Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Дифференциацияланған оқыту дегеніміз не?
2. Оқытудың ұжымдық тәсілі қандай?
3. Оқытудағы жекелік әдістемесі қалай жүреді?
№21 дәріс тақырыбы: Оқу процесіндегі жобалау әдісі
Дәріс мазмұны:
Жобалау әдісі
Ізденушілік және зерттеушілік жобалар
Шығармашылық және қолданбалы жобалар
Жеке жобалар
Мақсаты: Жобалау әдісі, оның түрлері жөніндегі білімдермен студенттерді қаруландыру.
Баланың әлуеметтік табиғи ортамен жанама өзара әрекеттесу процесінде стандартты емес жағдайларда алынатын білім мен біліктердің қолданылуы жобалау әдісі негізінде балаларға қосымша білім беру мекемелерінде ұйымдастырылуы мүмкін. Оқытудың бұл әдісі ХХ ғасырдың басында АҚШ тың ауыл мектептерінде пайда болды. СОЛ кезден бастап әлемнің көп елдерінде сәтті қолданыла бастады .Ресейде бұл әдісті алғаш қолдануға әрекет жасаған С. Т. Шатскийдің клубы болды.Жобалау әдісі –ұғылықты толық нәтижемен айақталуы керек балалар анықтаған немесе педагог ұсынған мәселені деталъдық өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жеткізу әдісі. Ол нәтижені ақиқат тәжірибелік іс әрекетте көруге ұғынуға болады.
Мәселені шешу бір жағынан оқытудың турлі әдіс,тәсілдердің бірлігін қолдануды,екінші жағынан білім,біліктерді интеграциялау,ғылымның түрлісалаларынан білімді қолдануды талап етеді.Жобалау әдісі бойынша жұмысқандайда бір мәселенің болуын ғана емес ,сонымен қатароны ашушешу әрекеті жоспарлау болжамның болуы,ролъдің бөлінуін қарастырады.Жобаның тематикасы оқу процесін дифференциялау процессі,сол сұраққа қатысты жеке оқушының білімін тереңдету мақсатында оқу бағдарламасын ың қандайда бір теориялықсұрағына қатысты болуы мүмкін.Дегенмен көп жағдайда жобаның тақырыбы практикалық өмір үшін өзекті,шығармашылық ойлау,зерттеу жәнепрактикалық дағдыларды талап ететін сұраққа қатысты болады.Осылайша білімнің интеграциясына қол жеткізіледі.Жобалау әдістерінің маңызды мақсаттарының бірі оқуменпрактиканың толыққанды байланыстылығы классиканың дидактикалық принципін жузеге асыру,
Қосымша білім беретін мекемелерде жобалау әдісі келесі түрдегі педагогикалық міндеттерді шешуүшін қолданнылуы мүмкін.
- Білім,білік дағдылардын практикалықмәнділігін ұғынған жағдайда оларды баланың меңгеруі.
-Өз бетінше индивидуалъды және топтық іс-әрекет әдістерін меңгеруі.
-Танымдық және шығармашылық қабілетті дамыту.
-балалардың кәсіпті таңдауына көмектесу бағыт беру.
Қосымша білім беретін мекемелердегі жобалар алуан түрлі,олардыңжіктемесі түрлі негізде болады.Жобада басымдылық танытқан міндеттің сипатына қарай олар келесідей жіктеледі.Ізденістік,жіктеушілік,шығармашылық,қолданбаы.
Әдістемелік жобалар-ақпаратты жинау және талдау,мәселені анықтау және қою,міндет қою.Бұл жағдайда ақпарат әдістері болуы керек.Сауалнамалар,публикациялардың талқылануы,бақылау т.б.Сонымен қатар қажет қай әдіспен алуғу болатынын бала өзі анықтайды.
Жобаға қатысушылар осы міндеттерді шешу бойынша іс-әрекеттердің бағдарламасын өздері жасайды,бірақ міндеттерді шешуді жүзеге асыру ізденістік жоба ретінде қалады.Іс-әректтің заттықнәтижесін балалар жинаған,доклат,стенд,электрондық презентация түрінде ұсынған ақпараттар құрайды.Зерттеушілік,шығармашылық және қолданбалы жобалар-педагог ұсынған немесе алдыңғы ізденістік жобаның орындалу қорытындысы болып табылатын һандайда бір міндетті шешу.
Зерттеушілік жобаларды орындау барыснда балалар ақпаратты жинау және талдау әдістерінқандайда бір ғылым саласында қолданылатын экспериментті жүргізу әдістерін меңгереді.Балаларға қосымша білім беретін мекемелерде оқушылардың зерттеушілік жобалары нәтижесі ғылымжәне практикалық мәнге ие мәселелерге қатысты өткізіледі.
Балаллардың шығармашылық және қолданбалы жобалары өнер немесе техника саласында нақты өнім жасауға бағытталған.
Өнер саласындағы балалардың шығармашылығын жобалары қоғамдық бағытта,өйткені шығармашылық өнімі белгілі бір көрермендер үшін жасалады.Шығармашылық қолданбалы шаралар коммерциялық сипатта яғни жасалған өнімді басынан бастап сатуға бағытталуы мүмкін.Мұндай жоба тек оқу-тәрбие міндеттерін ғана емес,балаларға білім беру мәселесінің эканомикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.Балалар жобалары пәндік аймақта менозапәндік жне пән болуы мүмкін.Индивидуалды жобалардың орындалуындада оқу тобының ішінде қатынас болалды.Біріншіден әрбір индивидуалъды яғни жеке жоба ортақ мәселенің алтерънатифті шешімдерінің бірі болып табылады.Екіншіден жобаны орындау барысында стихиялық түрдегі кооперация болуы мүмкін.Жобаның орындалуының кез-келген кезінде ұжымдық талқылау жүреді.Өйткені олардың негізінде бір алгаритм жатыр.Жобалар педагог жағынан басқару сипатына қарай өзгешеленеді.
Сонымен қатар жүзеге асыру ұзақтығына қарайда өзгешеленеді.Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Балаларға қосымша білім беретін мекеме тәжірибелерінде жобалау әдісін қолдануға келесі талаптар қойылады. Бірінші талап – зерттеушілік және шығармашылық жоспарда мәселенің болуы.
Мәселенің шешілуінің объективті мәнділігі елеулі болмауы мүмкін, бірақ міндетті түрде балалар үшін оның субъективті мәні болуы керек.
Екінші талап – күтілетін нәтижелердің практикалық және теориялық мәнділігі болып табылады.
Үшінші талап – балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мүмкінділігі.
Бұл балаларда қажет білімін және біліктердің болуымен, физиологиялық және психологиялық қауіпсіздік жағдайының сақталуымен ақпарат көздерінің қол жетерліктей болуы, материал, құрылғылардың болуымен байланысты.
Төртінші талап – аралық нәтижелерді көрсете отырып жобаның мазмұнды бөлігінің кезеңдерге құрылымдануы. Жобамен жұмыс бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылады.
Біріншісі – ізденіс. Оның негізгі қызметі- жобаның мақсаты мен міндетін анықтау. Бұл кезеңде ізденіс пен мәселені қалыптсатыру жүзеге асады. Мәселені педагог меңгерілетін тақырып шеңберінде береді. Ал бала ақпаратты алдын- ала жинақтау және талдау барысында ұсынады. Ол үшін балалар келесі сұрақтар қатарына жауап беруі керек. Мен не істегім келеді? Неге мен мұны істегім келеді? Менің жұмысымның нәтижесі не болады? Осы сұрақтарға жауап бере отырып бала мәселенің субъективті мәнін ұсынады, алда тұрған іс- әрекеттің мақсаты мен міндеттерін нақтылайды.Бұл көлемді және нақты түрде жобаның тақырыбын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты анықталғаннан кейін ол міндеттерде, аралық мақсаттарда нақтыланады. Олардың орындалуы түпкі мақсатқа жетуге жеткізеді.
Екінші кезең – келешек жұмысты жоспарлау. Бұл кезеңде балаларға келесідей сұрақтар қойылады. Ұсынылған тақырыптардың шешімі қандай? Олардың әр біреуін қанша уақытта шешу керек? Әр міндетті шешу кімге жүктеледі? Жұмыстың әр кезеңін орындау үшін қандай материалдар мен құрылғылар қолданылады? Әр кезеңге кімнің көмегі керек және оны қалай алуға болады? Әр кезеңнің нәтижелері мен түсінікті нәтиже қалай ұсынылады? Жоспарлау кезеңі анықталғаннан кейін келешек жұмыстың жобасы жасалады. Онда мақсаты мен орындалу кезеңдерінің барлығы сипатталады. Зерттеушілік жобалауды әдетте жасөспірімдік жастағы балалар орындайды. Бұл жерде жүргізілетін зерттеудің жоба жоспарының орындалуы орынды. Мұнда болжам, қолданлатын әдіс, бақылау және эксперимент жүргізу графигі, аралық және түпкі нәтиженің ұсынылу формасы көрсетіледі.
Жоспарлау кезеңінде жобаның түпкі нәтижесіне қойылатын талаптар жасалады. Ол қалай жасалуы керек, қандай критериялармен бағаланады Бұл талаптарды педагогтың өзі өңдеуі немесе ұжымдық талқылау кезеңінде өңделуі мүмкін. Индивидуальді немесе топтық жобаларды тәжірибелік жүзеге асырмас бұрын оларды аудитория алдында қорғағаны жөн. Қорғау процедурасы кірістіреді:
жобаны жасаушы адамның қысқаша жоба жөнінде сипаттама беруі;
жарияланған жұмыстың орындалуы мен нәтижесіне жауапты адамдарға заттық символдар беру;
үшінші кезең – практикалық (техникалық) – жобаның кезеңдік орындалуы, аралық нәтижелердің бағалануы, жұмыс барысын талдау, қажет түзетулер енгізу.
Ол педагогпен жеке кеңес сериясы немесе дөңгелек стол түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Балалармен жоба әдісін пайдаланудың өз ерекшелігі бар. Кіші мектеп жасындағылардың жобалық іс- әрекетін ұйымдастыру әдісін Т.В.Цветков өңдеді. Ол жоба әдісі мен ұзақ сюжетті – рольдік ойынның синтезі ретінде көрінеді.
Жасөспірімдер үшін жобаның іс- әрекетті ұйымдастырылудағы маңызды кезең- жарысу т.б. Балаларға қосымша білім беретін меемелерде «Идея және іс биржасы» әдісі қодданылады. Ізденіс кезеңі мүмкін жобалар жөнінде идеяларды жинақтау идеялар тематикасы, іс - әрекет түріне қарай топтастырылады, олардың «құны» - өзектілігі және орындалу қиындығы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |