар және т.б.).

2. Қалалық, республикалық, халықаралық ерікті ұйымдармен ынтымақтастық.

Жобаға қатысушылар қалалық, республикалық, халықаралық іс-шараларға, акцияларға, бағдарламаларға, форумдарға, слеттерге және т.б. қатысады, балалар мен жастардың ерікті қозғалыстарымен және бірлестіктерімен ынтымақтастықты дамытады.

Білім беру ұйымдарындағы волонтерлік қызметтің келесі негізгі бағыттарын ұсынамыз:

- Әлеуметтік волонтерлік.

- Экологиялық волонтерлік.

- Спорттық волонтерлік.

- Мәдени волонтерлік.

Жалпы алғанда еріктілердің бірлескен іс қимылы «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сүйенеді.

Күтілетін нәтижелер:

Білім аулшылар мен студенттердің волонтерлік қозғалысқа қатысуы оқушылардың дүниетанымының өзгеруіне ықпал етеді және қоғамға да, еріктілердің өзіне де пайда әкеледі. Өзінің жеке әлеуетін іске асыру, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсету, адамдық мақсатын жүзеге асыру адамның қоғамға қызмет етуге қатысуының жетекші себептеріне айналуы тиіс.

Отбасылық құндылықтарды оқыту процесінде (сабақтар) қалыптастыру.

Білім беру ұйымдарының бастауыш пен негізгі орта білім беру бағдарламаларына отбасылық құндылықтар бойынша тақырыптар енгізілген.

Сабақта білім алушылар тақырыптарда берілген тақырыптармен жұмыс жасайды. Коммуникативті қарым-қатынас әртүрлі әңгімелеу, сөйлеу түрлері арқылы жүзеге асырылады. Бұл оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, проблемалық мәселелер туғызуға, өзін-өзі талдауға, оқу мақсаттарына жетуге, өмірде маңызды болып табылатын дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Өзін-өзі тану», «Құқық негіздері» және «Адам. Қоғам. Құқық», «Дүниетану», «Биология» пәндерінің оқу бағдарламаларына жас ерекшеліктеріне орай отбасылық құндылықтарға қатысты тақырыптар берілген [41].

«Адам. Қоғам. Құқық» пәні

Отбасылық тәрбиенің құқықтық негіздерін 9-классқа арналған «Құқық негіздері» және «Адам. Қоғам. Құқық» пәндерінен толыққанды оқытамыз.

Бұл пәндерде ұлттық құндылықтарды, рәміздерді, қастерлеу, қадірлеу ұғымы қалыптасады. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды қорлаған білім аулышының ата-анасының жауаптылығы түсіндіріледі.

Бұл пәндер балаларға туыстық қарым-қатынастың мағынасы мен мәні ғылыми және құқықтық жағынан түсіндіріледі.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-класына арналған «Адам. Қоғам. Құқық» оқу бағдарламасында «Қоғам және отбасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:


  • отбасының шығу тарихы;

  • отбасындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшелігі;

  • отбасы мүшелерінің әлеуметтік міндеттері;

  • қазіргі қоғамдағы отбасының рөлі мен мәні.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет