НОҚАТ - НУТ - СІСЕR
Ноқат Сісег туыстығына жатады және 30-дан астам түрлерді біріктіреді. Олардың көпшілігі көпжылдық. Дақылда кең тарағаны жалғыз түр — мәдени ноқат (Сісег агіеііпшп).
Бұл бір жылдык өсімдік, сабақтары қырлы, тік өседі. Тамыр түбінен немесе бүкіл сабақ бойымен бұтақтанады. Жапырақтары қысқа сағақты, дара қосқауырсынды, түкті, мүрттары болмайды. Гүлдері қосжынысты, ұсақ, ақ, қызғылт, қызыл-күлгін, кейде көкшіл түсті. Бұршаққаптары қысқа, қос дәнді, қампиған, сопақ пішінді, сабанды-сарғыш түсті молынан түктелген. Тұқымы бұрышты - домалақ, тұмсықты, ақ, сары, қызылдау, қара. Кейбір морфологиялық белгілері 35-суретте көрсетілген.
35-сурет: Ноқат: 1,2-дамыған егін көгі және гүлдену-жеміс түзу кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-сабақтың жоғарғы бөлігі; 4-жеміс; 5-тұқымдары.
Пайдалануға рұқсат етілген ноқаттьң сорттары:
Достарыңызбен бөлісу: |