Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Ағарту жұмыстары дегеніміз не?
Сыртқы және ішкі ағарту жұмыстары қандай?
Бағдарламалық ағарту жұмыстарының ерекшеліктері қандай?
Стихиялық ағарту жұмыстары қалай жүреді?
№24 дәріс тақырыбы: : Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде өзіндік білім алуды ынталандыру
Дәріс мазмұны:
Баланың өзіндік білім алуын ынталандыратын ситуациялар
Өзіндік білім алудың танымдық міндеттері
Конкурстық бағдарламалар
Мақсаты: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде өзіндік білім алуды ынталандыру әдістерімен студенттерді қаруландыру.
Өзбетінше білім – оқудың жүйелі курсынан өтпей өзбетінше білім процессі және нәтижесі өзбетінше білімнің стихиялық үйренуден айырмашылығы,ол мақсатқа бағытталған,мотивацияланғандығымен,пәнділігімен ерекшеленеді.Бұл жағдай субъектінің өзбетіндік пен инициативтілікті ұстануы маңызды.Танымдық міндеттердің сипаты бойынша: оқу,тұрмыстық және тұлғалық өзіндік білімді ажыратуға болады.Өзіндік білімге деген ұстанымның пайда болуы қоршаған адамдардың жеріне тәуелді.
Конкурстың бағдарламалар – қандайда бір адамзат іс - әректінің түрінен жарыс.Конкурстың негізін адамның қолымен,басымен,денесімен жасай алатын нәрсенің бәрі құрай алады.Басқамен өзінді қалыптастыра отырып мақсатты түрде дамуға,жетілуге болады.
Конкурс бұл – жарыс әдісі.Конкурстың алгоритмі «қатынасушылар», «тапсырмалар», «критерилер», «жюри», «сыйлықтар», «жүргізуші»,«реквизиттер»,«техника», «кеңістік»,«көрермен».
Конкурсты өткізу жөнінде шешім қабылдау сол іс - әрекеттің балалар үшін маңыздылығы тәуелді болуы керек.
Шешім қабылдағаннан кейін конкурсқа ашық ат қойып,тапсырмалар мен конкурстың шарттары анықталады.Тапсыриа нақты әрі күшті талап етуі керек.Мысалы: « Тақпақ шығару » тапсырмасы бағалау критериі ретінде бола алады.
- тапсырманы орындауға жойылған уақыт.
- демонстрациялауға жойылған уақыт.
- түпкілікті өнім сапасы.
Ұйымдастырушының келесі міндеті- қатынасушыларға конкурсты қамтамасыз ету.Жарнамалық шақырулар т.б.
Жюри шақыру - өте маңызды міндет.Жюри мүшелері өте танымал адамдар болуы керек.
Дайындаушы кезкң қатынасушылардың іс - әрекет өнімдерін демонстрациялаумен аяқталады.Демонстрация кезеңі мүмкіндігінще конкурсқа қатынасушылар үшін ашық,эмоцияға толы уақиға болуы керек.Шоу – программаны өткізуге дайындалудың ұйымдастырушы финалдық кезеңінде келесі міндеттерді шешеді:көрермендерді шақыру,алдын – ала қарастыруды өткізу,кеңістікті безендіру,жюридың орналасу орнын белгілеу,жүргізушіні таңдау,экспонаттарды орналасыру,жюридің конкурс нәтижесін талқылау орнын,қатынасушыларды марапаттаушыны белгілеу т.б.Конкурстық бағдарламаның өткізілуі жоспарды талдау және қортынды шығарумен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |