Мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан бірде етістік, бірде үстеу қызметінде жүретін етістіктің ерекше формасы. Сөйлемде көбінесе динамикалық адвербиал қызметін атқарады, осы қызметі оны етістіктің өзге формаларынан ерекшелейтін грамматикалық сипаты болып табылады.
Көсемшелер жеке-дара сөз ретінде қолданылмайды,
морфологиялық жағынан жалғаулармен түрленбейді. Тек жіктік жалғауын қабылдайды. Шақтық қасиетті ұстайды.
Тек етістік негіздермен және одан пайда болған формалармен ғана тіркесе алады. Күрделі етістік құрамында жетекші сыңар болады.
Көсемше етістік түрлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану аркылы жасалады: 1. а, -е, -й жұрнағы арқылы ауыспалы осы шак, жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жұрнақтары жалғанады: жаз-а, күл-е, сөйле-й, қара-й т. б. 2. -ып, -іп, -п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнақтары жалғанады: жаз-ып, кул-іп, айт-ып, сөйле-п, қара-п т. б. 3. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады. Дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ғалы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, бер-гелі, қара-ғалы, сөйле-гелі, айт-қалы, кет-келі Қазіргі қазақ тілінде көсемше атқаратын қызметіне қарай негізгі және кейіпті болып екіге жіктеледі. Іс-әрекетті білдіретін жай сөйлемдегі негізгі етістіктің әр қилы амалдарын сипаттайтын тел қызметтегі көсемше - негізгі.