Қосымшалардың жалғануы


Байырғы түбір етістіктерді грамматикалық мағынасы мен қызметіне қарай бөлу (А.Ысқақов)



бет2/5
Дата26.11.2023
өлшемі250,71 Kb.
#193516
1   2   3   4   5
Байланысты:
8-9-10-лекция

Байырғы түбір етістіктерді грамматикалық мағынасы мен қызметіне қарай бөлу (А.Ысқақов)
Үнемі жетекшілік қызметте жұмсалатын етістіктер
Бірде жетекші,бірде көмекші қызметте болатын етістіктер
Бірыңғай көмекшілік қызметте жүретін етістіктер
Жеткші етістіктің белгілері: лексикалық мағынасының болуы;көмекші етістікпен тіркескенде бірінші орында тұруы; көмекші сөздермен де, көмекші сөздерсіз де қосымшаларды қабылдауы; морфемдік құрамының әртүрлі болып келуі
Етістіктің морфологиялық құрылымы
Жалаң
Күрделі
Аналитикалық
Негізгі түбір, туынды түбір
етістіктер
Құранды етістік: жәрдем ет, қызмет қыл, т.б. Жай күрделі етістік: ала кет, соға кет, т.б. Тұрақты тіркестер: опық жеді, көңілі қалды, т.б.
Айта сал, жаза түс
Аналитикалық етістік
негізгі етістік
оған қосылатын дәнекер форма
көмекші етістік
аналитикалық формант
Көсемше, есімше, рай жұрнақтары
Кейбір аналитикалық форманттардың реңктері
-п бар: амалдың бірте-бірте үдеуін не бәсеңдеуін білдіреді: кетіп барады
-п бер: жетекші етістікке амалды бөгде адам үшін істелетініндей реңк береді: жазып бер, көріп бер
-п кел: жетекші етістікке амалдың бірте- бірте дамуын не бәсеңдеуін білдіретін реңк үстейді: өсіп келеді
-й бер: жетекші етістікке амалдың тоқтаусыз жүзеге асыра беруді нұсқайтындай реңк жамайды:сөйлей бер
-а сал:жетекші етістікке амалдың нәтижесін күтпей-ақ бірден тез немесе немқұрайлы жүзеге асуын білдіреді: жаза сал
-п таста: жетекші етістікке амалды құлшына, жігерлене істеуді білдіретін реңк үстейді: жазып таста
Толымсыз көмекші етістіктер де аналитикалық формант жасауға қатысады: айтып еді, айтса игі еді
Дербес сөз бен аналитикалық форманттың тіркесінен аналитикалық формалы етістік жасалады.
Дербес сөз: оқы
Аналитикалық формант: - ып жатыр
Аналитикалық формалы етістік: оқып жатыр
Күрделі етістік құрылымы мен мағынасы жағынан:
Ең кемі екі сыңардан жасалған дербес сөздің қызметін атқаратын лексикалық тұлға.
Біртұтас лексикалық мағына береді. Күрделі сөздер сияқты мағыналы етістіктерден жасалады.
Барлық дербес сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады.
Күрделі етістіктің сипаттары
Жай күрделі: бара кел, жинап ал
Құранды күрделі: жақсы көр
Тұрақты етістіктер: опық жеді, араны ашылды
Суреттемелі етістіктер: жас екен, айналып шыққан екен
Сараламалы (аналитикалық): айта сал, қарай түс
Күрделі етістіктің құрылымы
Бірінші сыңары:
Негізгі түбірлі етістік
Туынды түбірлі етістік
Біріккен түбірлі етістік
ал, бер
ойлан, сына
апар,
әкел
-ып
-іп
-п
-ып
-іп
-п
-ып
-іп
-п
кел,кет,шық
кел,кет,шық
кел,кет,шық
Күрделі етістіктің құрамындағы сыңарлар бір-бірімен үнемі көсемше арқылы байланысады: -ып,-іп,-п,-а,-е,-й
тірек
Күрделі етістіктің басқа ұқсас тілдік құбылыстардан ерекшелігі
Күрделі етістік
Сөз тіркесі
еріп шықты
шешіп берді
алып шықты
айтып кетті
келіп кетті
айқайлап сөйледі
еңбектеп шықты
күлдіре айтты
сөйлескелі келді
тыйым салу
үрейі ұшу
еңсесін түсірмеу
Тұрақты сөз тіркесі
Аналитикалық формалы етістік
жей салды
өсіп келеді
келе қалды
көре қойды
Амалдың өту сипаты категориясы
Қимыл-әрекеттің шапшаң не баяу,
шұғыл не созылыңқы, тыңғылықты не босаң,
біркелкі немесе үздік-создық т.б. түрлері кезде-
седі. Сондықтан тіліміздегі етістіктер өзінен-өзі
тұрып мұндай мән-мағынаны бере алмайды. Он-
дай әрекет-қозғалысты етістіктің грамматикалық
формалары ғана аңғарта алады. Негізінен бұған
аналитикалық формалар қызмет етеді. Мысалы, айт етістігі айта бастады, айта
жөнелді, айта салды, айта қойды, айта тұр, айта
бер, айта қал дегенде түрлі форманттар жалға-
нып, айту амалының сан түрлі өту сипатын бай-
қатып тұр.
Амалдың өту сипаты категориясы
созылыңқы cипат
аяқталған сипат
Қимыл ағымы процесс түрінде өтетіндігін білдіретін етістік формасы. Көсемше формалы сөздің қалып етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады: оқып отыр, ұйықтап жатыр
Қимылдың, іс-әрекеттің ағымы мен өту шегінің аяқталғанын көрсететін етістіктің бір түрі. Көсемше формасының көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады: жеп қойды, айтып шықты.
Қалып етістіктері (М.Оразов)
Амал-әрекеттің, қимылдың белгілі бір қалпын білдіретін етістіктер:отыр,жатыр, тұр, жүр
Негізгі етістік есебінде қолданы-лады
Көмекші етістік ретінде аналитика-лық формант құрағанда-ғы беретін реңктері де әр түрлі
Тікелей жіктеліп, нақ осы шақ қызметін атқарады
Өздік етіс жасал-майды
Түбір күйінде толымсыз көмекші етістіктермен тіркеседі: тұр еді, отыр еді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет