Білім беру ұйымының атауы
|
|
Пәні:
|
Жаңа заман дүниежүзі тарихы
|
Бөлім:
|
Суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен
XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 7
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
7.2.2.2 өнердегі негізгі стильдер мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;
7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану
|
Сабақтың мақсаты
|
ХІХ ғасырдағы өнер мен әдебиеттегі әлеуметтік әділетсіздікті суреттеу әдістерін анықтау.
|
Құндылықтарға баулу
|
Құндылықтар:
-өзгенің еңбегін құрметтеу
-патриотизм
-ұлттық сана-сезім
-ынтымақтастық
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдасты
ру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
Ой шақыру: Оқушылар назарына әртүрлі стильде жазылған суреттер көрсетіңіз (романтизм, импрессионизм)
Суреттер бойынша сұрақтар:
Суреттерде қандай ұқсастықтарды байқауға болады?
Олардың арасындағы қандай айырмашылы бар?
Суретшілер қандай әдістерді қолданды?
Суреттердің мәні неде?
Суреттер әлеуметтік теңсіздік туралы не айта алады?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
|
Оқушылар суреттер бойынша өз жауаптарын ұсынады
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
|
Мұғалім презентациясы
|
Жаңа білім
|
Мәтінмен жұмыс
Өнердегі стильдер бойынша ақпарат таратылады Ақпараттық мәтінде әр стильдер туралы қысқаша мәлімет берілген. Оқушылар мәтіндегі ақпаратты қолдана отырып, салыстырмалы кестені орындайды.
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Оқушыларға суреттер топтамасы беріледі. Талқылау сұрақтары:
- суреттер ХІХ ғ. өмір туралы қандай ақпарат береді?
- өнерде басты акцент не болып табылады?
-неліктен ХІХ ғ.қоғам өмірінде өзгерістер орын алды?
- ХІХ ғ туралы суреттер толық сипаттама бере ала ма?
Мұғалім оқушыларға қоғамда орын алған өзгерістер туралы ақпарат береді.
Талқылау сұрақтары
|
индустриалды қоғамның ерекшелігі неде?
|
неліктен әлеуметтік теңсіздік осы қоғамда ерекше орын алды?
|
|
|
Суреттерді пайдалана отырып, XIX ғ. өнердегі реализмді сипаттаңыз. (150-200 сөзден)
|
Оқушылар әр стильдің ерекшелігін анықтайды.
-әр стильдің ортақ белгілерін анықтайды.
-қорытынды жасай алады.
Оқушылар назарына бейне ролик бойынша дәстүрлі қоғамнан индустриалды қоғамға өту ерекшеліктерін ажыратады;
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Дескриптор:
-әр стильдің кем дегенде 3 ерекшелігін анықтайды.
-әр стильдің кем дегенде 3 ортақ белгілерін анықтайды.
-қорытынды жасай алады.
Дескриптор: назарына бейне ролик бойынша дәстүрлі қоғамнан индустриалды қоғамға өту ерекшеліктерін ажыратады;
|
|
Бекіту
|
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет өкілдері
|
Сабақтың тақырыбын қорытындылау
|
«Ең үздік жауап»
|
Ақпараттық карточка
|
Кері байланыс
|
- Нені білдім? Нені үйрендім?
- Нені толық түсінбедім?
- Немен жұмысты жалғастыру қажет?
|
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
|
А4, конспект
|