Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет52/105
Дата09.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#63310
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері қандай?

2. Білім беру профилдері неден тұрады?

3. Кәсібилік дегеніміз не?

19 дәріс тақырыбы: Оқу процесін ұйымдастыру



Дәріс мазмұны:

1.Календарлық график

2. Оқу жоспары

3.Оқу процесінің сабақ кестесі



Мақсаты: Оқу процесін ұйымдастыру, оқу жоспары, сабақ кестесі жөніндегі білімдерді игерту.

Балалардың оқу процесін ұйымдастыру календарлық жоспар, оқу жоспары, сабақ кестесі сияқты құжаттарда сипатталады. Оқу процесінің календарлық жоспар жыл бойы оқылатын сабақтардың бөлінуің, басталуы мен аяқталуын, демалыс уақыттарын, практиканың болуы мен аяқталуын, демалыс уақыттарын, қорытынды немесе бастапқы сынақтарды, топқа біріктірілу кезеңдерін көрсетеді. Қосымша білім беретін мекемелерде оқу процесінің уақыттық-кеңестіктік ұйымдастырылуы күндізгі және күндізгі-сырттай болуы мүмкін. Күндізгі оқу – педагог пен оқушының тікелей қатынасы, сабақтардың жыл бойы бір қарқынмен күнделікті өткізілуі. Күндізгі-сырттай оқу формасы «мектеп» және «станция» моделдерінде орын алуы мүмкін. Оқу жылы анық түрде сессия және сессия аралық күндерге бөлінген. Сессия кезінде жаңа материалды қарқынды меңгеру жүреді, балалар оқу немесе зерттеу міндеттерін шешудің әдістерімен танысады, оқудың нәтижесі анықталып, бағаланады. Егер оқудың күндізгі – оқу формасы станцияларда өткізілсе, сессия кезінде педагогтармен кеңестер және конференциялар өткізіледі. Кеңестер сессия аралық кезеңдерде оқушылардың өзіндік жұмыстарын реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар оқушыға зерттеу мәселесін анықтауға өз бетінше білім алу мазмұны мен әдістерін, бағдарламаларын жасауға көмектеседі.

Оқушылардың конференцияларының орындайтын қызметі өз бетінше білім алуға стимулын беру, оқу нәтижелерін ұсыну. Қосымша білім алудың күндізгі–сырттай фромасын алыс аймақта тұратын балалар алатын.

Балаларға қосымша білім беретін мекемелерде оқыту практикасында тарихи тұрғыдан қалыптасқан. Бұл мекемелердегі оқу орындаушылық және спорттық шеберліктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Оқытудың мамандырылуы топаралық дифференциямен қамтамасыз етіледі. Мұндай мекеменің оқу жоспары формасы бойынша жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарын қайталайды. Онда жалпы дайындық пәндерді және кәсіби пәндер аталады. Олардың оқу жылына бөлінуі және оларды меңгеруге қажет уақыт көрсетіледі.

Оқу процесінің кестесі топтық және жекелей сабақтарды кірістіреді.

Спорттық мектептің оқу жоспарында – теориялық және практикалық пәндер, олардың меңгерілу уақыты көрсетіледі. Теориялық блогқа спорт түрінің тарихы, спорттың емдік әсері, спорт физиологиясы бойынша бастапқы мәліметтер қауіпсіздік техникасы мен травмалардың алдын-алу, сарапшылар ережелер.

Тәжірибелік (практикалық) блокқа жаттығулардың түрлері кіреді. Жалпыфункцияналдық, арнайы функционладық, тактико-технологиялық, жылдамдық-күш, сонымен қатар жарыстар. Оқу жоспарымен қатар күш пен түрлі жаттығулар ендірудің үйлесімділігі мен жүйелігін қалыпта ұстайтын әрбір оқу жылы үшін спорт түрлері бойынша оқыту-жаттығулардың жоспары-графиктері жасалады. Мұндай жоспарлау оқыту-жаттықтыру жас спортшының эмоционалды еріктік және функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту жаттықтыру процесін индивидуализациялау. «Квазикәсіби клуб» және «станция» моделі үшін оқыту процесін ұйымдастырудың дәстүрлі формалары тән.

Квазикәсіби клубтарда оқу процесс берілген мамандық бойынша оқу пәндерінің бөлінуі мен ұйымдастырылуы мүмкін.

Мысалы: Арнайы мақсаттағы Мәскеулік қалалық жасөспірімнің әскери спорттық клубының оқу жоспарына сапта тұру, тактикалық дайындық, радиодел, автодело, радиодело, тактикалдық ұстанымдылық, медициналық көмек т.б. кіреді. Басқа нұсқамада бар, онда оқу пәндері мамандық шеңбері анық бөлінбеген және әр мамандық комплекстін бағдарламада меңгеріледі. Сонымен бірге екі жағдайда да оқу процесі аудиторлық және практикалық сабақтарға бөлінген. Оқу практикаларының түрлері мен ұзақтығы оқудың түрлі кезеңдерінде әдетте сәйкес келмейді. Сондықтан оқу процесінің ұйымдастырылуы тек оқу жоспарымен ғана емес, әр мамандық бойынша бірінші екінші және келесі оқу жылдары үшін календарлық яғни күн тізбелік графикпен сипатталады.

Соңғы жылдарды балаларға қосымша білім беретін мекемелерде оқытудың студиялық формасына ұқсайтын инновациялық ддактикалық жүйелер қалыптасқан. Бұл жүйе бойыннша оқу материалдары көлемі жағынан үлкен емес модульдерге біріктіріледі. Оқу материалын қабылдау мастеркласс түрінде ұйымдастырылады. Ол комментариялық демонстрация немесе оқу құралын шығару мақсатында дағдыларды паралельді қайта өңдеу болуы мүмкін. Материалды оқушы өз бетінше есте сақтап, бекітеді, бірақ мастердің бақылауымен, одан кеңес ала отырып.

Мини-курсты меңгеруге бөлінетін уақыттың көп бөлігі өз бетінше шығармашылық жұмысты орындауға арналады. Оқушылар минималды элементарлы дайындыққа ие деп есептеледі.

Оқу жоспары әр оқушыға жеке құрастырылады. Ол таңдалған мини-курстардың қатары мен меңгерілу графигінен тұрады.

Қосымша білім беретін мекемелерде түрлі әлеуметтік тәрбие модуліне сәйкес келетін бөлімдер мен бірлестіктер жұмыс жасайды, оқу жоспарын жасау мекеме үшін қиындау. Бұл жағдайда оқу процесінің ұйымдастырылуы бірлестіктер, оқу топтарының саны, олардың оқу жылына бөлінуі, оқу уақытының саны көрсетілген құжат негізінде жүргізіледі. Бірлестіктер мен бөлімшелердің жоспарлары, жоспар-графиктері, календарлық жоспарлары қосымша ретінде болады.

Сонымен қатар білім беру процесінің ұйымдастырылуын көрсететін жыл сайын жылдық оқу жоспары жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет