Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет65/105
Дата09.06.2020
өлшемі0,96 Mb.
#63310
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Рольдік ойындар қалай жүреді?

  2. Аутотренингтер дегеніміз не?

  3. Жеке көмек беруде ситуацияларды ұйымдастыру әдісіне қойылатын қандай талаптарды білесің?

29 дәріс тақырыбы: Педагогикалық көмек беру субъектілеріне – педагогтарға қойылатын талаптар

Дәріс мазмұны:

  1. Педагогтың дүниетанымдық позициясы

  2. Педагог пен тәрбиеленушінің өзара қатынасы

  3. Педагогикалық өзара әрекеттесу типтері

  4. Педагогқа қажетті іскерліктер

Мақсаты: Педагогикалық көмек беру субъектілеріне – педагогтарға қойылатын талаптарды меңгерту.
Педагогикалық қызмет құрылымының құндылығы философиялық, орталықтық принциптерге сәйкес болуы үшін бала бойындағы сенімділіктің өсуіне, оның менін қалыптастыруға, бала тәжірибесінің феноменальдық есебіне және оған сыйластық қарым- қатынастарға бағыттау қажет. Ол үшін ең алдымен тәрбиеленушіге құрмет пен сыйластық қажет, оның дауындағы проблемаларды шешу қажет.

Әрбір іс- әрекеттің қисынды аяқталуы оның талдау нәтижелері мен алға қойған мақсаттың адекваттілігі болып табылады. Озық педагогикалық жұмыстар құрылымына сәйкес жүргізілген ғылыми зерттеулер бірнеше кезеңнен тұрады және мынадай міндеттерді шешуді жүктейді: жүзеге асырылған әрбір озық педагогикалық жұмыстардың тиімділігін талдау, болашақ мұғалімге қалыптасатын даярлық динамикасын нақтылау.

Көптеген болашақ мұғалімдер жеке тұлға мен оның еңбек ерекшеліктеріне орай туындайтын айырша талаптарды сезінді. Теориялық әзірлік деңгейін жетілдіру бойынша жүргізілген сабақтар олардың оқу еңбегі ұтымды ұйымдастырудың теориялық нәтижелілігін қалыптастырды.

Дәрістік, семинарлық , тәжірибелік сабақтардың жүргізілуінің кең потенцалды мүмкіндігін талдау психологиялық – педагогикалық цикл бағыты мен қоғамдық пәндер бойынша болашақ мұғалімдерге кәсіби іс- әрекет нысаны жөнінде әдістемелік білімдермен қаруландыруға жағдай туғызады. Философиялық категорияларды (заңдылыық, жүйе – құрылым – элемент, жүйелік – құрылымдық амал , т.б.) игерудегі басым бағытты жұмыстар, қоғамды оқып үйренудегі диалектикалық заң әрекеттері болашақ мұғалімге педагогикалық жағдаяттарға саналы көзқараспен қарауға, бағалауға дағдыландырады. Бұны сабақты жүйелі талдау кезіндегі тапсырмаларды орындау мен семинарлық, тәжірибелік дәрістер барысындағы педагогикалық міндеттерді шешу нәтижелері көрсетіп отыр. Әсіресе, бұлар болашақ мұғалімнің педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру барысында ескерілетін тәрбиелеу немесе оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарында айрықша көрінеді. Оқытудың тиісті әдісін таңдап алу үшін әр түрлі авторлар ұсынған классификациясын пайдалануға болады: И.А. Лернердің классификациясында түсіндірмелі- иллюстративті (ақпараттық-рецептивтік)әдіс; репродуктивтік әдіс; мәселелік мазмұн; бөлшектік – ізденістік немесе эвристикалық зерттеушілік әдіс.

Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни, жас

ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда мұғалімдердің кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін маңызды зерттеулер баршылық (О.А. Абдуллина, Ю.П. Азаров, А.Н. Алексюк, Ш.А. Амонашвили Н.В. Кузьмина, В.А. Кан-клик, А.И. Щербаков және т.б. ). Оларда болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесі қарастырылып, кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүйеленген. Осы ғылыми бағыттардағы еңбектерде мұғалімдерді жалпы педагогикалық

Даярлау мәселесі әр қырынан зерттелген. Даярлық мәселесінің өзі бірнеше жыл бойы психологиялық – педагогикалық зерттеулердің арқауы болып келеді, мұның өзі оның үнемі дамып отыратын ұғым екендігін көрсетеді.Бүгінгі дейінгі зерттеулерде «даярлық» ұғымы психологиялық жағдай, жеке тұлғаның күрделі құрылымы, жеке тұлғаның қасиеті ретінде

қарастырылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби бейімделудің бастамасы уақыт бойынша тәжірибе жинақтау кезеңімен сипаталады. Біздің ойымызша, мұнда тәжірибелік іс- әрекет шарттарында өзіндік білім толықтыру ,тәрбиелеу және кәсіптік шеберлігін ұштау, дамыту қатар жүріп отырады.

Жас мамандар жұмысқа кірісе отырып, іс-әрекеттің жаңа түрлерін орындай бастайды. Олар: бейімділік , танымдық, кәсіби – педагогикалық .

Педагогтердің кәсіби іс- әрекетке табысты бейімделуінің үлгісі





Бөліктер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

1.

Мотивациялық

-өзінің болашақ кәсіби іс-әрекетіне деген қызығуы

-өзінің кәсіби шеберлігін дамыта алуы (талпынуы)



-таным және кәсіптік қызығудың болуы

-үздіксіз білім көтерудің

жеке және қоғамдық маңыздылығын игеруі

-кәсіби жете біліктілік

деңгейін көтеруге бағыттылығы


2.

Бейімділік

-бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы

  • микроорта өзгерістеріне сай өз іс-әрекеттерін өзгертуі

-студент мәртебесін мұғалім мәртебесіне ауысуының ерекшелігін

сезіне білуі

-кәсіби іс- әрекетті жүзеге асырудың тиімді әдіс- тәсілдерін білу және пайдалана алуы

-бейімділік іс- әрекетіне тән қиыншылықтарды білу және оларды жеңудің жолдарын қарастыруы



3.

Танымдық

-әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани білуі

- өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс- тәсілдерін пайдалануы



- әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны және жаңа талаптарды біліп, тануы

-жеке адамның базалық мәдениеті, кәсіптік білімі мен оны тәжірибеде қолдана білуі



4.

Кәсіби педагогикалық (іс-әрекеттілік)

-өзінің кәсіби іс- әрекетінің мақсаты мен міндетін анықтай алуы

- педагогикалық кәсіби

қарым-қатынастылық үрдісті жүзеге асыруы


-өз пәнін кәсіби жете білуі

-оқыту мен тәрбиенің психологиялық – педагогикалық негіздерінн білуі

-педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра білуі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет