Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет53/105
Дата09.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#63310
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Оқу процесі қалай ұйымдастырылады?

2. Календарлық график деген не?

3. Оқу жоспары мен оқу процесінің сабақ кестесі қалай жасалады?

20 дәріс тақырыбы: Оқу процесіндегі дифференциация және жекелік

Дәріс мазмұны:

1. Дифференциацияланған оқыту

2. Оқытудың ұжымдық тәсілі

3. Оқытудағы жекелік әдістемесі



Мақсаты: Оқытудың жаңа технологияларын үйрету, студенттерді оқушылармен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Дифференциация (латынша - бөлемін деген сөз) тұтастың әр түрлі бөліктерге, түрлерге, деңгейлерге бөлу. Осыдан дифферециация оқыту үрдісін ұйымдастыру формасы, мұғалімннің топ оқушылармен жұмыс жасауы. (гомогенді топ) Оқушылардың әртүрлі топтары мен оқу үрдісідегі дидактикалық жүйенің жалпы бөлігі. Қазіргі дидактикада дифференциация жекелеп оқытудың және тұлғалық бағдарлы бағыттың жүзеге асуының негізгі шарты болып табылады. Қосымша білім берудегі әр түрлі тәрбие мекелелерінің болуы, балалардың қызығушылығына негізделген дифференциалық оқытудың сыртқы формасы болып табылады. Қосымша білім берудегі баланың әлеуметтену сатысында жеке бір пәнді меңгеруі, мектептің жұмысына әсер етпейді. Әр баланың қосымша білім беру мекемесін, оның бағдарламасын таңдауы, ата- ана, педагог көмегімен жүзеге асады. Қосымша білім беру мекемелеріндегі балалар тесттер нәтижесі бойынша, денсаулық жағдайы т.б. көрсеткіштерге қарап қабылдануы көбіне түзету, реабилитациялық және дарынды балаларға арналған бағдарламалары бар мекемелерде жүзеге асады. Оқу топтарының құрамы әр түрлі болып келеді, баланың нақты сала бойынша дайындығына орай, топ ішілік дифференциация қажет. Баланың отбасында, жалпы орта мектепте, қоршаған ортасында білім мен дағдыларды меңгеруі апатты жағдайда өтеді. Баланың өзіндік тәжірибелік шығармашылық қызметке қатысуының шарты, оның лайық тәсілдер мен білімдерді меңгеруі болып табылады. Баланың алғашқы дағды мен негізгі білімді меңгеруі қосымша білім беруде педагог үшін бір талай қиыншылық тудырады. (бала тәжірибесі, ой санасының әртүрлі болуы) Өзіндік практикалық жұмысты талап ететін мекемелерде меңгерілген білім көлемінің ескерілуі дискуссия немесе өзара білім беру әдістемелерінде қолданылады.

Жұмысшылар клубтарында жасөспірімдер мен үлкендерді оқытуға арналған ұжымдық білім беру тәсілінің әдістемесін 20 ғасыр басында А. Г. Равин ұсынды. Бұл әдістеме бойынша білім беру ауыспалы құрамды топтардың қарым- қатынасқа түсу нәтижесінде жүзеге асады. Бұл әдістемені қолдануда оқушыларға ақпарат көзі болатын материалдарды іріктеу, құрылымын жөнге келтіру, безендіру сияқты жұмыстары педагогтан үлкен дайындықты талап етеді.

Оқу курсының мазмұны логикалық аяқталған көлемді, өзіндік тарауларға бөлінген. Әр тараудың тақырыбы бар, тақырыпта тарауда оқылатын басты түсініктер мен заңдылықтар енеді. Тақырыптар қиындық деңгейіне, материал көрнекілігіне қарай әр түрлі болуы керек. Тақырып саны 2-4 оқушыға тақырыпқа сай келуі керек. Әр тақырып бойынша оқу мәтіні таңдалады немесе құрылады, оқу мәтіні басылған бір бет

көлемі мен аяқталған логикалық абзацтарға бөлінген. Жұппен жұмыс алдында педагог

тараудың басты мазмұнымен балаларды таныстыруда (10 минут) тірек схемасын қолданады. Әр оқушының материал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруі талап етіледі. Яғни оқушы өзіне берілген материалды жетік меңгеруі тиіс. Мақала мәтінің әр бала абзац пен орындайды. Жаңа абзац, жаңа жұпта. Серіктесімен оқылған абзац талқыланып, кейін ат беріліп дәптерге жазылады Келесі жұппен жұмыста алдыңғы абзацтар оқылмайды, бала жаңа әріптесіне әңгімелеп береді, мәтін бөліктерінің аттары, әңгіме жоспары ретінде қаралады. Әр бала өз мақаласының барлық абзацтарымен танысып, басқа мақалалардың бір-бір абзацтарымен танысып шығады. Абзац бойынша жұмыстан кейін, мақала мәтінің барлық оқу тобына тұтас жеткізу мақсатында қайта оқылады. Ұжымдық оқытудың басқада түрлері бар. Мысалы, мәтінмен қайта жұмыс, бұнда балалар педагог тапсырмасы бойынша әр түрлі әдебиеттермен танысады. Одан кейін балалар кіші топта жұмыс істей отырып оқу мақаласын құрастырады.

«Станция» үлгісіндегі мекемелерде үшінші, келесі жылғы топтарда оқыту оқушыларды өз тақырыптары бойынша жүреді. Бұл кезеңде жаңа материалды меңгеру педагог кеңестерімен жеке жұмыспен қатар, әртүрлі тараулар бойынша мақалаларды қайта жетілдіру жұмыстары жүреді. Балалардың әр қайсысының ғылыми қызығушылығына сай ортақ қарым- қатынасқа түсу пәні пайда болады. Баланың басқа балалардың тақырыптарымен танысуы, жалпылауы педагог резюмесі немесе мини- конференция формасында өз жалғасын табады Осы әдістеменің басқа қасиеттреін атап өтейік.


  • бала өз білімін пайдаланып қана қоймай, меңгеруді де өз бетімен жұмыстанады

  • жұмыс негізі, әріптестік және әріптестер жұмысына деген өзара қызығушылық

  • балалар мұғаліммен оқушымен тең құқылы серіктес рөлі сияқты әртүрлі тұрғыдан әрекет жасап , бір-бірімен қарым- қатынасқа түседі

  • сөйлеу дағдысын жетілдіріп балалар көпшілік алдына шығуға, пайымдауға үйрнеді

  • білімді меңгерумен қолдану өзара тығыз байланыста болады.

Балаларға қосымша білім беру мекемесінде оқытудың ұжымдық әдісі асығыс ұйымдастырылуы да мүмкін. Мысалы, балалар өздері қалаған сыныптағы орындарға отыруы, көршілерін еркін ауыстыруы немесе 4 адамнан тұратын кіші топтарға бірігіп отыруы. Жұмыс уақытын педагог бақылайды. Балалардың ақпаратты қабылдауы мен есте сақтауға арналған «План Трампа» атты әдістемесі АҚШ мектептерінде кең тараған . Бұнда жаңа материал балаларға дәріс түрінде беріледі, компьютерлік тұсаукесер , кино- видеофильмдер сияқты заманға сай оқытудың жаңа технологиялық құралдар

пайдаланылады. Балаларға дәрістің басты тезистерінің конспектілері сызба, кесте

түрінде таратылады жаңа білміді бекіту мақсатында пікірталасты басқару әр түрлі формада қолданылады. Баланың практикалық дағдыларын меңгертуді көздеген мекемені А. С. Границская жекеленген оқыту әдістемесін пән мазмұнына сай қолданды.

1. Курсты блокты тақырыптарға сай жоспарлау. Бұнда тақырып ақталған тарау, тарауға баланың нақты өнім алуға бағытталған практикалық дағдыларымен байланысты білімдердің жиынтығы беріледі.

2. Әр тақырыпқа жаңа материалды меңгеру міндетті оқыту нәтижелерін өңдеу сынақ, сабақтары кіреді. Одан кейін топпен жұмыс немесе өзіндік жеке жұмысты орындауға арналған сабақтар орын алады.

3. Сабақ құрылымы екі бөліктен тұрады.

1.Барлығын оқыту педагогтың балалар тобымен жұмысы болып табылады.

2.Екі параллельді білім беру үрдісі

а) балалардың икемімен білім алудаға өзіндік жұмысы

б) педагогтың жеке оқушылар мен жұмысы

4. Білім беру былай ұйымдастырылады.

-балаларды сол қызмет саласындағы белгілермен аттарымен , оқылатын әдіс , тәсіл элементтерімен таныстыру

-педагогтың әдістерді кезекпе-кезек көрсетуі

-педагогтың балалармен бірге сол элементті бірлесе орындауы

- жалпы ауызша түсіндіру

-жазбаша немесе графикалық инструкцияны оқып түсіндіру. Міндетті нәтижелерді өңдеу сабақтары.

5.Балалардың тапсырма – жаттығуларды орындауын қадағалайды. Алынған сынақ өзіндік жеке немесе ұжымдық шығармашылық жұмысқа жол береді. Сонымен қатар балалардың дүниетанымын кеңейту мен олардың қызмет түрін өзгертуге бағытталған қосымша тапсырмалар да беріледі.

6. Педагог міндетті тапсырмалармен қатар қосымша тапсырмалардың да орындалуын есепке алып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет