Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет22/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76

Жапырағы үш түрде болады: өсе бастағанда екі тұқым жарнағының жапырақшасы дөңгеленген бүйрек пішінді, содан кейін сағақты жүрек пішінді - үшбұрышты жапырақтар дамиды, олар сабақ жоне бұтақтар төбесіне қарай сағақсыз садақ оғы тәрізді пішінге ауысады. Жапырақтың сабаққа бекіген орнында жарғақты түтікше болады, ол сабақты жапырақ сабағының астынан орай орналасқан. Жапырақ негізінде кейде антоциан сақинасы жақсы көрінген.

Қарақұмық айтарлықтай жапырақ беті ауданын дамытады,алайда бір гүлдің жапырақпен қамтамасыз етілуі (0,56-0,62 см2) жаздық бидайға қарағанда 1,5-2,0 есе төмен. Қарақұмықтың дөңденуінің төмендегі (15-20 % гүлдер ғана қалыпты дамыған тұқым салады) негізінен осы сбегосе байланысты.

Гүлі дұрыс бестік түрде (25-сурет) қосжынысты, екі шеңберге орналасқан 8 аталықтары болады, ал олардьщ ортасында 3 аналық аузымен үшбағаналы аналығы бар. Гүлдері шоқгүлге жиналған, бір өсімдікте 300-500, кеқде 1000 дейін гүлдер түзіледі, түстері ақ немесе күңгүрт- қызғылт болады.



Қарақұмық гүлдеріне диморфизм құбылысы тән: бір өсімдіктерде гүлдер қысқа аталықтар жөне ұзын аналықтар (ұзын бағаналы), ал екіншілерінде ұзын аталықтар мен қысқа бағаналы аналықтар қалыптастырады. Барынша жоғары ұрықтанған гүлдер процентін легитимді (біртекті) тозаңдану береді, бүл жағдайда ұзын аталықтардың тозандары ұзын аналықтарға және қысқа аталықтардікі қысқа аналықтарға салынады.








25-сурет Қарақұмықтың гүлдері: аналықтары қысқа жөне аталықтары ұзын; аналыктары узын және аталықтары кысқа.

Әр текті тозандану (иллегитимді) ұрықтанған гүлдердің төмен процентін береді.

Жемісі- ұшқырлы жаңғақ, берік қабықпен қапталған. 1000 тұқымның массасы 18-32 г. Қабықтылығы 16-30%. Ұрық массасы тұқымның 10% -тін қүрайды.

Тұқым топырақ бетіне шығарылатын екі жарнақтан, тамырша мен эндоспермнен құралған.

Қарақұмықтың екі түрі кездеседі: мөдени қарақүмық (Ғаорушт езси1епіит)-және татар қарақұмығы (Ға§орушт іаіагіешп), олардың құрылысында бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бар, соңғысы-арамшөп (55 кесте).



55-кесте.

Қарақұмық түрлерінің айырмашылық белгілері

Белгілері

Мәдени қарақұмық

Татар қарақұмығы

Сабақтары

Негізінен қырлы, қызғылт-жасыл түсті

Негізінен тегіс, жасыл түсті

Жапырақтары

Жүрек тәрізді-үшбұрышты сүңгі тәрізді, жиі түрде әлсі: көрінген антоциан дақты

Айтарлықтай дөңгелектенген, жи түрде жақсы керінген антоциаі-дағы бар

Гүл шоғыры

Қалқан сияқты шоқгүл

Борпылдақ шоқ гүл

Жемістері

Ірі, ұшқырлы, тегіс

Ұсақ, әлсіз ұшқырлы, әжімді

Аталған түрлердің маңыздысы-мөдени қарақұмық. Морфологиялық белгілері бойынша, биологиялық қасиеттері мен шаруашылықта пайдалану бағытына қарай қарақұмық екі түр тармағына бөлінеді (56-сурет).

56-кесте. Қарақұмык тұр тармақтарьшың айырмашылық белгілері



Айырмашылық белгілері

Кәдімгі қара құмық (Ғаgорrum Vulgаге)

Көп жапырақты қарақүмық (Fagupurum multifolium )

Өсімдіктің биіктігі

150 см дейін (негізінен 50-ІОС см)

Өсімдіктері қатіы, биіктіг 100-200 см

Жаішрақтануы

Әлсіз немесе ортаіш жапырақтанған

Жақсы жапырақтанған

Түйін аралықтарының саны

6-11, алғашқы түйні аралықтары ұзын

10-нан жоғары, төменгі түйі аралықтары қысқа

Жапырақтары

Ірі емес, айтарлықтай қальщ дөрекі, үшбұрышты пішінде

Ірі, жұқа, толқынды дөңгелектенген пішінде

Гүлі

Орташа мөлшерде, қалқанды шоқгүлге жинақталған, ақ қызғылт, кейде қызыл түсті

Ірі жұқа, толқынды дөңгелектенген пішінде

Жемістері

Қанатты және қанатсыз

Ірі қанатты, ке#це қанатсыз қабықтыяығы жоғары, ашық-қоңыр түстен қараға дейін

Қазақстанда барынша кең тараған жөне аймақ жағдайларьша жақсы бейімделген кәдімгі қарақұмық әсіріледі.

Кәдімгі қарақұмықтың көптеген сорггары алята немесе аптера түршесіне жатады.

Алята (аіаіа) - жемістері қанатты, қабықтары қырларының тұсында ойыстанып қанатқа айналады. Қанаттары жақсы көрінген, олардың кевдігінен жемістер жалпақ немесе ойықты болып көрінеді.

Аптера (аріега)- жемістері қанатсыз, қырлары ойыспаған немесе әлсіз дамыған, дөн қампиған түрде көрінеді.



Қарақұмақтың пайдалануға рұқсат етілген сорттары.

Ортадан ерте пісетін:

Сумчанка. Сумы МАТС-да шығарылған, түршесі- алята, жапырылуға және шашылуға төзімді. Сорттың технологиялық және жармалық сапалары жоғары. Қабықтылығы 19-20%. 1000 дөннің массасы 27,5-31,4 г 1985 .(2,3,4,7,9,11,12)

Орташа мерзімде пісетіндер:

Богатырь. Орлов МАТС-да шығарыпған, түршесі- алята, жылу және ылғал сүйгіш, жапырылуға жоне шашьшуға орташа төзімді. 1000 тұқымның массасы 22-23 г, 1949 (1,3,4,7,9,11,12).

Шортандинская крупнозерная. А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, түршесі - алята,1994 (1,12)

Крупинка, 1992 (4,5)

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Жармалық дақылдардың қазақша және латынша атаулары қандай?

2, Тары өсімдігінің морфологиялық ерекшеліктері?

3. Тарының түрлері, тұр тармақтары мен түршелерінің айырмашылық белгілері?

4, Қарақұмықтың түрлері мен тұр тармақтарының айырмашалқ белгілері?


  1. Қарақұмық гүлдеріндегі жыныстық диморфизм және гүлдену ерекшеліктері?

  2. Күріштің жүйеленуі?

  3. Күріш өсімдігінің құрылысындағы морфологиялық ерекшеліктері?

  4. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген тары, қара-құмық, күріш сорттары?

  5. Тары, қарақұмық, күріштің сыртқы орта факторларына қоятын талаптары жөне Қазақстанның негізгі топырақ-климат аймақтарывда олармен қамтамасыз етілуі?

10. Сыртқы орта факторларына дақыддардың қатынасын салыстырма-лы түрде бағалау?

11. Негізгі өсіру аймақтарында тары, қарақұмық пен күріштің агротехникасындағы (технологиясының негізгі элементтері бойынша) ерекшеліктері?

БӨЛІМ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕР

Аниканова З.Ф., Тарасова Л.Е.,Рис: Сорт,урожай,качество М.Долос, 1979

Величко Е.Б., Шумаков Б.Б., Технология полученая высоких урожаев риса М., «Колос», 1984

Елагин И.Н. Агротехника проса 2-ое изд.доп. и перераб. М. "Россельхозиздат", 1987

Ефименко Д.Я., Барабаш Г.И, Гречиха М., " Агропромиздат"., 1990



Кадыргалиев А.Ш., Рекомендации по интенсивноё технологии вызделывания проса в Уральской области. Уральск., 1991

Лысов В.Н., Просо Л., " Колос", 1968.

Мурзамадиева М.А., Просо. Алма-Ата., " Қайнар", 1979

Рёс.изд. 2-ое доп и перераб., под редакцией Жовтонога, В.Н.Ткача, А.М. Коваля, Киев « Урожай», 1978.

Савицкий К.А., Гречиха М., « Колос», 1970.



Саудабаев Т., Кадыргалиев А., Шалдыбаев К., Жармалық дақылдар. Алматы "Қайнар» 1985

Якименко А.Ф., Просо М., « Россельхозиздат, 1975

Якименко А.Ф., Гречиха М., « Колос» 1982

ІV-ТАРАУ. ДӘНДІ БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫ

Дәнді бұршақ дақыдцарына асбұршақ, жасымық, сиыр жоңышқа, ноғатық, майбұршақ, ноқат, атбас бұршақ, лобия (бадана, үрме бұршақ) б9ршағы, бөрі бұршақ кіреді. Олар бұршақ тұқымдасьгаа (ҒаЬасеае) жатады, алайда дақылдар арасында морфо-логиясы, биоло-гиялық ерекшеліктері мен пайдалануында үлкен айырмашылықтар бар.



ДӘНДІ БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

ТАПСЫРМА

1. Дәнді бұршақ дақылдарының морфологиялық ерекш-еліктерімен танысу.

2. Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымдары бойынша анықтау.

3. Дәнді бұршақ дақылдарының айырмашылықтарын егін көгі мен жапырақтары бойынша оқып-үйрену.

4. Дәнді бұршақ дақылдарын жемісі бойынша анықтау.

Дәнді бұршақ дақыддарының тамыр жүйесі кіндікті, 1-2 м топ-ырақ қабатына бойлайды, кептеген бірінші, екінші, үшінші жөне одан кейінгі дәрежедегі бүйір тамыршалары болады, олар негізінен жыртылатын топырақ қабатында орналасқан.



Сабағы біреулерінде тік тұратын, бұтақты (атбас бүршақ, ноқат, майбұршақ, бөрі бұршақ) басқаларында-жапырылғыш (асбүршақ, жасымық) немесе жапырылуға бейім (ноғатық).

Жапырақтары күрделі, олардың құрылысы бойынша дәнді бұршақ дақылдарын үш топқа бөледі:

  • қауырсын жапырақты өсімдіктер;

  • үштік жапырақты өсімдіктер;

  • саусақ салалы жапырақты өсімдіктер.

Гүл шоғыры-шоқгүл (майбұршақ пен берібұршақ) немесе гүлдері жапырақ қолтығындағы гүл бағанасында бір, екі немесе үштен орн-аласқан.

Гүлдері-қосжынысты, бес күлтеше жапырақты, бұрыс пішінді, күлтеше жапырақтарының түсі ақ түстен қызғылт-қызыл немесе күлгін туске дейін.

Жемісі-әртүрлі пішіндегі жөне мөлшердегі бүршақ. Піскенде екі ұзынша жармаға жарылады (ноқат, жасымық және ақ бөрі бұршақтан басқаларында).



Тұқымдары әртүрлі көлемді, пішінді жөне өр түстіболып келеді.

Дәнді бұршақ дақылдарын тұқымы бойынша анықтау. Дәнді бүршақ дақылдарын тұқымының көлемі, пішіні, түсі және тұқым жолының түсі, орналасуы бойынша анықтайды (26,27-суреттер және 57-кесте).

Дәнді бұршақ дақылдарының дәндері ботаникалық түсінікте нашз тұқымдар болып табылады. Олар қалың қабықпен жабылған (тегіс, кеқце өжімді). Тұқымның бетінде тұқым жолы ажыратылады, ал ол тұқымның аяқ жібі мен дән ұрығы болып табылады, кейіннен олардан тұқым дамиды. Тұқым жолының мөлшері (шамасы), пішіні,








26-сурет. Бұршақ дакылдары тұқымының құрылысы: 1-бадана (фасоль) тұқымының тұқым жолы жағынан көрінісі; 2-бадана тұқымының тұқым қабығансыз көрінісі; 3-бір тұқым жарнағы аластатылған бадана тұқымы; 4-бадананың өркені мен ұрықтық жапырақшасы; сабағы жөне тамыршасы; 5-асбұршақ тұқымы.






















27-сурет. Дәнді бұршақ дақылдарыньщ тұқымдары: 1-асбұршақ; 2-атбас бұршак; 3-бадана; 4-жасымық; 5-бөрі бұршақ (люпин); 6-ноқат; 7-ноғатық.

57-кесте

Дәнді бұршақ дақылдары тұқымдарының айырмашылық белгілері




Тұқымдары

Тұқым жолы

Түрдің атауы

Мөлшері,

мм


пішіні

түсі

пішіні

түсі

орналасуы



4-9

Домалақ келген, тегіс немесе бұрыпты өжімделген

Сарғыш, сары, қызғылт, жасыл

Сопақ

Ашық немесе қара

-

Егістік асбұршақ

4-7

Домалақ келген немесе әлсіз бұрышты, жиі түрде жаншылған

Сұр, қоңыр жиі гүрде суретпен

Сондай

Қоңыр немесе қара




Далалық асбұршақ

6-9

Домалақтау-жалпақ, үшкір шеттерімен

Айқын-жасылдан қараға дейін

Линиялы

Ашық түсті немесе тұқым

түсіне ұқсас



Қабырғасында

Ірі тұқымды жасымық

3-5

Айтарлықтай дөңес, шеттері домалақтанған

Сондай

сондай

Сондай

Сондай

Ұсақ тұқымды жасьшық

7-12-ден20-30-ге дейін

Домалақтау-жалпақ, ұзынша келген жұмырланған

Саргыш, қоңыр, қара

Ұзынша эллипс тәрізді

Қара немесе ашық

Шетінс қарай ашық

Атбас бұршақ

9-14

Сына тәрізді, бұрышты-домалақ

Ақ кейде сұр, қоңыр

Сопақ

Тұқым түсінс ұқсас

Қабырұасында

Егістік ноғатык

7-12

Бұрышты-домалак, тұмсықты

Ак, сары, қара кызыддау

Жумыртқа тәрізді қысқа

Туқым гүсіне ұқсас

Тұмсығының астында

Ноқат

1


8-15

Цилиндр, эллипс, бүйрек тәрізді

Әртүрлі, бір рснді және шұбар

Сопақ

Тұқым түсіңдей

Ұзын жақ шетінен ортасында

Кәдімгі бадана (лобия)

6-13

Шар төрізді, сопак, узынша-бүйрек төрізді. Сары, жасыл, қоңыр, қара

Ұзьнша сопақ

Ашық түсті, қоңыр, қара

Ұзынша сопақ

Ұзын жағынан

шетінде


Май бұршақ

10-14

Домалақтау, жеңіл бұрышты, қатты, қысылған, тіпті жалпақ

Сарғыш, қызгылт-сарғыш

Қалың құрсаумен қоршалған

Ашық-қоңыр, құрсауы ақ

Тұқым қабырғасында

Ақ бөрібұршақ

8-12

Домалақтау-бүйрек тәрізді

Мрамор суреті бар сұр, немесе ақ

Кішшрім дөңес құрсаумен қоршалған

Құрсау ашық түсті

Тұқышының бір шетіндс

Жіңішке жапырақты бөрібұршақ

7-10

Домалақтау-бүйрек тәрізді, сея кысылған

Қара іні бар және ашық фонда дақтар көрінген

Сондай

Сондай

Сондай

Сары бөрібұршақ

3-5

Сопақ, алсіз бүйрек пішшді

Ашық-сұрдан шұбарланған суреті бар қараға дейін

Шыгыңқы құрсаумен қоршалған

Ашық түсті

Тұқым шетіне қарай қиғаш

Көпжылдык бөрібұршақ

























Түсі және орналасуы өрқилы. Дән ұрығының талшықты түтік шоқтарының қалдығы тұқым жолының ортасынан көрінеді-бүл түқым жолының ізі. Тұқымның бөртуіне қажетті су тұқым жолы арқылы сіңіріледі. Тұқым жолының бір шетінде ұрықтық із, немесе микропиле орналасқан, ол арқылы ұрықтанарда дән ұрығына тозаң түтікгері кіреді. Тұқым жолының екінші жағында кішірек келген, қосарланған төмпешік-халаза орналасқан, ол дөн ұрығының негізі деп есептеледі.

Қабықтың (тұқым қабығының)астында екі етті тұқым жарнағынан тұратын ұрық, айтарлықтай ірі ұрықты тамырша жоне кішірек бүршікше орналасқан. Тұқым жарнақтарында ұрықтың алғашқы кезеңде өсуі мен дамуына, қажетті қорлық қоректік заттар жинақталған. Бүршікше ұрықтық өскін, ол жақын түйін аралықтары бар біліктен және екі ұрықтың жапрақшалардан тұрады, соңғыларының арасында өсу нүктесі бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет