Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет51/105
Дата09.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#63310
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Ұйымның қызметін жобалау кезеңі

2.Ұйымның қалыптасу процесін қамтамасыз ету кезеңі

3.Ұйымның тұрақты қызметін қолдау кезеңі

4.Ұйымның қызметін ұйымдастыру кезеңі

18 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде білім беру процесі

Дәріс мазмұны:

1. Білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

2. Білім беру профилдері

3. Кәсібилік

Мақсаты: Студенттерді білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, кәсібилік жөніндегі білімдермен қаруландыру.

Балаларға білім беретін тәрбиелеуші ұйымдарда жүйелік оқытуда тұлғаның өз бетімен білім алуын стимулдауда да ағартуда жүзеге асырылады. Балаларға қосымша білім беретін мекемелердегі әлеуметтік тәрбие беру моделдері білім берудің ұйымдастыру әдісі бойынша ерекшеленеді.

"Мектеп және квазикәсіби клуб" моделінде семантикалық оқыту басым.

"Табиғи клуб" моделінде білім беру ағарту ісі ретінде өтеді. Оқудың олай ұйымдастырылуы топ мүшелерінің өз бетінше білім алуына стимул береді.

"Станция және студия" моделіне сәйкес келетін ұйым немесе мекемелерінде білім алу процесінің бастапқы кезеңінде симантикалық оқу басымдылық танытса, тәрбиеленушәлердің өсіп жетілуіне байланысты өз бетінше білім алуға стимул беріледі. Аталған мекемелерде жалпы білімді толықтыру оның мазмұнын кеңейту және тереңдету арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, профилизация немесе прфессионализация түрінде болады.

Білімнің профелизациясы мазмұн ретінде белгілі бір білімдік аймақ көрініске уақытта орын алады. Мысалы, жаратылыстану,технология, бейнелеу, математика, денсаулық сақтау, қоғамтану, филология т.б Саланың біреуіне сәйкес келетін пәндер ғана емес, сонымен қатар, пәнаралық байланысты ашатын интегративті курстар тереңдетіліп оқытылады.

Профильдік орентация музыка және көркемөнер мектептерінде жүзеге асырлады. Мұнда да мамандандыру пәндерімен қатар, тарих өнер түрінің теориясы, әлемдік мәдениет саласындағы білімдер кеңейтіледі. Балаларда орындаушы практикалық тәжірибесі ғана қалыптаспайды, сонымен қатар, өнер туралы тұтас түсінік қалыптасады.

Мұның барлығы негізгі түрде жауапкершілікпен білім маршрутын индивидуалды құруға мүмкіндік береді.

Қосымша білім беретін мекемелерде білім қолданбалы сипатта болады. Оның мазмұны практикалық іс - әрекет дағды, тәсілдерді меңгеруден тұрады. Бұл профессионализация үшін мүмкіндік туғызады. Профессионализацияның деңгейі мен жылдамдығына қарай қосымша білім беретін мекемелерде оның 3 нұсқасын бөледі.

1 - нұсқама - жоғары және терең профссионализация, спорт пен өнердегі жоғарға нәтижелермен байланысты. Ондағы шарт бала ол іспен мектепке дейінгі жастан бастап айналысу керек. Мұндай профессионализация айқын нышан және қабілеті ашық көрінген дарынды балаларға қатысты жүзеге асырылады.

2 - нұсқама - ұзақ мерзімді процесс.

3 - нұсқама - профессионализацияның қосымша білімнің бағытаушылық мүмкіндіктері айқын көрінген. Ол студия (станция моделдерінде) көрініс табады.

Профилизация және професионализацияның өзіндік оқу әдістері бар. Дидактикада оқу әдістері ұғымына көптеген анықтамалар берілген, бірақ, олардың барлығы елеулі көрсеткіштерді белгілейді.



  • оқушы мен оқытушының өзара байланысты іс- әрекет әдістері.

  • Оқушының практикалық және танымдық әдістерінде іс - әрекет ұйымдастыру - реттеу - баланың білім мазмұнын мақсат және нәтиже ретінде меңгеруі

Қосымша білім беретін мекемелерде оқыту әдістерінің 3 тобын бөлуге болады.

1.Танымдық іс - әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру

2.Оқу - танымдық іс - әрекетін стимулдау, мотивация

3.Оқытудың эффективтілігін бақылау және өзіндік бақылау

Берілген жіктемені қолдана отырып, олардың қосымша білім беру мемелерінде қолдану ерекшелігінің 3 тобын бөлуге болады.


  1. Педагогтың жаңа материалды ұғыну ерекшелігі

  2. Баланың танымдық іс - әрекетін реттеу ерекшелігі

  3. Оқудың нәтижесіне бақылау жүргізу.

Қосымша мектептердегі баланың іс - әрекетін мотивациялау және стимул беру ерешеліктері ең алдымен баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәжірибелік бағыт сипатындағы оқу міндеттерін шешуге бағытталған.

Қосымша білім беретін мектептердің тәжірибесінде мотивацияны қолдау және стимул берудің келесі әдістері кең тараған.



  • кеңес беру,

  • жеке жетістіктерді есепке алу

  • команда болып жарыс ұйымдастыру

  • жарыс.

Алғашқы екеуіне тоқталайық.Оқу сипатындағы кеңес беру - оқушының қойған сұрағына педагогтың жауап беруі арқылы, оның іс- әрекетін бақылаумен байланысты.

Оқыту сипатындағы кеңес егер оқушы өз мүмкіндіктері мен оқу міндеттері арасындағы келіспеушілікті байқаса пайда болады.Оқу сипатындағы кеңес үшін тән: педагогпен қатынас жасауға деген инициативтілік, тәрбиеленушіде педагогқа деген сұраныстың қалыптасуы. Оқу сипатындағы кеңес беру шығармалық белсенділікке стимул беруші қызметін атқару үшін балада кеңес алуға мүмкіндігі болу керек. Бұл жерде бастысы мәселені ересектің шешіп беретіні емес, баланың ересек адаммен кеңесе отырып, мәселені өзі шешетінін сналы ұғыну.

Қосымша білім беретін мектептерде аутентті бағалау формалары, оқу іс - әрекетін және ағымдағы бақылауды стимулдау әдісі ретінде алынады. Бұл жағдайда "аутенттік " термині "ақиқат" қазіргі уақыттағы "шын" дегенді білдіреді.

Жеке жетістіктерді есепке алу балаға оқу - материалдарын меңгерудегі қозғалысын көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.

Бұл әдіс шығармашылық кітапша портофолио, күнделік жүргізу арқылы жүзеге асады.

Мұндағы ең бастысы, баланың барлық нәтижелері тіркеледі.

Жетістігі, қиналысы, балының іс - әрекетке педагог, ата - ана, достарына сипаттама береді. Бұл материалдың нәтижесінде баланың жетістіктері ғана емес, оның жетістікке жету жолы туралы айтуға болады.

Шығармашылық кітапшаны педагог толтырады. Оның құпиялық деңгейі педагог пен оқушы арасындағы нормалар мен құндылықтармен анықталады.

Д.Мейердің анықтауы бойынша "портфолио" ұғымы оқушының қандай да бір саладағы жетістігі, білім алуға күш салуын көрсететін жұмысының коллекциясы.

Портфолиода тек түпкілікті нәтижеге ғана емес, аралық нәтижелер де болады. Портфолионың ішіндегі жұмыстар коллекцияның қай бөлігін педагог, ата - ана, достары жасайтыны алдын - ала келісіледі. Осының ішіндегі қай жетістікті көпшілік алдына ұсынатынын бала өзі шешеді. Күнделікті бала өз бетінше толтырады. Жазылатын ақпараттың анықтылығы мен құпиялығын өзі анықтайды, ол алдын - ала педагогпен келісіледі. Күнделік ең алдымен баланың өз - өзімен диалогы, яғни, өз - өзімен әңгімелесуі.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет