Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері Болат Бақытбекұлы Байқас



бет2/6
Дата29.03.2020
өлшемі0,58 Mb.
#60995
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері
Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Орта білім беру ұйымдарына отбасы тәрбиесін енгізу әдістері, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі

Орта ғасырлық жиһанкез Рим папасының өкілі Плано Карпини өз жазбаларында былай дейді; «Бұл халық өз билеушілеріне, о дүниелік болған бабаларының алдында, ел билеген тұлғаларына өте адал болып келеді, бұларда жалған сөйлеп, өтірік айту деген жоқ. Бұл халықтың арасында өзара айтыс - тартыс деген болмайды. Ұрлық - қарлық деген нәрсе бұларда атымен жоқ, сондықтан болар, бұлардың есіктеріне өмірі құлып салынбайды. Бұлардың тіпті малы адасып басқа қораға кіріп кетсе де, оның иесі адасқан малды қайта айдап келеді. Жалпы бұлардың ауызбірлігі, ынтымағы өте берік және тауқыметке шыдамды, жолда ашқұрсақ жүрсе де жүзінен күлкісі кетпейтін дарқан, ақжарқын халық» - дейді [28].


Бұл асыл қасиеттер этностың өзін өзі сақтаушы қуат қор ғана, имани иммунитеті, салт-дəстүрін ассимиляциядан сақтайтын берік қамалы. Оны ғылым тілінде «энтелехия» дейді. «Энтелехия» қасиеті Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында айрықша суреттеледі.

2. Ынтымақтастық – белгілі бір отбасының ұжымдасқан мақсат, мұрат мүдделер тоғысынан туындайды. Ынтымақелдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «бірлік болмай тірлік болмас», «бірлік түбі береке», «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп түйген.

Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш күншілдік, іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Отбасындағы адамдар арасындағы ынтымақтастық пен бірліктің көрінісі бауырмалдық және жанашырлық, достық қарым-қатынастан көрінеді.

3. Бауырмалдық – адам бойындағы туысқандық, ағайыншылық қарым-қатынасқа адалдықты білдіретін құнды қасиет. Сондай-ақ, бауырмалдық тек туыстық негізде ғана көрінетін қасиет емес, ол кісінің адамгершілік, имандылық қасиеттерін айқындайтын  мінез-құлықтың жағымды белгісі.

Өзгені бауырына тарта білу, әр адамды жақын санап, қамқорлық көрсету сияқты ізгілік белгілері адамдар арасындағы өзара сыйластықты, бірін-бірі құрметтеу, жақын тұту сезімдерін қалыптастырады. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, кез-келген жағдайда оларға көмектесуге дайын тұру, қол ұшын беру қасиеті де бауырмалдықтың белгісі болып табылады.

Достық адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Дос биікке жетелейтін, шыңға шығаратын, көкке көтеретін, қызық қуанышына ортақ қиындықта демеу болатын жан. Нағыз достар – бір-біріне сенім артатын, жақсылығын асырып, жамандығын жасыратындар.

Достықта болудың бес дағдысы:



  • Шыншыл бол. Жалған қарым-қатынаста құрылған достық шыншыл болудан басталады. Әрқашан бетіне ащы шындықты айта алатын достың қабілетін сый деп қабылдау абзал. Достардың арасында ыңғайсыздау болмайды.

  • Түсінбеушіліктерді реттеу. Достар бір-бірінің әлсіз және жақсы жақтарын жақсы таниды. Сондықтан ащы шындықты айтамын деп, оның кемшілігін бетіне басу шарт емес.Уақытты өткізбей ретін тауып көңіліне тигізбей жеткізу абзал.

  • Достарына уақыт бөліп, қадір тұт, іс-шараларды ұйымдастырғанда барлық достардың көңілін ескерген жөн.

  • Достарыңнан уақытынан ерте көңіліңіз қалмасын. Ренжи беру орынсыз, күтуден пайда болады. Мысал үшін сіз досыңызға көп сыйлық сыйлайсыз, одан да соны күтесіз. Бірақ ол сізге сүйікті кітаптарыңызды тауып беріп, сізге сүйікті тәттілерімен шай беріп, сізбен бірге қызықты уақыт өткізуді жақсы көреді. Әркімнің достық сезімін көрсетудің өз жолы бар.

  • Досыңа жағу әлсіздік емес. Дауласқан кезде кімнің дұрыс айтқаны маңызды емес, дұрыс шешімге келу маңызды. Досыңа жақсылық жасаған адамның өзі бақыттырақ болады екен.

4. Көршімен татулық – Қазақта көршілікке ерекше зор маңыз беруден туған көршілік әдеп - инабат жосын - жоралғысы жасалған, көршілер күнделікті тіршілікте соларды басшылыққа алып отырған. Оның жанды өзегін өзара сыйластық, тілектестік, қамқорлық, бірін-бірі ес, сүйеніш көрушілік, қалтқысыз сенім мен адалдық құраған. Сондықтан кімде-кім өзіне жаңа мекен, қоныс таңдағанда, болашақ көршілерінің қандай адамдар екенін немқұрайды қарамаған. Өйткені болашақ өмірдің көп қызығы мен шыжығы нақ сол көршілердің инабаттылықтарына, адамгершілік болмыстарына, тәлім-тәрбиесі мен рухани-мәдени өрісіне байланысты болатын қарым-қатынас сипаттарынан туындайды.

«Үй сатып алма, көрші сатып ал» деген мақалдың түпкі мақсаты жақсы көрші ырысың берекең.

«Жақсы көрші тапқаның – көп олжаға батқаның».

«Итің жақсы болса – ырысың, көршің жақсы болса – тынысың».

Бұл жердегі «олжа», «тыныс» материалдық табыс, пайда ұғымын емес, сенім, құрмет, сүйеніш сыйластық, ауызбірлік – шын табысың, тіршіліктің бір ғанибнті сол дегенді білдіреді.

Атың жаман болса, сатып құтыласың,Көршің жаман болса, қайтіп құтыласың,- деген мақалдың мағынасы: тыныштық пен татулық тілейтін иманды көршісінің шарасыздық халін бейнелейді.

Отты үрлей берсең, өшіресің, көршіңді күндей берсең, көшіресің,- деген сөз көршіңе қиянат жасамауға, күндемеуге, қызғанбауға кекетіп мұқатуға болмайды [29].

5. Құрмет.

Ата-анаға деген құрмет. Ата-анаға деген құрметтің орны ерекше. Себебі, кез келген адамның жетіліп, ортаға қалыптасып кетуінде басты жауапкершілік ата-ананың мойнында. Өмірді сезінуге, танып білуге, мүмкіндік берген ата-анаға алғыс – әр адамның парызы. Дүниеге келген сәттен бастап түн ұйқысын төрт бөлген анаға алғыс. Әрдайым қамқор,ыстық пен суықты сездірмеген арқа сүйер пана – әкеге алғыс. Сенің табанына кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын дейтін нағыз жанашыр әрі болаттай қорған тек қана ата-ана! Ата-ананы құрметтеудің негізінде бала көмейінде «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды; кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды» деген түйін қалыптасады.

Құрмет көрсету, ілтипат ету барлығына өз деңгейін көрсетілсе, әркімнің де құрметке лайық болары анық. Сәлем беру-мұның ең жақсы мысалы. Өйткені- сәлем беру, сәлем алу – құрметтің бастауы. Оны көрсетудің амалы – мектеп ішінде құрмет пен сыйластықты арттыратын барлық шараларға оқушылармен бірге атсалысудан басталады.

Отанға құрмет. Отан деген тек туып өскен жер ғана емес, ол-күнделікті отбасы, ошақ қасы, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіңе жаратып отырған кең-байтақ жер. Отанды құрметтеу тарихын құрметтеуден басталады. Тарихын білген адам ана тілін, салт дәстүрін құрметтейді.



6. Жауапкершілік – адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді.

Жауапкершілік таныту – сенімділік және өмірін бақылауға алу деген ұғымдармен пара-пар.

Жауапкершілігі бар адам – өздігінен шешім қабылдауға қабілетті және өзінің іс-әрекеті үшін басқалары алдында жауапты болуға дайын адам. Бұл – оған сенім артуға болады деген сөз. Яғни өзінің және басқаларының алдында сөзі мен ісі сенім ұялататын, сүйенуге болатын адам.

Сонымен баламызды не оқушымызды жауапкершілікке қалай тәрбиелейміз?

Ең бірінші қадамы– өзіне жауапты болуы. Сондай-ақ, жауапкершіліктің артықшылықтары мен пайдасын тереңірек түсіндіру де маңызды. Кейін шамаларына қарай жауапкершіліктерін біртіндеп арттырып отыруы керек. Олардың жауапкершілікке ие тұлға ретінде жетіліп келе жатқанына көз жеткізесіз.



7. Адалдық – адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогресспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі – қазақтың әулиесі сол», – дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.

Адалдық ол жүріс-тұрыстың жалғандығы, алаяқтық, ұрлық,алдау және т.б. жағымсыз әрекеттер орындалмаған жағдайда ар-ұят,шыншылдық, қарапайымдылық,шынайылық, сияқты жақсы қасиеттердің көрініс табуы.

Адал адам – ешкімнің ақысын жеп,ғайбат сөйлемейтін,кісіге қиянат жасамайтын, өтірік айтпайтын,шыншыл,сөзіне берік жан. Яғни, өз ісіне адал болуы, аманатқа қиянат жасамауы, әрдайым шыншылға жақтас болуы адалдықты сипаттайды. Адалдық құндылығы достарына, қоғамға, Отанына адал болуы арқылы адам бойына сіңіріледі.

Достарына адал болу. Адамдар саналы түрде бірге өмір сүргенде бір-біріне сенім артатын жандарға мұқтаждық сезінеді. Сол себепті, халық арасында бір-бірімен сырласатын,шерін тарқататын, күш-қуат,жігер алатын достық қарым-қатынастар пайда болады. Достың сырын сақтай білу,уәдесінде тұру,ғайбаттаудан алыс болу, теріс әрекеттеріне жол бермеу досқа адалдықты білдіреді.

Қоғамға адал болу. Әрбір жан қоғамға сыйлы, сенімді, адал және өзін жақсы көретін адамдардың қоршауында болуды қалайды. Кейбір жағдайларда өтірік айта салу, ұрлық жасау немесе алдай салу оңай шешім жолы болып көрінеді. Бұл әрекет адалдықтан алшақтататынын сездірместен әдетке айналса, қоғам адалдығына қиянат жасаумен іспеттес. Шыншыл болу қорқынышты және қиын болуы мүмкін. Бірақ қиял әлемінде адал өмір сүргенше, шын өмірде қиындықтарға төзе білуі, өзіне жақындарына, қоғамына адал болуы әлдеқайда жақсырақ. Бұл оның пісіп-жетілуіне мүмкіндік береді.

Отанына адал болу. Отанға адалдық қоршаған ортаға, қоғамға жасап жатқан адал ісінен көрінеді. Әркім өз жұмысын адал орындаса, өзіне де, еліне де пайдасы тиеді. Өз саласының адал маманы ретінде қызмет ету де Отанға адалдықтың белгісі. Ал жастардың білімі мен тәрбиесін шыңдауы Отанға адалдығының үлесі болып есептеледі.

Класс ішіндегі адалдық мұғалімнің жалпыға бірдей көзқарасынан басталады. Білім алушыларды теңдей бағалау – адалдықтың белгісі. Білім алушының айнасы мұғалім болғандықтан, әрбір принципін шынайылықпен ұстанған жөн.

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, қоғамдық сананы жаңғырту үшін өткізілмек. Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Абай атамыз баласы Əбдірахманның қазасына қатысты айтқан наза-жоқтау жырында:

Кешегі Оспан ағасы,

Кісінің малын жемепті.

Адалдық үшін алысып,

Жегішке ақы төлетті...

Арғы атасы қажы еді,

Бейіштен татқан шəрбəтті,

Жарықтықтың өнері,

Айтуға тілді тербетті,

Адалдық, ақыл жасынан,

Қозғапты, тыныштық бермепті, – деп, інісі Оспан мен əкесі Құнанбай қажының адалдық жолынан таймай өмірден өткенін үлгі ретінде жоқтауға қосады. Жалпыдамзаттық адамзаттық құндылықтарды насихаттаған ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани құндылық көзі болып қала береді. Сондықтан ұлтымызды жаңғырту ісінде оның еңбектерін ой елегінен өткізіп, көкейкестілігіне көз жеткізуіміз керек.

Бүгінгі балалардың болмысынан ұлттық менталитетімізді жоғалтып алдық. Орта білім беру ұйымдарындарында ұлттық құндылықтар үйретілмеуі бала тәрбиесіндегі осындай олқылыққа себеп болып отыр. Дегенмен балалардың ұлттық құндылықты білмекке құмарлығы шексіз. ұлттық құндылықты үйрету білім берудегі басты міндеттердің бірі деп айта аламыз.

Ұлттық құндылықтар ұлт болмысы. Ол әрбір халықтың тарихи өмірде қол жеткізген, ғасырлармен қалыптасқан құнды дүниелері, рухани қасиеттері мен мәдениеті. Онсыз ұлтты елестету мүмкін емес.

Ғасырдан-ғасырға, атадан-балаға, ананың ақ сүтімен бойымызға, тәрбиесімен ойымызға сіңіп, біздердің бүгінгі таңда «тұлға» атанып, өзімізді табуымыздың, тануымыздың, тіпті, өзге ел-жұртқа танытуымыздың негізгі күші-рухани байлығымыз. Ал, рухани байлық-рухани қазыналардың жиынтығы, сол қазыналарды игеруді мақсат тұтқан жеке адам басындағы сезім, ақыл, парасат, өнер, білім қабілеттерімен қамтылған, әдемі салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен ұштастырылған баға жетпес ұлт құндылықтары.

Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» – деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.



8. Еңбекқорлық. Еңбекққорлық туа біткен қасиет емес. Ол – ата-аналардың өз баласына үздіксіз үйретуі арқылы дағдыға айналады. Еңбекққор болу – жауапкершілікті және үлкен табандылықты талап етеді. Оқушы еңбектенуге бейімделген болса, келешек өмірде өз орнын табуына және кәсіби маман болуына үлкен септігін тигізеді.

Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Отбасы тәрбиесінің жүрегі – еңбек тәрбиесі.

Адамды шыңға жетелеп, бар мақсатына уақытында жеткізетін қасиеті –еңбекқорлық. Көп жұмыс істейтін адам еңбекқор емес. Еңбекққор адам белгілі бір істе жауапкершілікті монына алып, не істеу керектігін түсініп, жұмысты жоспарлы түрде өз уақытында аяқтайды. Жұмыс нәтижелі болуы үшін ұзақ уақыт жұмыс жасаудың қажеті жоқ. Оны ақылмен де ерте аяқтауға болады. Физикалық күшті жұмсамай-ақ оң нәтижеге жетуге болады. Сондықтан уақытты да, ақылды да қатар ұстау маңызды.

Ал қазіргі таңда қоғамға пайдалы еңбекқор тұлғаны қалай қалыптастыруға болады?


  • Баланы дайынға үйретпеу.

  • Жасына немесе жеке қабілетіне қарай жауапкершіліктер жүктеу.

  • Істің жасалу жолын үлгі бойынша көрсету.

  • Нақты мақсаттар қоюды үйрету.

  • Сұхбат жүргізу және оларға еңбекқорлықтың маңызын түсіндіру.

Тәлім-тәрбие берудің ең оңтайлы жолы – өзің үлгі көрсету. Осы дағдыларды терең меңгерген бала еңбектенудің маңызын түсінеді. Мына бір әкем мен бала диалогынан ересектердің өнегесінің балаға тигізетін ықпалы айтылады. Бірде мектептен алып келе жатқанда ұлым:

- Әке, жаңа мектеп алдын қар күреп жүрген адамды таныдыңыз ба?

- Танымаймын.

- Біздің директор ағай ғой.

- Директорларың кабинеттен шаршап, бой жазайын деген ғой.

- Жоқ, ол кісі қарды ылғи күрейді - дейді риза көңілмен.

Бұдан шығатын қорытынды, балалар жақсылықты пайымдап жүреді. Сондықтан ата-аналар баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.

9. Этика-әдеп. Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және жағымсыз қылықтардан аулақ болу. Әдеп тәрбиенің басты көрінісі. Әдептің негізгі мақсаты – адамға жамандықтың зияндылығын түсіндіріп, одан бойын аулақ салуға үйретіп, адамгершілік жолына сілтеуі. Әдепті адамдар – қоғамның байлығы. Қай қоғамда болмасын әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да тұрақты болады. Егер қоғамда бір адам әдепсіз болса, басқаларын сыйламайтын, орынсыз оғаш қылықтарымен айналасына күйедей жұғып қоғамға үлкен зиянын тигізеді. Халықтың «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дейтіні сондықтан. Ұлы Абайдың «Қолымда билік күші болса – адам мінезін жөндеуге келмейді - дегендердің тілін кесер едім» деген сөзінің мәні соған саяды. Әдептіліктің мәнін түсінбеген қоғам сөз жоқ, өзінің түбіне жетеді.

Әдептілік – адам бойында бірден бола қалмайды. Ол бірнеше жылдардың, қоршаған ортаның, үйдегі жақсы тәрбие жемісі. Негізі әдептілік сәлемнен басталады.

Әдептіліктің түрлерін ажыратып көрелік:

Қарым-қатынас әдебі –адамдардың ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі. Кезіккен адамға алғаш сәлем беру – ізеттілік. Оны көпшілік ортада бұлай жіктеуге болады.

- Үйде. Ата-анамен, іні-қарындаспен, аға-апамен сыйласу, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау;

- Көшеде. Дұрыс сымбатты жүру, үлкен кішімен сәлемдесу, қарт адам кездессе көмектесу, орынсыз ысқыруға жол бермеу;

- Мектепте. Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастармен, ұстаздармен сәлемдесу, оқу орындарындағы қоғам мүлкіне дұрыс қарау, сабақты бар зейінімен тыңдау, сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерді сақтау;

- Қонақта. Әр нәрсеге таңданып, орынсыз сұрақтар қоя бермеу, босқа абыржымау, екеу-екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн-түнсіз, өзімен –өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің пікірлерімен бөлісу;

- Дастарханда. кітап оқымау, артық әңгіме айтпау, ерсі қылықтар жасамау,үлкеннен бұрын бастамау, ұялы телефон қолданбау, басқаларына ыңғайсыздық туындататын әрекеттер жасамау, ас ішерде аузын жауып шайнау.

- Қалада. Көліктер арасында жол ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы аналарға орын беру, басқаларына кедергі болатын әрекеттер жасамау.

2. Сөйлеу әдебі – адамдармен қарым-қатынаста жұрыс әрі орынды сөйлеу, тіл тазалығын сақтау, болмашы қылжақбастық әңгімелерді айтпау, тақырыпты шектен тыс қозғамау;

3. Тыңдау әдебі, тыңдау этикасы өзің сөйлесіп тұрған адаммен мәдениетті түрде сөйлесе білу. Оның сөзін бөлмеу, орынсыз кіналамау, әңгімені басқа тақырыпқа бұрмау.

Киім кию әдебі ұқыпты, таза, жарасымды киім кию, сырт көзге ерсі көрінетін киімдер кию арқылы басқалардың назарын өзіне аудартпауға тырысу, киетін киімнің түстері ең көбіне үш түстен артық болмауына назар аудару;

10. Отансүйгіштік – өзінің жеке мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын, терең құрмет пен сүйіспеншілік сезімі. Отансүйгіштік өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше сатысы бар. Елбасы «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» дейді. Кез-келген мемлекеттің құрылуында өзіндік сыр бар. Сол тарихты терең меңгерту арқылы Отанның қадірі артады. Өткенмен мақтана алатын ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз.

11. Кішіпейілділік жеке адамның жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке басына керек-жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы. Адам – әлеуметтік тіршілік иесі. Осыдан адамның басқалар алдындағы, қоғам алдындағы, табиғат алдындағы жауапкершілігі, міндет-парызы келіп шығады. Осыны сезіну оны кішіпейіл етеді. Ондай адам өзінің артықшылықтарына пәлендей мән беріп жатпайды, өзінен-өзі солай болуға тиісті нәрсе деп қарайды. Бұл сияқты адамдар көбінесе, шынында да, айтарлықтай артықшылықтары бар адамдар, өз еркімен қоғамға, адамзатқа қызмет істеуге бел буған кісілер болып келеді. Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады. Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, өзінің қызметін дабырлатып марапаттамаудан көрінеді. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді. Өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды. Қарым-қатынаста тұрақтылық басым болып, аумалы-төкпелілікке жол бермейді. Бірақ мұның бәрі қандай жағдайда да өз пікірін ашық айтуға кедергі келтірмейді. Өйткені, ол өзіне де, өзгеге де жоғары талап қояды. Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады. Кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге дайын тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол – мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін де халық: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген [30].

Кішіпейіл адамды қалай тануға болады?

- Өзгелерді құрметпен тыңдай біледі. Сол үшін басқалардың алдында абыройлы. Ол өзін жетілдіру үшін немесе одан әрі шыңдарға жету үшін аянбай еңбек етеді. Жақсылықты үйренуге талпынады. Ал, өркөкірек адам басқалардан ештеңе ала алмайды. Өйткені ол өзін әрқашан биіктемін деп ойлайды.

- Мақтанудан алшақ болады. Мақтаған жерден қашып кетуге дайын тұрады. Қандай игілік жасаса да оны мақтаныш үшін жасамайды.

- Өзінің емес өзгенің қамын ойлайды. Олар «адамдардың абзалы-адамдарға пайдалысы» деген позицияны ұстанады. Кез келген жағдайда өзгенің игілігін қалап тұрады.

12. Қарапайымдылық – адамның кез келген жағдайда бір қалыпты, ұстамды болу қабілеті. Ол тек қана мінезден байқалмайды. Сөйлеген сөзінен, киген киімінен, жүріс-тұрысынан, өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады.

Қарапайымдылықты сақтаудың жолдары:

– асыра сілтеуден алыс болу;

– тәкаппарланбау;

құштарлықтарды тыя білу;

– басқалармен қарым-қатынаста адал болу.



Кешірімділік адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Адамгершілік,имандылық сияқты гуманистік ұғымдарға мәндес категория. Адамның оқыс істері мен қоғамға зиянды іс-әрекет жасағаны анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, гуманистік қамқорлық жасау, кеңшілік көрсету – кешірімділік болып табылады.

Кешірімнің көптеген психологиялық техникалары бар болса да, сатқындық жасау, ренжіту, кемсіту, қорлауға қатысты кешірім жасаудың өзіндік қиындықтары бар. Кешірім жасаудың саналылыққа байланысты екендігіне тоқталады. Бұл орайда әрбір мәселеге саналылықпен қарау орын алған оқиғаға дұрыс баға беруге, тіпті жаныңды ауыртатын сезімнің өзін алғыс түрінде қабылдауға мүмкіндік береді. Мұндай оқиғаның саналылықпен қарастырылуы адам үшін өмірлік сабақ болуы мүмкін.

Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтары үшін де адамға кешірімділік жасалып, оған дұрыс жөн-жосық көрсетіледі. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адамға да кешірімділік жасалады.

Кешірім сұрау – әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Кешірімділік – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі.

Егер жоғарыдағыдай барлық жасалған әрекеттері дұрыс болса, ол адамның жан дүниесінде тыныштық орнайды. Яғни, бұл адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық орнайды деген сөз. Егерде отбасымызда тыныштық орнаған болса демек, қоғамымыз да тыныш болды, онда мемлекетімізде де тыныштық орнайды деген сөз.

Тыныштық дегеніміз–жүректі тыңдау. Жүректің үнін сезіне білу–әлемнің мейіріміне бөлену.

13. Сүйіспеншілік – адам жанының асыл қасиеті, рухына қанат беретін ең күшті, ең тұрақты, ең ұлы сезім. Сүйіспеншілік өзін-өзі өзгелерді тануға жетелеп, сыйлауға негіз болады және Отанды елді құрметтеуге үйретеді, табиғаттың сұлулығын сезіндіреді. Сүйіспеншілік тұтас бір ұғым болғанымен де, оны танытудың көптеген түрлері кездесіп жатады. Мысалы, өзімшіл сүйіспеншілік, өзара сүйіспеншілік және ең бастысы риясыз сүйіспеншілік.

Өзімшіл сүйіспеншілік – қарым-қатынас құрудың басты кілтін құрайтын сезім. Сүйіспеншілікті сезінген адамда қызығушылық, тануға талпыныс, ізденушілік, тіршіліктің көзі пайда болады. Сүйіспеншілік танытқан жаратылысты тануға, жан-жақты зерттеуге алады. Таныған сайын оған мейірімі артып, қамқорлықпен қарайды. Бұл адамзатты өмір сүруге құлшындыратын құбылыс. Сүйіспеншілік тек қана адамдар арасында емес, жан-жануарға, табиғатқа, құбылысқа, деген сүйіспеншілік те болады. Себебі адамзаттың жаратылысы мейірімге, сүйіспеншілікпен орнаған қарым-қатынасқа мұқтаж жаратылған, яғни, өзара сүйіспеншілік мейірімді, мейірім қамқорлықты туғызады.

Риясыз сүйіспеншілік – күллі тіршілікке, болмысқа, адамзатқа ештеңе қажетсінбестен, қайтарымын сұрамастан сүю.

Шынайы сүйіспеншілікке қол жеткізген адам нұр шуағын шашқан күн сияқты. Ештеңе қажетсінбестен, қайтарымын сұрамастан, барлығына бірдей көмектесіп, қол ұшын беруін айтамыз.

Сүйіспеншіліктің өзгелердің мәселесін «түбегейлі шешу» деген сөз емес екенін түсінесіз. Сүйіспеншілік дегеніміз – нәтижесі қандай болса да, басқаларға қол ұшын беруге тырысу, көмекке даяр болу.

14. Мейірімділік адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. «Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады» (Шәкарім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн «кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең – мейірімділік көресің» деп, мейірімділікке зор мән берген.

Мейірімділікті жүрекке ұялату үшін:

- Өзгені жан-жақты тануға тырысу. Бұл эмпатия құру арқылы іске асады.

- Қайтарамын күтпестен сүйе білу маңызды.

- Мұқтаж жағдайда ғана қамқорлық пен жанашырлық таныту. Себебі, қажеттіліксіз көрсетілген қамқорлық кері әсерін тигізеді, жағымсыз қасиеттердің пайда болуына себепші болады.

- Қамқорлықпен жасаған игі істерін ұмытпау, ешкімге міндетсінбеу.



15. Эмпатия (лат. empatheіa) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі.

Қазақтың тиым сөздері мен табу сөздері тұнып тұрған эмпатия. Күнделікті өмірде өзіміз байқай бермейтін менталитетімізден көрінеді. Мысалы ақын Абайдың «Қыс» деген өлеңінде қасқырды – ит деп атайды. Оның себебі жамандықтың атын шақырсаң көбейіп кетеді деген ұғымда жатқанын біле бермейміз. Сонымен қатар, жас әйелдің ат тергеуі де осыны көрсетеді. Ат тергеу – жаңа түскен келіннің атасы мен енесіне, қайнағалары мен абысындарына, қайын сіңлілері мен қайындарына, ауылдағы жасы үлкен адамдарға өзінше ат қою дәстүрі.

Сондай-ақ, жас келіншектің бойына бала біткенде абысын-ажындары қосылып, енесіне хабар береді. Оны да жай айта салмаған. Аяғының ауырлығын жеткізудің өзінде бір көрегендік бар. Абысындары енесіне келіп: «Күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар», «апа, келініңіз елдің алғысын алыпты, айранға, көжеге тойыпты» - деп жеткізген. Жасырып айтудың бір себебі – жас келін естігенде қысылып, ұялмасын десе, екіншіден, іштегі сәбиге тіл-көз тимесін дегенді білдіреді.

Келінінің жүкті екенін естіген ене ауылдың барлық ақ жаулықты аналарын, көрші-қолаңның әйелдерін жинап, құрсақ тойын жасайды.

Құрсақ тойдың ене мен келіннің ара-қатынасын жақсартып, жас келіншекті қайын жұртымен жақындатуға тигізер пайдасы зор. Дүниеге енді келетін нәрестенің ең алғашқы тойы саналғандықтан халық оны ерекше ықыласпен орындаған.

Құрсақ шашу дәстүрін көбіне жаңа түскен келінге жасайды. Бұның астары да терең мәнге ие. Алақаннан ұшып, бөтен қияға қонған жас келіннің жаңа үй ішімен, күйеуінің ағайындарымен, көршілерімен тез сіңісіп кетуі оңайға түспесі анық. Жұбайынан өзге ешкімді жақыннан танымайтын келіншекті қайын жұртымен жақындастыруда құрсақ тойдың маңызы ерекше. Арнайылап үлкен құрсақ тойын жасап берген ене мен қолында бар тәттілерін қосып әкелген ауылдың ақсамайлы аналарына жас келіншектің ілтипаты, құрметі артады. Ең бастысы – нәресте анасының құрсағында жатқаннан бастап бойына жақсы тәлім-тәрбиені сіңіріп, өседі. Бір ұлттың заңғар келешегін діттейтін ерекше ғұрыптың мәні осында [31].



16. Тазалық – бұл кірдің, шаңның, дақтардың, жаман иістер мен қоқыстардың болмауы, нәрсенің бастапқы күйінде болуы. Көзге көрінетін және көрінбейтін ластықтан арылу. Тазалықтың сыртқы және ішкі екі түрі болады. сыртқы тазалық – физикалық дененің және қоршаған ортаның тазалығы. Ал ішкі тазалық таза, шынайы күйге немесе ішкі болмысқа жатады. Яғни, тіл тазалығынан бастау алып, ой-сана, ішкі жан дүниенің тазалығына жалғасады.

Тән тазалығы мен қоршаған орта тазалығы ой тыныштығын кез-келген кедергі факторлар мен алаңдаушылықтан алыс қалуын қаматамасыз етеді.

Медицина көқарасында өмір сүру үшін тазалықтың маңызы өте зор. Ластанудың кез-келген түрі инфекцияға әкеп соғады. Инфекцияның түбі ауру мен өлімге апарады.

Ішкі тазалық яғни жан тазалығы– жаман қасиеттерден арылу. Құмарлық, ашкөздік, жеккөрушілік, өзімшілдік пен зұлымдық сияқты қылықтарды тазартқан сайын ақыл-ой өмір сүруден ләззат алады.



Тазалық өмірдің негізгі мақсаты емес, бірақ бұл – мақсатқа жетудің кілті. Дененің және ақылдың ластығы мақсатына жетуіне көптеген кедергілер туғызады. Ой кірлілігі адамды негізгі қызметінен алшақтатып, өзіне және айналасындағыларға қауіп төндіреді. Сол себепті тазалықты кең ауқымды ұғым ретінде адамзаттың шынайы құндылығы, мақсатты өмір үшін жоғары бағаланатын қасиет екенін оқушыларға түсіндіру керек. Яғни, тән тазалығы –денсаулық болса, ой тазалығы – ақыл, жан тазалығы – жүрек екенін терең ұғындырғаныңыз абзал.

17. Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы. Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты адам денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.

Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

18. Ана тілі. Белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл. Себебі өзге құндылықтар адамға сезім мүшелері, оның ішінде тіл арқылы беріледі. Сондай-ақ тіл тазалығы – өмір сүруді жеңілдететін факторлардың бірі. «Тіл жоқ жерде – ұлт та жоқ». Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет.

«Ана тілі арың бұл. Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл. Өз тіліңді құрметте». Қадыр Мырза.

Ана тілінің маңызы отбасылық құндылықтар қатарында жоғары тұрады. Қазақ отбасы мақал-мәтелдер арқылы баласына ақыл-кеңес, үлгі-өнеге үйретеді. Халық ежелден тіл құдіретінің тәрбие құралы екеніне көңіл бөлген. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды,тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ.

Елбасының «Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас екендігі даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəнінде мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» делінген.

Қазақстанда 2006 жылдан бері кең насихаттала бастаған «үш тұғырлы тіл» саясаты бойынша қазақстандықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі құп көріледі.

19. Жеті ата. Әрбір халықтың ұлттық дәстүрлері мен ұлттық менталитеті ерекшеліктеріне сәйкес жеке басын қалыптастыратын өзіндік ерекше өмір салты бар. Халықтың көптеген әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері тәрбиенің жазылмаған заңдары мен отбасының моральдық кодексі болып табылады, онда жастарды тәрбиелеудің сан ғасырлық тәжірибесі қалыптасады.

Ал ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт-дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Оларды бір-бірінен бөліп те қарай алмаймыз. Себебі, олар бірін бірі толықтыра отырып, тұтас бір ұлттық болмысын құрайды.

Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Әрбір қазақ жеті атасын жетік білуі міндетті, бұл отбасылық тәлім-тәрбиенің негізі. Жеті атаның туыстық атауы: бала-немере-шөбере-шөпшек-немене-жегжат-жұрағат.

Бауыржан Момышұлы өзінің естелігінде жеті ата туралы былай дейді. «Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.

- Кімнің баласысың?- деп сұрайтын ол.

- Мен Момыштың ұлымын.

- Момыш кімнің баласы?

- Момыш-Имаштың баласы.

Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сосын жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы осылай басталатынын ол кезде кім білген? –деп жазады.

Қазақ халқында жеті туралы мақал мәтелдер көп. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Жеті атасын білген жетімдік көрмейді», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер» дейді. Тәрбие – қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын басты іргетас. Сол себепті адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесіне аса мән берген.

Әсіресе, феодалдық қоғамда жеті атаға жетпей қосылғандарды шариғат заңымен қатаң жазалаған. Осындай жаза түрлеріне жатқызылды:

Теріс бата – әке-шешесі алақанын теріс қарата жайып, лағнет айтып, қарғыс дұғасын оқыған.

Тас ату – әр үйден бір адамнан шығып, бір кесек тасты елді қара бет еткен жастарға атқан.

Үстінен мал айдау – жерге жатқызып байлап, үстінен қоралы қойды өткізу арқылы малдың тұяғына таптатып өлтірген.

Елден аластау – екі жасты байлап, елден алыс жерге апарып, тентіретіп қоя берген.

Асау жылқының құйрығына байлап, сүйретіп жіберіп те жазалаған [32].

Көптеген халықтардың дәстүрлерінде туыстар арасындағы қарым-қатынас үлкендер мен кішілердің өзара сыйластығы бауырмалдылық, қарапайымдылық, сыпайылық, адалдық және шынайылық негізінде құрылды. Жас ұрпақтың ойлауы мен мінезін қалыптастыру тікелей қоршаған әлемінен алған тәрбиесі мен өнегесіне байланысты болды. Сондықтан ежелгі уақыттан бастап аға-інілер мен апа-қарындастар арасындағы келісім, қайырымдылық, мейірімділік қарым-қатынас бейбіт түрде дамыды.

Қазақ халқының ең қастерлі адамдары аталар мен әжелер болды. Оларға ерекше құрмет көрсетілді, «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» – деп бекерге айтылмаған. Бала кезінен бастап ата-бабаларына және тегіне, қара шаңыраққа құрметпен қарау сезімін тудырды. Мектептегі «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» – озық салт-дәстүрлерді жас ұрпақтың бойында қалыптастыруға бағытталған ұлттық тәрбие беретін бағдарлама.



20. «Жаман болады», «ұят болады», «обал болады» ұғымы.

Ұлттық тәрбиемізде тағы бір тамаша тағылым бар. Атадан балаға жалғас болған бұл ұғымдардың тәрбиенің бастауы болып табылады. Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек.

Жанды-жансыз табиғатқа орынсыз зиян келтіруді, ысырап жасауды атам қазақ ежелден қош көрмеген. Бұған дәлел – қазақтың адамзаттық-ғаламзаттық іс-әрекеттерге, таным-түсініктерге, мінез-құлық пен әдет-ғұрыптарға т.б. қатысты толып жатқан наным-сенімдік тыйымдары. Айта кетерлігі, сол ондаған-жүздеген тыйымдардың барлығы – айналып келгенде «жаман болады», «ұят болады», «обал болады» деген қазақы моральдің үштағанына келіп тиянақтайды екен. Ұлттық ар-ұят кодексін құрайтын бұл үш түрлі ұғымның мағыналық айырмашылығына үңілейікші:

Мұндағы – «жаман болады» – қандай да бір іс-әрекет салдарынан дереу тап болатын немесе түптің түбінде туындайтын оқиғалардан сақтандыруға құрылғанын көреміз. Мысалы: «зиратқа қарай жүгірме», «молаға түнде барма», «кесенеге барғанда шашыңды жайма», «босағаны керме», «Қорымның үстіне шықпа», «Молаға қарап дәрет алма» т.б.

Ал «ұят болады» – адам баласын қандай да бір орынсыз, ерсі мінез-қылық көрсету, әрекет жасау, шешім қабылдау т.б. жағдайлардан сақтандыру тұрғысында, түрлі жағдаяттарға қатысты айтылады. Мәселен, киелі орындарға барғанда қатты күлме, даурығып сөйлеме, селфи суретке түспе т.б.

«Обал болады» – жыбырлаған жәндіктен адамзатқа дейінгі іс-әрекеттерге қолданылады. Сондай-ақ, табиғат байлығына, оның ішінде адамның еңбегі сіңіп әзірленген ас-суды орынсыз ысыраптамауға қатысты да айтылып келе жатыр. Мысалы:«гүлді жұлма»,«ұяны бұзба», «киелі орынды ластама» т.б. [33].

Себебі қазіргі танда, осы сөздің мәні жоғалып бара жатыр. Ата-аналардың көбі батыстың тәрбиесіне еліктеп, баламыз жасқаншақ, момақай болады деп, «ұят болады» деген сөздің түп мағынасын түсінбей, балаларға ненің «жақсы», ненің «жаман» екенін үйретпей, бойына имандылықтың дәнін екпегеннің соңы не болатынын білмей  жатады. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәні де осында тұр. Демек, жүрегінде иманы бар, ұлттық тәрбие негізінде құрылған отбасы сыртқы және ішкі күштерден келген соққыларға дер кезінде төтеп бере алатынында еш күмән жоқ. Тарихымызға үңілсек, ерте заманда бір жанұяның тәрбиесіздігінен бір рулы елдің сүйегіне таңба түскен екен. Сондықтан да, әр ата-ананың қоғам мүшесі ретіндегі борышы – бала тәрбиесіне барша жауапкершілікпен қарап, иманды ұрпақ тәрбиелеу мен қоғамға саналы мүше қосу [33].

21. Кие – қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің қасиеттілігін, жоғары тылсым күшін білдіретін ұғым. Әлем халықтары мифологиясы мен мәдениетінде аң мен құсты (сиыр, маймыл, аққу,т.б.), аспан денелерін (ай, күн, т.б.),жәндіктерді (тасбақа, айдаїар, т.б.), заттарды (пұт, ағаш, т.б.), сандарды (7, 13 т.б.), адамдарды (әулие, көріпкел, т.б.) Киелі деп санау, оларға сыйыну, табыну дәстүрі ежелден қалыптасқан. Уақыт өте келе адамдардың түрлі діндерді қабылдауына байланысты мұның кейбірі жойылып, өзгеріске ұшыраған. Ислам діні таралмастан бұрынғы дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасып, Кие деп саналған кейбір тотемдік наным-сенімдер жұрнағы қазіргі салт-дәстүрде де кездеседі (табалдырық баспау, айға қарап дәрет алмау, түтін түтету, аластау [34].

22. Құдайға сену халқымыздың салт–дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз. Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойылғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесік пен жер бесікке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміздің Исламнан нәр алғанын байқайсыз. Сондықтан да Ислам мен дәстүріміздің арасындағы қарым–қатынас өте тығыз, айырып ажырату оңай емес [35].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет